Өлеңдер бөлімі

WordPad мәтіндік редакторында құжат құру, сақтау және ашу.

Келісемін:_____________ 

Күні:________________

Сынып 5                                                                                

Пән мұғалімі: Бек Сыдыков

Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторында құжат құру, сақтау, ашу

Сабақтың мақсаты:

БілімділікWORDPAD  мәтіндік  редакторында мәтінмен жұмыс жасауға  дағдыландыру,  құжаттарды құруға, сақтауға, ашуға үйрету, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Компьютерде жұмыс істеу іскерлігін дамыту

Тәрбиелік:Оқушыларды таза, қатесіз жазуға тәрбиелеу және    

ұқыптылыққа, тазалыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, компьютерде практикалық  жұмыс;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, интерактивті тақта,

таратпа қағаздар т.б.

 

 

  1. «Миға шабуыл ойыны».
  2. «Қайталау – білім анасы».
  3. «Білген сайын келеді, біле бергім».                 
  4. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары          
  5. «Үйге беру тапсырмалары».

 

«МИҒА ШАБУЫЛ ОЙЫНЫ».

  • Информатика қандай ғылым?
  • Ақпарат дегеніміз не?
  • Ақпараттың өлшем бірлігі қалай аталады?
  • 1 байтта қаншы бит бар?
  • Компьютердің қандай түрлері бар?
  • Пернетақта дегеніміз не?
  • Компьютердің қандай қосымша құралдары бар?

 

«ҚАЙТАЛАУ - БІЛІМ АНАСЫ» кезеңі бойынша өткен тақырыптарды  анықтау тесті, сәйкестік тесті, информатикалық  диктант  тапсырмалары арқылы қайталау №1 тапсырма  Жабық  тест сұрақтары

 

Тест сұрақтары

Жауаптары

1

Байттардың әлде бір атауы бар тізбегі

Файл

2

Графикалық бинелерді құруға және өзгертуге арналған программа қалай аталады?

Графикалық редактор

3

Нүктелерден тұратын бейнелер қалай аталады?

Растрлық

4

Растрлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор не деп аталады?

Paint г.р.

5

Пиксель дегеніміз не?

Растрлық бейненің ең кішкентай элементі

6

Терезенің өлшемін өзгертетің батырма?

Жаю батырмасы

7

Экранның сағатты көруге болатын аймағы

Есептер тақтасы

8

Компьютердің жұмысын  басқаратын басты  программа қалай аталады?

Операциялық жүйе

9

Компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы қалай аталады?

Модем

10

Графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құралы?

Сканер

11

Ақпаратты шығару құралы қалай аталады?

Принтер

12

Windows  сөзінің мағынасы қандай?

Терезелер

 

 

 

ЖАҢА САБАҚ

Сабақтың тақырыбы:  WordPad мәтіндік редакторында құжат құру, сақтау, ашу.

WORDPAD МӘТІНДІК  РЕДАКТОРЫ

         Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.

         Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарды экранның ортасына келтіруге (центрлеуге), құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.

         Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай- ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.

         Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, "көлемді" пішін беруге, көлеңкелеуге және т. б.) орналастыруға болады.

         Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдар-ламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.

         Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.

         Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге қысып жазып қоюға да болады.

Бұл айтылғандарды жүзеге асыру үшін, Word Pad мәтіндік редакторы қолданылады.

 

WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ

WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындандар.

Пуск => Все программы => Стандартные => WordPad

(Жіберу => Барлық бағдарламалар => Стандартты => WordPad) 

 

 

1 – ТАПСЫРМА. БЕКІТУ ТАРСЫРМАЛАРЫ

 

2 – ТАПСЫРМА.

КОМПЬЮТЕРДЕГІ   ТӘЖІРИБЕЛІК   ЖҰМЫС

Уақытты белгілеп, дәптерге  «Мен мәтіндік редакторды аша аламын» деп жазыңдар. WordPad мәтіндік редакторын іске қосындар және сол мәтінді теріндер

 

Бағалау: Оқушыларға баға қою

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз