Қазыбек би Келдібекұлы

Шымкент қаласы № 54 жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: А.Айдосова

Пәні:  Қазақ әдебиеті Сыныбы:  9-«Ә»

 

Сабақ  жоспары

Сабақтың  тақырыбы: Қазыбек би Келдібекұлы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазыбек бидің өмірін, еңбектерін, әңгімелерінің тәрбиелік ұғымын топтық жұмыс арқылы ұғындыру. Сабақ  барысында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретіп, білім дағдыларын қалыптастыру.

Табыс критерийі: Қазыбек бидің  өмір жолын, еңбектерін  білу, тану. Қазыбек бидің  әңгімелерінің  тәрбиелік  мазмұнын, мағынасын  талдай білу. Қазыбек бидің  нақыл сөздерін  қолдана білу.

Оқыту нәтижелері: Оқушылар сабақта Қазыбек бидің төрелігін, әділдігін көріп, тәрбиелік мәнін ұғады. Топтасып жұмыс жасағанда бір-бірі әділ болады, мазмұнды сөйлеуге талпынады.

Көрнекіліктер: суреттер,слайд,плакат,стикерлер,маркер, АКТ.

Дерек көздер: «Қазақ әдебиеті» оқулық, интернет желісі, «Қазақ әдебиеті» хрестоматия.

 

Уақыты

  Мұғалімнің  іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қажетті  ресустар

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Ұйымдастыру  кезеңі:

Оқушылар  сөздер қиындысын құрастыру арқылы топқа бөлінеді.Әр  оқушы тақырыптарына сай  топтасады.Тақырыптарының  мағынасын топтасып  ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Оқушылар  парақшаларды алып, топтасады.Оқушылар бір-бірімен диалог құрады.

 

 

 

 

 

 

Стикерлер

 

Плакат,

 

15 мин

Кері байланыс

 

Үй тапсырмасын  сұрау:

Әр топқа  Төле би  туралы аңыз –әңгімелерден   үзінді беріледі.Әр  топ ролдік ойын арқылы көрсетеді.

 

 

«Төле бидің төрелігі» туралы әңгімелерін  ролге бөліп, ойнап көрсетеді.Әр оқушы өзінің  шығармашылық қабілетін ,талантын аша біледі.

 

 

 

Парақшаларға жазылған аңыз-әңгімелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15мин

Жаңа сабақ:

Оқушыларға  Қазыбек би  туралы мәлімет топтауды тапсырдым.

«әділдік»  тобына ұялы сымтектегі интернет желісінен,

«шешендік»  тобына  ноутбуктан,«алғырлық»  тобына кітапхана қорынан, «тапқырлық»тобы оқулықтан   жазуды тапсырдым.Әр топ алған мәліметтер бойынша  ойларын айтады,қорытады.

 

 

 Әр топ  Қазыбек бидің  өмірі, әңгімелерінің тәрбиелік мәні,қызметтері,төрелігі туралы ақпарат көздерінен іздейді.Оқушылар топтасып, бір-бірінен  білмегенін  біледі.

 

 

Ұялы телефон,ноутбук, кітаптар қоры

8 мин

«Ой қозғау»

 Қазыбек би туралы алған мәліметтер бойынша  Венн диаграмасын  өткен сабақ Төле би  мен  салыстыру,ұқсастығын табу

 

 Оқушылар  Қазыбек би мен Төле биді  салыстырады.Ұқсастығын табады. Бірі-бірімен диалог құрады.  Тақырып бойынша сұрақ қояды,жауап береді, дәлелдейді.

 

 

Венн  диаграмасы сызылған плакат,

Интербелсенді тақта

4 мин

 Оқушылар сабақ  барысында белгіленген  критерилер бойынша өзін-өзі  бағалайтынын айтамын.

Сабақты  «Бес жұлдыз,бір үміт»  тәсілімен  қорытынды жасаймын.

 

 

Оқушылар  белгіленген  критерилер бойынша өзін-өзі  бағалайды.

 Оқушы қызығып  белсенділігі артады.Әр топтың көшбасшына қол шапалақтап, мақтап отырады.

 

 

 

1мин

 

Үйге  тапсырма:Қазыбек би туралы аңыз әңгімелерін оқып келу

 

 

Оқушылар Қазыбек  би туралы аңыз әңгімелерді ізденіп,оқиды

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)