Өлең, жыр, ақындар

Тілім менің – ғасырлардан аманат

Батыс Қазақстан облысы

Сырым  ауданы  

Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 

Кітапханашысы: Муканова Акгул Ергеновна

 

Ашық сабақ

Сыныбы. 5  «д»

Сабақтың тақырыбы: «Тілім менің – ғасырлардан аманат»

Сабақтың мақсаты: Тіл – атадан балаға мирас болатын баға жетпес асыл мұра. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ұлттың жаны. Жас ұрпақтың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнерін ұғындыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, саз, қанатты сөздер, кітаптар.

Түрі: ойын, сайыс

1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі  өтіп жатқан

«Тілім менің -  ғасырлардан аманат» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші: Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық  тәуелсіздікке ұлттық қадыр – қасиетін, мәдениетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Өз ана тілімізді құрметтей білейік!

Қадыр Мырза Әлінің өлеңі «Тілдің туы» тыңдалады

1 – жүргізуші:

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар, - деп топты жарып, бүгінгі сайысқа келіп тұрған жалынды жастарымызды ортаға шақырайық.

2 – жүргізуші: Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

  1. Топты таныстыру.
  2. Мақал – сөздің мәйегі.
  3. Тіл туралы өлеңді мәнерлеп жатқа оқу.
  4. Жұмбақтар шешу.
  5. Сиқырлы сандар.
  6. Жас ақын.

Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.

1 – жүргізуші: « Тілім менің – ғасырлардан аманат » сайысының әділқазы мүшелерін ортаға шақырайық.

2 – жүргізуші: Сайыстың алғашқы шарты бойынша топ мүшелері өздерін көпшілікке таныстыруы керек.

1 – жүргізуші: Сайыстың екінші шарты бойынша әр топқа мақал – мәтелдердің алғашқы жолдары беріледі. Оқушылар соны әрі қарай жалғастыруы шарт.

2 – жүргізуші: 1 топқа мынадай мақалдар ұсынылады:

  1. Асыл тастан шығады, ... (Өнер жастан шығады)
  2. Ағасы бардың – жағасы бар, ... (Інісі бардың – тынысы бар)
  3. Жақсыдан үйрен, ... (Жаманнан жирен)
  4. Әзіл айтсаң да, ...(Әділ айт)
  5. Оқу инемен, ...(Құдық қазғандай)
  6. Бал тамған тілден …(у да тамар)
  7. Піл көтермегенді, ...(Тіл көтереді)

1 – жүргізуші: ІІ  топқа ұсынылатын мақал – мәтелдер:

1. Жеті жұрттың тілін біл, ... (Жеті түрлі білім біл)

2. Отан ... (оттан да ыстық)

3. Үлкенді сыйласаң қадірлі боласың, ... (Кішіні сыйласаң құрметті боласың)

4. Білгенің бір тоғыз, ...  (Білмегенің тоқсан тоғыз)

5. Қына тасқа бітеді, ... (Білім басқа бітеді)

6. Тіл тас жарады, ... (Тас жармаса, бас жарады)

7. Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін, ... (Тілімнен сүріндірмесін)

2 – жүргізуші: ІІІ топқа да мынадай мақалдар ұсынылады:

1. Оқусыз білім жоқ, ... (Білімсіз күнің жоқ)

2. Біреу тоңып секіреді, ... (Біреу тойып секіреді)

3. Айдағаның - бес ешкі, ... (Ысқырығың жер жарады)

4. Өзге елде сұлтан болғанша, ... (Өз еліңде ұлтан бол!)

5. Батыр туса – ел ырысы, ... (Жаңбыр жауса жер ырысы)

6. Шешеннің тілі ортақ, ... (Шебердің қолы ортақ)

7. Басқа пәле - ... (тілден)

1 – жүргізуші:

      Құлақтан кіріп, бойды алар

      Әсем ән мен тәтті күй.

      Көңілге түрлі ой салар,

      Әнді сүйсең, менше сүй, - деп Абай атамыз айтпақшы, ендігі кезекті әсем әнге берейік. Ән тыңдап, көңілімізді көтеріп отырайық.

2 – жүргізуші: Кезек өлеңге беріледі. Әр топтан бір оқушы шығып жаттап келген өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

1 – жүргізуші: Достар, жұмбақ шешу – ақыл – ойымыздың ұшқырлығын білдіреді екен. Ендеше, келесі бөлім жұмбақтар шешуге арналады.

2 – жүргізуші: І топқа

1. Ызақор бұғып жатыр,

Сақалы шығып жатыр. (Жуа, лук, оnion)

2.Бір – ақ сөз біледі,

Өз аты онысы

Соны айтып жүреді

Және жоқ қонысы (көкек, кукушка, cuckoo)

3.Ағайынды бәрі,

Шықса – көк,

Түссе – сары (жапырақ, лист, leaf)

4.Қозғалмастан бір елі,

Түні бойы жүреді (сағат, часы, о clock)

5.Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Қызыл, сары, жасылды,

Көкте бір зат асылды (кемпірқосақ, радуга, rainbow.)

1 – жүргізуші: ІІ топқа

1.Сумен кірді ашады,

Өзі судан қашады. (Сабын, мыло, soap)

2.Екі басты айдаһар

Бәрін қырып жояды.

Екі аяқпен жер тіреп,

Қағазды жеп қояды. (Қайшы, ножницы, scissors)

3.Қыстай жегіп қос атты,

Көктем шыға босаттым. (Шаңғы, лыжи, skiing)

4.Қарап тұрсаң өзіңе,

Сурет түсер көзіңе.

Сол суретің ұқсайды,

Тура сенің өзіңе. (Айна, зеркало, mirror)

5.Үш көзді батыр,

Жолды аңдып жатыр. (Бағдаршам, светофор, traffic)

2 – жүргізуші: ІІІ топқа

1.Аспанда жүзеді

Қанатын қақпайды

Жерде де жүреді

Бауырлап жатпайды. (Ұшақ, самолет, light airplane )

2.Терезені өрнектеп,

Әдемі өрнек салыпты

Кім екенін табайық,

Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз, мороз, соld)

3.Әр желінің асты толған көк қоян,

Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. (Қияр, огурец, cucumber)

4.Жылт  – жылт етеді, жылғадан өтіп кетеді. (Су, вода, water)

5.Әжем сақтар тапқанын, қоймасы бар шап – шағын. (Сандық, сундук, сhest)

1 – жүргізуші: Келесі кезең «Сиқырлы сандарға» да келіп жеттік.

Өздеріңіз көріп тұрғандай тақтада сұрақтар жасырылған сиқырлы сандар берілген. Әр топтан бір – бір оқушыдан шығып сол сұрақтарға жауап береміз. Толық жауап берсеңіздер ұпай сандарыңызға қосылып отырады.

І қатар:

10.Әдеби тіл неше түрлі формада жасалады?

(2, ауызша, жазбаша)

20.Антоним дегеніміз не?

(Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы болып келетін сөздер)

30.Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы (лексика)

40.Мақалды жалғастыр

Білімдіге дүние жарық,

(Білімсіздің күні қаріп)

ІІ қатар:

10.Антоним сөздерге мысал келтір. (Ақ – қара, биік – аласа, ұзын – қысқа)

20.Сөздің я одан көп мағынаға ие болуы не деп аталады? (Сөздің көп мағыналылығы)

30.Синоним дегеніміз не? (Мағыналары бір – біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы)

40.Жұмбақтың шешуін тап.

Күзетем деп үйді, жұдырығын түйді. (Құлып, ключ, key)

ІІІ қатар:

10.Синоним сөздерге мысал келтір. (Әдемі, сұлу, көрікті, көркем)

20.Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер. (Табу)

30.Көнерген сөздерге мысал келтір. (Уәзір, патша, би, аға, сұлтан)

40.Белгілі ақынның тіл туралы 1 шумақ өлеңін айтып бер

2 – жүргізуші: Ана тілім – ұштасқан арманменен,

                          Тілімменен талай жерде алда келем.

                           Қасиетті тілі бар қазағыма,

                           Мақтанышпен отырмын арнап өлең, - деп жас ақындардың өнерін тамашалайық. (Ана тілге байланысты бір шумақ өлең шығару)

2 – жүргізуші: Достар біз сайыс барысында өнерімізді, білім – біліктерімізді сарапқа салдық.Олай болса сөз кезегі әділқазы мүшелеріне беріледі.

Қазақ тілім  - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

1 – жүргізуші: Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

  • Болашағым, бақытым дара тілім.

2 – жүргізуші: Бүгінгі « Тілім менің – ғасырлардан аманат » атты сайысты тамашалағандарыңызға рахмет!

«Атамекен» әні хормен орындалады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз