Өлең, жыр, ақындар

Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар

Балқаш ауданы

Бақанас ауылы

«Бақанас орта мектебі» МКМ

Физика пәні мұғалімі: Төлеубаева Роза Мұхаметқалиевна

 

Пәні: Физика

Сабақ тақырыбы: Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тербелмелі қозғалыс жайлы жан-жақты түсінік беру, қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар туралы білім қалыптастыру, өзіндік жұмыстар арқылы толықтыру.

Дамытушылық: Физика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, ойлау, есеп шығару қабілеттерін дамыта отырып, ғылыми дүниетанымын кеңейту, ізденіс жолымен мақсатқа жетуге баулу.

Тәрбиелік: Өзара ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау

Стратегиялар: 
1. Эссе әдісі

2. INSERT кестесі

3. Проблемалық баяндау әдісі

4. Көрнекілік әдісі

5. Тәжірибелік әдіс

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар:  интерактивті тақта, серіппелі және математикалық маятник, видео, слайд, тапсырма, карточкалар, штатив, сағат.

Пәнаралық байланыс: математика, тарих, музыка.


САБАҚ БАРЫСЫ


І. Ұйымдастыру кезеңі

Түгендеу, сабақты бастауға дайындау, оқушыларды щеңбер бойымен тұрғызып, үш топқа бөлу, сергіту сәті.


Слайд бойынша үй тапсырмасын тексеру
1. Энергия түрлері.

2. Энергия мен жұмыс арасында байланыс қандай?

3. Энергияның сақталу және айналу заңы қалай тұжырымдалады?

4. Формуласы, мысалдар келтіріңіз

Сәйкестігін тап

Формулалар сөйлейді

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Видеороликті көрсете отырып оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын табу.

Тақырып бойынша видеоролик көрсету.

Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме - дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады. Тербелістің негізгі физикалық мағынасы- қозғалыстағы белгілі уақыт аралығын да қайталанып отыруы. Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығы тербеліс периоды деп аталады. Тербеліс периодын Т- әрпімен белгілейді. Өлшем бірлігі (с)- мен өлшенеді. Дене бір нүктеден шығып сол нүктеге қайта оралуын 1 цикл деп атаймыз.

Бірлік уақыт ішінде жасалатын тербелістер саны тербеліс жиілігі деп аталады. Жиілікті гректің V (НЮ) әрпімен белгілейміз.

Жиілік бірлігін неміс ғалымы Генрих Герцтың құрметіне герц (гц) деп атаған. Басқа өлшем бірліктері бар: килогрец (кГц), мегагерц (мГц).
v=n/t=1/T
T= t/n=1/v
Тербелістер амплитудасы деп дененің тепе- теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады. А- әрпімен белгіленеді.

Енді үдеумен жылдамдық тербелісте қандай роль атқаратынын айтайық. Бұл шамалар нүктеден- нүктеге дейін өзгереді. Мысалы: жылдамдық –тепе-теңдік күйінен ең үлкен ауытқу нүктесінде 0-ге тең. Сонда тербеліс күйінде жылдамдық пен период міндетті түрде өзгеріп отырады.


ІІІ. Эксперименттік тапсырмалар беру

Математикалық маятниктің моделі арқылы әр топ келесі тапсырмаларды орындайды.

І-топ. Периоды неге тең?

ІІ-топ. Амплитудасы неге тең?

ІІІ-топ. Жиілігін ауызша есепте?

ІV. Постер қорғау.

3 топқа мәтін таратылады. І-топқа бесік, ІІ-топқа алтыбақан, ІІІ-топқа домбыра.

Осы мәтін бойынша топ мүшелері суретін салып қорғайды.

Есептер шығару

21-жаттығу есептерін шығарту

 

Сабақты бекіту

Физикалық диктант

1. Дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын _______айтады

2. Герц _________өлшем бірлігі.

3. Толық бір тербеліске кеткен уақыт

______________ деп аталады.

4.    _____________формуласы.

5. Ығысуды ______ әрпімен белгілейді

 

Қорытынды

Сонымен балалар, дүниеде тербеліссіз өмір жоқ сияқты. Ағаштың, ішектің, жапырақтың тербелуі көзге көрінетін қарапайым тербеліс болса, электр тогының, ауаның, жүректің, атомдардың тербелуі көзге көрінбейтін күрделі тербелістер. Сондықтан олардың бәріне ортақ заңдар бар. Өздерің көргендей, біздер ірі тербелістер туралы әңгімеледік. Бірақ техникада көп кездесетін аса кауіпті ұсақ тербелістер болады. Мысалы, дірілдеген судың бетінен қандай қауіп төнеді дейміз, ал осы көптеген құбылыстың жауы. Ұсақ тербелістердің жиілігі сан алуан. Оның пайда болуына көптеген себептер бар.

Бағалау

Үйге тапсырма

24-25 тақырып. 21-жаттығу. №4 есеп.

Тапсырма:

Адам өмірінде де тербелістің маңызы бар екенін көрсетіп, секундомерді пайдаланып, өз пульстеріңді әуелі қалыпты  жағдайда, содан кейін жаттығу жасап барып өлшеңдер. Алынған мәндерді салыстырыңдар.  Жүрек қағыстарыңның қалай екенін байқаңдар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз