Өлең, жыр, ақындар

Графикалық редакторда сурет салу құралдары

Сабақтың тақырыбы : Графикалық редактордың сурет салу құралдары.
Сабақтың мақсаты : Білімділік: Paint графикалық редакторы және құралдар тақтасының атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Бағдарламаны іске қосу жолдарын үйрету Геометриялық фигураларды компьютердің көмегімен салуды үйрету.
Дамытушылық: есептеу техиникасында геометриялық фигураларды, әр түрлі суреттерді салуды үйрете отырып. Олардың бойындағы қабілеттерінің дамып көрінуі не және алған білімдерін жеткізе білуге, іс жүзінде жүзеге асыруға,яғни өз бетінше ойлу, жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға , еңбекті суюге, ұқыптылыққа, дәлдікке, адамгершілікке, өзін- өзі басқаруға және өзіндік танымдық қызмет жасай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.
    (Дайындық кезең)ІІ.Үйге берілген тапсырмасын  тексеру (сұрақ -жауап)
1. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
2. Салған суретімізді қалай сақтаймыз?
3. Тақырып жолы дегеніміз не?
4. Мәзір жолына нелер жатады?

ІІІ.Жаңа сабақ туралы түсінік
  Графикалық редактор графикалық редауторының құралдары туралы қысқаша түсіндіру.

Paint графиктік редакорында негізінен 16 құрал пайдаланылады. Оладың міндеттерін білу үшін маус нұсқағышын құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылаған кішкене төртбұрыш шығады

 


IV. «Балғын бояу шебері» ойыны

а)Компьютерлегі тәжірибелік жұмыс

 

V. Сергіту сәті
Мақал – сөздің мәйегі
1. Вирусты антивирус өлтірер,
Антивирусты уақыт өлтірер.
(Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.)
2. Антивирус компьютер үшін туады, Компьютер үшін өледі.
(Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі.)
3. Компьютер процессорымен мықты.
(Ағаш тамырымен мықты, Адам дос - жарымен мықты.)
4. Жақсы WORD жарым ырыс. (Жақсы сөз жарым ырыс.)
5. Операциялық жүйе – буынсыз, Процессор түпсіз. ( Тіл – буынсыз,Ой – түпсіз.)
6. Информатика пәнін оқысаң ерінбей,
Компьютерді жетік білесің тіленбей.
(Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.)
7. Елді ер сақтайды,
Компьютерді антивирус сақтайды.
(Шеге тағаны сақтайды,
Таға атты сақтайды.)
(Ат ерді сақтайды,
Ер елді сақтайды.)
8. Колонкасыз компьютердің үні шықпас. (Жаяудың шаңы шықпас, Жалғыздың үні шықпас)


VI. « Ой толғаныс»(өзіңді тексер)

VII.Сабақты қорыту:
 1.Ақпарат нешеге бөлінеді?

2.Paint графикалық редактордың неше құралы бар?

 3.Paint графикалық редактордың  қандай элеметтерін білесің?

 

VIII.Бағалау  ( өз бетімен қатысқан оқушыларды бағалау)
Үйге тапсырма беру:
Графикалық редактордың сурет салу құралдары.(оқып келу)

 

А.С.Пушкин атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

(Графикалық редактордың сурет салу құралдары)
(5 класс)

 

 

 

 

 

woman_paint_sunset_md_wht

 

Пән мұғалімі:     Сейтова   А

 

 

 

 

2016ж


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз