Эссе және өлең-жыр байқауы

Бұршақты көйлек

Алматы облысы

Балқаш ауданы

"Бөбек" балабақшасының тәрбиешісі

Қожабекова Қарлығаш Қыдырбекқызы

 

Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Шығармашылық

Тақырыбы: Бұршақты көйлек

Мақсаты: Кеңістік ұғымдары туралы түсініктерін нақтылау; балардың көркемдік талғамын қалыптастыру. Балалардың қызығушылығын арттыра отырып, тілін дамыту. Шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: киім үлгілері туралы әңгіме өткізу.

Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, Тоғжан есімді қуыршақ.

Сөздік жұмыс: киім

Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық

Шаттық шеңбері,

Біз қандаймыз,қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ән саламыз күнде біз.

Шаттық толы іргеміз,

Біз мәңгілік достармыз.

Біз мәңгіге біргеміз.

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік

- Балалар, бүгін бізге қонаққа Тоғжан қонаққа келді. Бірақ Тоғжанның көңіл-күйі жоқ екен. Себебі: көк көйлегіндегі бұршақтары түсіп қалыпты.

- Сендер тоғжанға көйлегінің бұршақтарын жапсыруға көмектесесіңдер ме?

- Тоғжанның көйлегінің түсі қандай?

Сөздік жұмыс:киім

- Бұршақтардың пішіні қандай?

- Бұршағының түсі қандай?

- Балалар,Тоғжанның көңілін көтеру үшін көйлегіне бұршақты жапсыруды бастайық.

Дөңгелек бұрыштарды Тоғжанның көк көйлегінің жеңдеріне,кеудесіне,етектеріне жапсырамыз.Тоғжан қуанып қалды.

Билингвальді компонент:

көйлек-платье

бұршақ-горошек

Сергіту сәті.

Тәрбиеші балалармен өзіндік жұмыс жүргізеді.Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп қоямын,қорытамын.

- Иә, көмектесеміз.

 

Қайталайды:киім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды:көйлек-платье,бұршақ-горошек

 

 

Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен біріге отырып қайталап айтады,қозғалыстар жасайды.

Рефлекстік-түзету

- Балалар, біз бүгін не істедік?

- Бұршақтың түсі қандай?

- Балалар Тоғжанның сендерге алғысы шексіз. Сендерге үлкен рахмет.

Тоғжан балалармен қоштасады.

- Тоғжанның көңілін көтеруге көмектестік.

- Көйлегіне бұршақ жапсырдық.

- Көк, ақ.

- Балалар Тоғжанмен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Кеңістікті бағдарлай отырып, бұршақтарды өз орнына жапсыру;

Нені игереді: Досына қиын кезде қол ұшын беруді.

Нені білді: Ретін сақтай отырып, ұқыпты жапсыра білуді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз