Өлең, жыр, ақындар

Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік –рухани құндылықтардың жаңаруы

Зулкашева Айзада Дуйсенбаевна

Биология пәні мұғалімі, сынып жетекші

          Атырау облыстық дарынды балаларға

                                                     арналған ұлттық гимназия

“Әрбір адамда екі түрлі тәрбие болады, біреуі өзгелерден алатын тәрбиесі, екіншісі, маңыздырағы өзіне-өзі беретін тәрбиесі”

 

            Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы ,оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие мәселелері назар аударуды қажет етеді.

            Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан да көруімізге болады.

         Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты- қоғамның нарықтық қарым- қатынасқа көшу кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен  XXI ғасырды дамытушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп айтқан болатын.

Бүгінгі ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, атамекен, ана тіліне сүйіспеншілік, әдеп-иба, қайырымдылық, жауапкершілік, үлкенді сыйлау мен құрметтеу қасиетін дарыту-олардың өз еліне өгей тартып кетпеуінің басты шарты.

Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшеліктерімен бірден дүниеге келмейді, әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру осы заман ағымына лайықты азамат, білімді, ойлы, өмірге құштар болып өсуіне үлесімізді қосуымыз керек.

            Қай  заманда болмасын, жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі, үлгі алатыны тарихи  жеке тұлғалар екені белгілі. Әл-Фараби, Ж.Баласағұн,  М.Қашқари секілді ғұламалар еңбектерінің кемеңгерлік сөздерінің оқушылардың  тұлғасын қалыптастыруда мәні ерекше.

      Ұлттық тәлім-тәрбиеге көп көңіл бөлген педагог  М.Жұмабаевтың артына қалдырған тәлім-тәрбиелік мұраларының негізгі тақырыптарның бірі де – бала тәрбиесі мен тұлға мәселесі.Осыған орай, педагог “түзу адам”, “жетілген адам” туралы айта келіп, бұл оның пішін-келбетінен, жүріс-тұрысынан, нақты ісінен байқалады , бұл айтылғандар тұлғаның қандай мінезді екенін білуге мүмкіндік береді. Адам тұлға, кісі  болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей, жалпы адамзатты сүюі шарт. Таза жүректі, халқын сүйген, ел мұқтажын ойлайтын, әділет пен адалдықты жақтаған адам ғана тұлға бола алады. Тұлға-сан қырлы, мазмұны да,табиғаты да күрделі, құпиясы мол әлеуметтік ұғым. Адам өсу дамып жетілу үдерісінде біртіндеп тұлға, кісі деген атқа ие болады деп тұжырымдаған.

Қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы бар әлеуметтік сұраныс негізі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруды  қажет етеді. Оның бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру- педагогтардың, Үкіметтің және барша халықтың міндеті.

            Бала бойындағы қабілет нышандарын дамытып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындауда, білім беру мен тәрбиелеуде жеке тұлғаны дамыту қатар жүргізілгенде ғана өз дәрежесінде жүзеге асады. Осыған байланысты білімінің мазмұнын, оқыту әдістері мен тәрбиені ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.

Осыларды айта келіп, осы бағытта өткізген кейбір тәрбиелік шараларды ұсынамын:

І. «Сен қандайсың?»

Өз аттарын жоғарыдан төмен қарай жазып, өсіміне кіретін әріптерден басталатын, өз бойында бар қасиеттерді жазу. Мысалы:

М – мейірімді                          

Ұ - ұқыпты                              

Р – рақымшыл                         

А - ақылды                               

Т– талапты

ІІ. Мақал – мәтел жазу.

Жазған мақал – мәтелдердің өмірлік мақсаттарыңды білдіреді.

ІІІ  «Білім шыңы» 

Білім шыңына жету үшін адамда қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсың?

ІҮ. «Өмірдегі ең басты мәселе не?» Проблемалық сұрақтарға жауап беру.

-Әрқашан да адал болу керек пе, әлде жағдайға сәйкес өтірікті пайдалануға болама?

-Бақытты болуды тек материалдық байлыққа жету деп түсінесіз бе?

  - Болашақ мамандық таңдауда шешеуші рөл атқарушы – дәрежесі жоғары институтта оқу ма, жоғары еңбекақы алу ма, шетелге жиі іс – сапарға шығу ма, әлде өз қабілетіңізді толық ашу ма?

Ү. «Мен кіммін?» бейтаныс адамға хат жазу.

-Бейтаныс адамға хат жазыңыз. Өзіңізді таныстырып, кім екеніңізді әңгімелеңіз. Өзіңізді, өміріңізді, өмірде неге қызығатыныңзды, неге құштар екеніңізді суреттеп жазыңыз. Өзіңіздің тұратын немесе оқитын жеріңізді және сіздің өміріңізде маңызды рөл атқаратын адамдар жайлы жазуыңызға да болады.

ҮІ. Кейіпкерге өз бағаңды бер                                                           

                                     Сөздік қоры мол

Қиыншылықтан                                    Қожа                  Әділетті,әзілқой

қорықпайды

Есте сақтау қабілеті жоғары

ҮІІ. Құрметті оқушылар!

Сіздерге парталас көршілеріңіздің бойында кездесетін қасиеттерді анықтау

сауалнамасы ұсынылады. Сауалнама ережесі бойынша сұрақты мұқият оқып, көршіңіздің бойындағы өзіңізге ұнайтын қабілетін «+» белгісімен, ұнамайтын қасиеттерін «-» белгісімен белгілеңіз. Іске сәт!

Сауалнама сұрақтары

1. Тәртіпті.

2. Үлгерімі әртүрлі.

3. Жинақы.

4. Тәртібі “түсініксіз”.

5. Ұқыпты.

6. Ситуацияға байланысты көпшілікпен немесе мұғаліммен  келіспей қалады.

7. Үнемі жақсы оқиды.

8. Сабақ үстінде қолайсыз сұрақтар қояды.

9. Сабақтан себепсіз қалмайды.

10. Жаңа бастаманы қолдайды.

11. Ортамен тез тіл табысады.

12. Өзіне ұнайтын істі құлшына орындайды.

13. Қабылдауы өте тез.

14. Әзілқой, ашуланшақ.

15. Өз ойын анық жеткізе алады.

16. Өте әділетті.

Егер сауалнаманың жұп сандары, яғни «+» көп болса, онда сіз жасырын  түрде кездесетін  сыныптасыңның бір қырын аша алдыңыз.

                                                                                                          

        Тәрбие саласындағы басты мақсатымыз-рухани-адамгершілігі терең ұрпақ тәрбиелеу болса, оған апарар жол баланың өзін-өзі тануына, қабілетін ашуына баулу. Өзін-өзі тану арқылы өзгені, тануға жол ашып, өмірдегі өз орнын табуға көмектеседі деп ойлаймын.

       Оқушы бойында өзіндік «менін» қалыптастыра отырып, даму қажеттілігінің тиімділігін арттыру-бүгінгі өмір сұранысы екені даусыз.

     Бұл орайда жан-жақты дамыған, ақыл-ойы қалыптасқан шәкірт тәрбиелеуде атқарылатын жұмыстар әліде сынып жетекшінің жан-жақты шығармашылығын, талмай ізденісін талап етеді.

  “Ойшылдық адамды адам етеді, ойсыздық адамды надан етеді”деген сөз тегін айтылмаған. Ойлауды өмірден үйреніп, өмірді тану арқылы елім, ұлтым десе жан аямайтын, тәрбиелі білімді, намысты ұрпақ болар еді.

 Оқушы, тәрбиеленуші - ана тілін еркін меңгерген, өз ұлтының салт-дәстүрін, халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерін түсінетін, жеке дара психикалық процестері, жағымды мінез-құлық пен қарапайым еңбек дағдылары қалыптасқан тұлға деп тану үшін тәрбиеленушілер бойында төмендегідей қасиеттер болуы керек деп есептеймін.

          1.Ар, ождан тазалығын сақтау, ақыл-ойлы, парасатты болу.

            2. Қазақ тағылымының басты шарты- көрегенді атану, не нәрсеге де  көз жеткізу,өзгелерді  иландыру, ақиқаттан, әділдіктен айнымау. 

            3.Аз сөйлеп, көп тыңдау, иманды, инабатты, қайырымды болу.

            4.“Сегіз қырлы, бір сырлы”болу, рухына кір келтірмеу, үлкендерді тыңдау, құрметтеу, сыйлау, асып-таспау, достыққа берік болу, татулықты дәріптеу, ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы

2. Республикалық педагогикалық-әдістемелік журналдар «Тәрбие сағаты» №1,2,3,4,5

3. Сенсорлық тәрбие // Отбасы және балабақша. - 1998. - №7-8.

4.Жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық әдіс-тәсілдер Астана, 2005.

5.Әлеуметтік тұлғаның қалыптасуының теориялық мәселелері Астана, 2005.

6.Абай тағылымы – жеке тұлғаны қалыптастыру негізі  Алматы, 2005

7.Халық педагогикасындағы жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері Астана. - 2005. - №3.

8.Тұлға мәселесі этнопедагогиканың зерттеу Алматы, 2006

9.Тәрбиеші-педагогтардың жеке тұлғасын және оның кәсіби мәдениеті 2 том. - Алматы, 2006.

10.Ғұлама – ойшылдар пікіріндегі жеке тұлға тәрбиесі // Білім. – 2006. - №5.

11.Балалар үйіндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновациялық әдіс-тәсілдер //Бастауыш мектеп. - 2006. - №10.

12. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тілін дамытудағы ойынның маңызы //Бастауыш мектеп. - 2007. - №1

13. Балалар үйінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. – Астана, 2007. 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар