Өлеңдер бөлімі

Хабарлы сөйлем

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

№18 орта мектептің  бастауыш сынып мұғалімі  

Отарова Раушан Избасаровна

 

Жалпы мақсаты:

1. Жаңа сабақ бойынша түсінік беріп, хабарлы сөйлем туралы топтастырылған ұғым қалыптастыру.

2. Ауызша және жазбаша тілдерін, сөздік қорын, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Достыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сілтеме: Жеке суреттер, қазақ тілін оқыту әдістемесі.

Күтілетін нәтиже: Хабарлы сөйлем аяқталған ойдың хабары екенін білу.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру Психологиялық дайындық

                  -Қуанамын мен де

                  -Қуанасың сен де

                  -Қуанайық достарым

                  -Арайлап атқан күнге

                   -------------------------------------

                  Қазақ тілі-өз тілім,анатілім

                  Абай,Мұхтар сөйлеген дара тілім

                  Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

                  Қуанышым,бақытым,дара тілім.

                  а) Оқушыларды топқа бөлу

2. Үй тапсырмасын тексеру,бекіту

168-жаттығу

Ребусты шешу «Қысқы ойын» әңгімелерін оқыту

Сұрақтар қою,бекіту

- Мәтін дегн не?

- Мәтіннің неше түрі бар?

- Сөйлем нені білдіреді?

3. Жаңа сабақ

Балалар бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше. Біз бүгін сабағымызда ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Саяхат жасау барысында тапсырмалар мен жаттығуларды орындаймыз.

- Сендердің ертегі тыңдағыларың келе ме?

Ертегіміз «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Ендеше мен ертегімді бастаймын.

Ерте, ерте ертеде жануарлар жыл басы болуға таласыпты. Барлық хайуанаттар өздерінің бойындағы асыл қасиеттерін  айтыпты. Сонда жылқы шығыпты да, былай депті:

Жыл басы болу маған лайық. Мен алысты жақын етемін. Айшылы алыс жерлерге меніменбарады. Менің етім, сүтімді адам керегіне жаратады, -деп өзін мақтай бастайды. Ал одан соң ортаға аяғын асықпай басып сиыр шығыпты да ол былай депті:

- Балалар сендер сиырдың не дегенін білгілерің келе ме?

- Олай болса мына менің қолымдағы қағазда қандай сөз жазылған?

- Дана кімге қойылатын есім?

Адамның есімі белгілі мағына білдіреді. Ақылды, тапқыр, дана болсын деп Дана қояды. Біз бүгінгі сабағамызда Хабарлы сөйлеммен танысамыз.

Қане, хабарлы сөйлем дегеннің мәніне көз жіберейікші. Хабарлы сөйлем аяқталған ойдың хабары дегенді білдіреді.

Балалар, сиыр былай деген екен:

Мө-мө деп мөңіредім

Молшылық төңірегім

Жыл басы боламын деп

Ертерек келіп едім,-депті.

Ал одан соң маң-маң басып ортаға түйе шығыпты

- Ал енді түйенің не дегенін білгілерің келеме?

- Иә

Олай болса оқулығымыздың 63-бетін ашамыз.

Ережені оқып түсінік беру.

Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады.

Балалар, түйе былай деген екен:

Мен түйемін, түйемін

Жануармын киелі

Мен ақылды да сұлумын, бойым да ұзын жыл басын тек мен бастауым керек депті. Енді ортағаырылдап барыс шығады. Ол да өзінің  асыл қасиеттерін айтып жыл басы болуға таласыпты. Оны білу үшін 169-жаттығуды оқимыз.

1-топ мәтінді оқиды, не туралы айтылғанын түсіндіреді

2-топ мәтінде неше сөйлем бар екенін айтады

3-топ сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылғанын айтады

Дәптермен жұмыс

Күннің жадын, тақырыпты жазу

Сонда барыс былай деген:

Мен барыспын,барыспын

Бәрін де жеңемін

Жыл басы болуға

Шіреніп келемін

Содан соң ортаға қоян ұлу,жылан, қой, мешін, тауық шығып өз бойындағы асыл қасиеттерін айтып таласа бастапты енді ортаға ит шығып былай депті:

Балалар сендер иттің не дегенін білгілерің келе ме?

170- жатттығуға  көңіл бөлейік.

Мәтінге ат қою.

                  Бұлбұл

Бұлбұл - кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа жағымды.

Сонда ит былай деген екен:

Жеті қазынанаң бірімін

Адамды қорып жүремін

Жыл басы болуға мен лайықпын депті

Осылайша ортаға доңыз да  шығып таласыпты.

Сергіту сәті

Бір, екі еңкей

Бүгілмесін тізең

Үш, төрт шалқай

Бүгілмесін денең

Осы кезде тышқан бір қулық ойлапты. Оны білу үшін 171-жаттығуға қарайық.

171-жаттығу

Ішіне, сыртына әдісін қолдану.

Ішіне                                    Сыртына

Сәукеле                                жейде

орамал                                 күпі

жаулық                                 құлақшын

қамзол                                 ішік

шәлі                                     шекпен

 

Сонда тышқан мынадай қулық ойлапты.

- Егер таңертеңгі шығып келе жатқан күнді ең бірінші не көрсе сол жыл басы болсын депті

172-жаттығу

1-топ Орамал сөзінесөйлем құрайды.

2-топ Құлақшын сөзіне сөйлем құрайды.

3-топ Қамзол сөзіне сөйлем құрайды.

Сөйтіп хайуанаттар атып келе жатқан күнді күтіпті. Осы кезде тышқан тағы бір қулық ойлайды. Балалар тышқанның не ойлағанын білгілерің келе ме?

Ендеше оны білу үшін 173- жаттығуды оқимыз

Берілген сөйлемдерді оқу, қандай сөйлем екенін дәлелдеу.

Таң бозарып атып келе жатқанда тышқан түйенің басына шығып алып,күнді бірінші боп көріп, жыл басы болыпты. Жылды иышқаннан кейін сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз көрген екен. Ал түйе болса бойына сеніп жылдан құр қалыпты. Жануарлар ақылдылықты, тапқырлықты мойындап би билеп жаңа жылды тойлапты. Осымен ертегі аяқталды.

- Балалар сендерге ертегі ұнадыма?

Сабақты қорыту

- Хабарлы сөйлемнен соң қандай тыныс белгі қойылады.

- Біз нені үйрендік?

Үйге тапсырма 174-жаттығу

Бағалау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз