Жылу мөлшері. Отынның меншікті жану жылуы

Ақтөбе қаласы
№ 59 жалпы білім беретін орта мектебінің
Физика пәні мұғалімі: Қуатбаева Орынгүл Айнашқызы

Деңгейлік тапсырмалар

 

Жылу мөлшері. Отынның меншікті жану жылуы

1 нұсқа

А-тобы

1. Массасы 3 кг шойын қазанды 200С -тан 2700С -қа дейінгі қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? Шойының меншікті жылу сыйымдылығы 540 Дж/кг* 0С

2. Көлемі 5м3 құрғақ қайың толық жанғанда қанша жылу бөлініп шығады? q=13*10 Дж/кг  p=0.7*103 кг/м3

3. Массасы 50 кг шыны ыдыстың ішіндегі массасы 200 г спиртті 180С-тан 480 С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет.

ш=840 Дж/кг*0С,Сс=2500 Дж/кг*С)

Б-тобы

4. ПӘК-і 40% пеште 0,5 кг ағаш көмірін жағып көлемі 100 л суды қанша градусқа дейін жылытуға болады?

c= 4200  Дж/кг*0С, q= 34*106 Дж/кг , ρ=1000 кг/м3

5. Спирт шамымен массасы 400 г суды 160С тан 710С-қа дейін қыздырды. Ол үшін 10 г спирт жанған болса, қондырғының ПӘК-і қандай? c= 4200 Дж/кг*0С,  q= 27*106 Дж/кг

6. Массасы 120 г күміс кесегі 660С-тан 160С-қа дейін суығанда қоршаған орта 1,2  кДж жылу береді. Күмістің меншікті жылу сыйымдылығы қандай?

С-тобы

7. Температурасы 420С, массасы 6 кг суға температурасы 720С, массасы 4 кг су құйды. Оған тағы да, температурасы 180С, массасы 20 кг су құйылса, қоспаның температурасы қандай болған?

 

Жылу мөлшері. Отынның меншікті жану жылуы.

ІІ нұсқа

А-тобы

1. Массасы 4 кг кірпішті температурасы 630C-қа дейін қыздыруға жұмсалған жылу мөлшері, массасы осындай суды  температурасы 13,20C-қа дейін жылытуға қажетті жылу мөлшеріне тең болса, кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы қандай болар еді? Ссу= 4200 Дж/кг*0С

2. Массасы 100 г бензин толық жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерінде жылу алу үшін, қанша тас көмір жағу керек?

q=4,6 * 107 Дж/кг,   q =3 * 107 Дж/кг

3. Қоспа 500 г су мен 100 г спирттен тұрады. Осы қоспаны 200С-тан 600С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет?

Ссу=4200 Дж/кг*0С,    Сспирт=2500 Дж/кг*0С

4. Массасы 120 г жез калориметр ішінде 160С-тағы массасы 200 г су бар. Осы суға массасы 150 г металл құймадан жасалған температурасы 1000С дене салынды. Осыдан кейін калориметрдегі температура 220С болды. Құйманың меншікті жылу сыйымдылығын есептеп шығар.

Сжез=380Дж/кг*0С,  С=4200 Дж/кг*0С

Б-тобы

5. Шамға 40 г спирт құйылған. Егер оның ПӘК-і 80%-ке тең болса, спирт толық жанғанда, осы спирт шамымен қанша суды 200С-тан қайнағанға дейін қыздыруға болады? Ссу=4200 Дж/кг*0С,

 q=27*106 Дж/кг

6. Температурасы 200С болатын 400 л су температурасы 700С, 100 л сумен араластырылған. Қоспаның температурасы қандай?

С-тобы

7. Жылу сыйымдылығы 63 Дж/кг*0С калориметрге температурасы 150С болатын 200 г су құйылып, оған 1000С температурадағы мыс дене салынды. Сол кезде калориметрдегі температура 17,5 0С болды. Сонан соң калориметрдегі суды төгіп массасы сондай сұйықпен алмастырады. Оның бастапқы температурасы 16,50С, соңғы температура 190С болса, белгісіз сұйықтың меншікті жылу сыйымдылығын тап.   ( Сcу=4200 Дж/кг*0С)

 

Заттың үш күйі

І нұсқа

А-тобы

1. Массасы 5 кг мырыш қатаю температурасына дейін суып, қатая келе тағы 200С-қа дейін суыған. Мырыш өзін қоршаған ортаға қандай жылу мөлшерін береді ? t0=4200C – мырыштың балқу температурасы. λ=105 Дж/кг – мырыштың меншікті балқу жылуы, С=380 Дж/кг* 0C

2. Температурасы 200С, массасы 0,02 кг суды қайнатып, толығымен  буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? t=1000C, L=23*105 Дж/кг,  С=4200 Дж/кг *0C

3. Трактордың  қозғалтқышы (двигателі) 110 кВт қуат өндіреді де, сағатына орта есеппен 28 кг дизельдік отын жұмсайды. Трактор қозғалтқыштарының ПӘК-ін тап. q= 42.*106 Дж/кг

4. Температурасы 200С болатын 1,5 кг кг су құйылған ыдыс ішінде 1000С-тағы  200 г су буы жіберілген. Бу суға айналғаннан кейін жалпы температура қандай болады? с=4200 Дж/кг*0С, L=2,3*106 Дж/кг*0С

Б-тобы

5. ПӘК-і 25% пеште массасы 1 кг керосинді толық жағып, 00С  температурадағы массасы қандай мұзды толығымен буландыруға болады? с=4200 Дж/кг*0С, L =3,4*105 Дж/кг*0С,

λ =2,3*106 Дж/кг*0С, q=4,6*107 Дж/кг

6. Су құбырынан 70С-та келетін 4,4 т суды 1000С-қа дейін қыздырып барлық судың 10%-ін 1000С-та буға айналдыру үшін ПӘК-і 60% қазанды пеште массасы қандай мұнай жағу керек. q=4.4 *107 Дж/кг, с= 4200 Дж/кг*0С, L=2,3*106 Дж/кг

С-тобы

7. ПӘК-і 60% пеште массасы 1500 кг шойынды – 100 С-тан балқу температурасына дейін жеткізу үшін жағылатын тас көмірдің массасы қандай болу керек?

t=11500C,  λ =10*104 Дж/кг, Сш = 540 Дж/кг*0С,  q=3,0* 107 Дж/кг

 

ІІ нұсқа

А-тобы

1. Қайнау температурасында алынған 1 кг спиртті буландыру үшін қанша жылу  мөлшері  қажет? L=9 *105 Дж/кг

2. Температурасы 320С, массасы 100 г қалайыны массасы 30 г темір ыдысқа салып, толық балқыту үшін қанша жылу қажет болады?

t=2320C, λ =0,6*105 Дж/кг, Ст=460 Дж/кг0С, Сc=230 Дж/кг0С

3. ПӘК-і 11%, өндіретін қуаты 8000 Вт мотоцикл қозғалтқышы бір сағатта қанша литр бензин жұмсайды? q=46* 106 Дж/кг, ρ=710 кг/м3

4. 1000С температурадағы массасы 8 кг су буы конденсацияланғанда бөлініп шығатын жылу мөлшері  түгелімен 00С-тағы мұзды ерітуге жұмсалса, массасы қанша мұзды ерітуге болады?

L=2,3 * 106 Дж/кг, λ =3,3*105 Дж/кг

Б-тобы

5. Ішінде 1 л суы және 50 г мұзы бар ыдыс қыздырылады. Су мен мұздың бастапқы   температурасы 00С. Егер қыздырғыштың қуаты 500 Вт, ал оның жылу бергіштігі 0,6 болса, су қанша уақытта қайнайды? Ыдыстың және қыздырғыштың жылу сыйымдылығы ескерілмесін

с= 4200 Дж/кг0С, λ=3,3*106 Дж/кг,   t20 =1000С

6. Массасы 2 кг, ал температурасы – 100С мұздан температурасы 1000С бу алу үшін қанша жылу мөлшері қажет?

См= 2100 Дж/кг*0С, t0 =0С, λ=3,4*105 Дж/кг, С= 4200 Дж/кг*0С,

L=2,3* 106 Дж/кг

С-тобы

7. Ыдыстың ішінде 00С-ғы 200 г су мен 130 г мұздың қоспасы бар. Егер ыдысқа температурасы 1000С-дағы 25 г бу жіберілсе, қоспаның ақырғы температурасы қандай болады? С= 4200 Дж/кг*0С, λ=3,3*106 Дж/кг, L=2,3 * 106 Дж/кг

 

Электр өрісі

I нұсқа

А-тобы

1.Сыйымдылығы 500 мкф конденсаторды кернеуі 20В ток көзіне қосқанда  алатын заряд мөлшері неге тең?

2. Бейтарап су тамшысы екі бөлікке бөлінген. Бірінші тамшының заряды +2q, екінші тамшының заряды қандай?

3. Екі нүктелік зарядтың арақашықтығын 2 есе кеміткенде кулондық әсерлесу күші қлай өзгереді?

4. Электр өтімділігі Е=1,5 ортадағы электр өрісінің кернеулігі Е=2*103В/м нүктедегі электр өрісінің энергиясының тығыздығын тап.

Б-тобы.

5. Сыйымдылығы 50 мкф конденсатор 10 с ішінде 400В кернеуге дейін зарядталады. Зарядталу тогының орташа мәнін табыңыз.

6. Бірдей кішкентай екі заряд q1=+5Кл, q2=-3Кл бір-бірінен R қашықтықта орналасқан.Егер осы екі зарядты бір-біріне түйістіріп,R/2 қашықтыққа әкеліп қойсақ, олардың кулондық әсер ету күші қалай өзгереді?

С-тобы.

7. Горизонталь орналасқан екі пластина арасындағы кернеу 500В. Пластиналардың арасында, тепе-теңдікте зарядталған массасы 2*10-6 г тамшы  тұр. Плстиналар аралығы 10см. Тамшының зарядын анықта.

ІІ-нұсқа

А-тобы

1. Заряды q1=2кКл тамшысы заряды q2=-3кКл су  тамшысымен бірікті. Пайда болған тамшының заряды қандай?

2. Сыйымдылығы 400мкФ конденсаторды кернеу 100В ток көзінен зарядтаса конденсатор астарларындағы энергияны анықта.

3. Конденсатордың кернеуін 2 есе ұлғайтса энергиясы қалай өзгереді?

Б-тобы

4. Электр өтімділігі Е=2 ортада екі заряд бір-бірінен 10Н күшпен әсер етеді.Зарядтардың арақашықтығын тап.

5. Сыйымдылығы 0,01мкф жазық конденсаторды ток көзіне қосқанда алған заряды10-8Кл.Конденсатор пластинкалардың  аралығы 4мм болса,электр өрісінің кернеулігі неге тең?

6. Радиустары 3R ж/е R, оңашаланған екі өткізгіш шарлардың электр сыйымдылықтарының өзара қатынасы қалай?

С-тобы

Сыйымдылығы 0,1 мФ конденсатор  1кВ кернеуде импульсты дәнекерлеуге қолданылады.Егер разрядтың ұзақтығы 10 -6 с болса , онда орташа қуаты неге тең ? ПӘК-і 50 %

 

Тұрақты ток

І нұсқа

А-тобы

1. Ток көзін электр тізбегіне қосқанда 10 Кл заряд өткенде 0,02 Дж жұмыс істелетін болса, тізбектегі кернеу қандай?

2. Ұзындығы 56,25 м және көлденең қимасының ауданы 1,5 мм2 никель сымынан тұратын пеш 120 В кернеуге қосылған. Пештің шиыршығы (спираль) арқылы өтетін тоқ күшін тап. p=0,45  Ом*мм2

3. Тізбектей қосылған үш шамның кедергілері бірдей. Бұл үш шамның кедергісі 36 Ом болса, әр шамның кедергісі неге тең?

4. Кернеуі 220 В ток көзіне кедергісі 400 Ом шам және кедергіс 40 Ом электр пеші тізбектеліп қосылған.Шам мен пештің ұштарындағы  кернеуді анықта .Электр тізбегінің  сызбасын салып көрсет                                                     

Б-тобы

5. Ұзындығы 2 км және кедергісі 8,5 Ом мыс сымының массасы қандай?  pм= 1,7*10-8 Ом*м    ρ=8,9*103 кг/м3

6. Біреуі мыстан, ал екінші алюминийден жасалған екі өткізгіштің ұзындықтары және кедергілері бірдей. Мыс сымы алюминий сымына қарағанда неше есе ауыр?

p=0,017* 10-6 Ом *м, pa=0,017* 10-6 Ом* м, ρм= 8,9 *103 кг/м3, ρа= 2,7 *10-3 кг/м3 

С-тобы

7. Параллель  қосқанда жалпы кедергісі 1 Ом болу үшін кедергісі 64 Ом өткізгішті қанша тең бөлікке бөлуге болады?

2- нұсқа.

А-тобы

1. Ток күші 3,5А болғанда 12В кернеуге есептелген машинаның электр шамының 20 секундта  жұмсайтын электр энергиясын  анықта.

2. Электр шамының кернеуі 127В және ток күші 0,5А  болса,оның  қуаты  неге  тең.

3. Кедергісі 250 Ом шамның қыл сымы арқылы 0,2А  ток өтеді.Осы  шам  1 мин  жанып  тұрса, қанша  жылу  шығарар  еді.

4. Кернеуі  120В ток  күші 2,5А  болатын  желіге  қосылған, денекерлегіштің  массасы 0,5 кг. 5 мин  тоқ  көзіне  қосулы  тұрған  денекерлегіш  қанша градусқа қызады. С=380 Дж /кг *ОС.

Б-тобы

5. Қуаты  600Вт электр  пешінде  2л  суды  15о С-тан  100о С-қа  дейін  қыздыру  үшін  40 мин  қажет  болса, қондырғының  ПӘК-і  қандай.

6. Тізбектей жалғанған өткізгіштердің біреуінің кедергісі басқасының кедергісінен  п-есе үлкен.Егер осы өткізгіштерді параллель қоссақ , тізбектегі ток күші неше есе өзгереді?

С-тобы

7. Температурасы 900С болатын , 600см3 су құйылған, орамасының кедергісі 16 Ом электр шәйнегін электр желісінен ажыратуды ұмытып кетсе, (электр желісінің  кернеуі 220 В , ал ПӘК-і 60%) шәйнектегі су қанша уақыттан кейін толығымен буланып кетеді?

 

Токтың жұмысы мен қуаты

I  нұсқа

А-тобы

1. ¼ минут ішінде тізбек арқылы 15 Кл электр заряды өтетін болса, тоқ күші қандай?

2. Ұзындығы 1 м және көлденең қимасының ауданы 0,2мм2 болат сым арқылы 0,4 А ток өтетін болса, сымның ұштарындағы кернеу қандай?

3. Кедергісі 240 Ом –ға тең ,120 В-қа есептелген электр шамын 220 В кернеуі бар желіден қоректендіру керек.Көлденең қимасы 0,55 мм2 болатын қандай ұзындықтағы нихром өткізгішті шаммен тізбектеп қосу керек ?

4. Кабель әрқайсысының қимасы 0,6 ммекі болат тарамнан және қимасы 0,85  мм 2-лік  төрт мыс тарамнан тұрады.Ток күші 0,1 А болғанда кабельдің әр километріндегі кернеудің түсуі қандай?

 

Тоқтың жұмысы мен қуаты

ІI нұсқа

А-тобы

1. Ток күші 3,5 А болғанда 12 В кернеуге есептелген машинаның электр шамының 20 секундты жұмсайтын электр энергиясын анықта.

2. Электр шамының кернеуі 127 В және ток күші 0,5 А болса, оның қуаты неге тең?

3. Кедергісі 250 Ом шамның қыл сымы арқылы 0,2 А ток өтеді. Осы шам 1 мин жанып тұрса, қанша жылу шығарар еді?

4. Кернеуі 120 В ток күші 2,5 А болатын желіге қосылған, дәнекерлегіштің массасы 0,5 кг  5 мин ток көзіне қосулы тұрған дәнекерлегіш қанша градусқа қызады?

В-тобы

5. Қуаты 600 Вт электр пешінде 2 л суы 150С-тан 1000С-қа дейін қыздыру үшін 40 мин қажет болса, қондырғының ПӘК-і қандай?

6. ПӘК-і 80% болған жағдайда 10 мин ішінде 2 л суды 20 0 С –ден қайнағанға дейін қыздыруға болатындай,220 В кернеуге есептелген қыздырғыш жасау үшін қимасы  0,84 мм2 никелин сымының ұзындығын  қандай етіп алуға болады ?

С-тобы

7. Температурасы 90С болатын, 600 см3 су құйылған, орамасының кедергісі 16 Ом электр шәйнегін электр желісімен ажыратуды ұмытып кетсе, (электр желісінің кернеуі 220 В, ал ПӘК-і 66%) шәйнектегі су қанша уақыттан кейін толығымен буланып кетеді?

 

Жарық құбылыстары

І нұсқа

А-тобы

1. Линзаның оптикалық күші 4 дптр. Линзаның фокус аралығы неге тең?

2. Жинағыш линза арқылы жарқырайтын нүктенің кескіні алынған. Егер f=4м, d=1 м болса, линзаның фокус аралығы қандай болады?

3. Жарық шоғының айнаға түсу бұрышы 240 болғанда, сыну көрсеткіші және таралу жылдамдығын анықта.

4. α=3Ғ, α=2Ғ,  Ғ < α < 2Ғ, α < Ғ жағдайлар үшін жинағыщ линзадағы нәрсенің кескінін салыңдар. Қандай кескіндер алынады және линзаға қатысты олар қалай орналасады?

В-тобы

5. Май шам экраннан 1 м қашықтықта орналастырылған. Экранда май шамның анық кескінін алу үшін, фокус аралығы 9 см линзаның май шамнан орналастыру қашықтығы.

6. Егер түсу бұрышы 750 болса, жарық сәулесі ауадан суға өткенде өзінің   алғашқы бағытынан қандай Ө бұрышқа ауытқиды.

С-тобы

7. Егер адам тоған түбіне вертикаль бойымен төмен үңіле қарайтын болса, тоғанның шын тереңдігі оның көзге көрінерлік тереңдігінен неше есе    артық болатынын анықта.             

ІІ нұсқа

А-тобы

1. Фокус аралығы 25 см шашыратқыш линзаның оптикалық күшінің абсолют мәні неге тең болады?

2. Линзаның фокус аралығы 20 см. Денеден линзаға дейінгі қашықтық 40 см. Кескін қайда болады?

3. Жарық сәулесі бірінші ортадан екінші ортаға өткенде, түсу бұрышы 600, ал сыну бұрышы 300 болса, бірінші ортаға қатысты екінші ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші неге тең?

4. Нәрсе кескінін 5 есе ұлғайту үшін лабораториялық линзадан

(Ғ=13 см) нәрсе мен экранның ара қашықтығы.

В-тобы

5. Оптикалық жүйеде  көздің фокус аралығы 15 см, бақылаушыдан нәрсе 30 м. Егер  нәрсенің биіктігі 2 м болса, бақылаушының  көз торындағы  өлшемі.

6. Кішкене тоғанның бір жағасында жоғары жағынан фонарь ілінген баған, ал екінші жағасында адам тұр. Фонарьдан түскен жарық сәулесі, су бетіне шағылып, сол адамның көзіне түседі. Көзге келіп түсетін сәуленің тоғанның бетінен шағылған нүктенің орнын салу арқылы табыңдар. Егер бағанның биіктігі Н, адам бойының биіктігі һ, ал баған мен адамның ара қашықтығы 1  болса, сол нүкте мен бағанның ара қашықтығы қандай болады?

С-тобы

Жазық айнаны айна жазықтығында жатқан осьпен айналдыра α=170 бұрышқа бұрған еді. Егер түскен сәуленің бағыты өзгермеген болса, онда шағылған сәуле қандай р бұрышқа бұрылған?


Пікірлер (3)

Айгүл

Жауаптары қайда

Жауабын қайда

Жауабын жазу керек қой хм

Айрина Арыстанбекова

жауаптарымен бересіз бе

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)