Өлең, жыр, ақындар

Фильмді көрсету (Киностудия WindowsLive )

Сабақтың тақырыбы: Фильмді көрсету (Киностудия WindowsLive)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мультимедия, мультимедиялық технологиялар туралы білімдерін нығайту, Киностудия Windows  Live программасымен жұмыс жасау дағдыларын тексеру;

Дамытушылық: оқушылардың шығармашылығын дамыту, қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыру, ізденімпаздыққа баулу;

Тәрбиелік: тақырыпты практикада қолдану арқылы пәнге деген танымдық қызығушылығын, жұмыс жасауда ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, белсенді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімді жүйелеу сабағы

Сабақтың түрі: аралас

Оқыту формасы: киностудия сабағы, практикалық жұмыс

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, Киностудия Windows Live программасы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару

Білімдерін тексеру

«Фильм, фильм, фильм» ролигін көрсету.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар бүгін сабағымызда біз не туралы айтатын боламыз? /Кино жайлы/
  • Фильмді түсіру үшін не қажет? /Сценарий жазу, актерларды таңдау, фильмді түсіру, оны монтаждау/
  • Бұл жерде кино қатысты қандай мамандықтар көрсетілді? /Режиссер, оператор, монтаж, суретші, актер/
  • Қазіргі уақытта кино қалай өңделіп шығарылады? / Компьютер көмегімен/
  • Бүгін балалар мен сіздерді киностудияға шақырамын. Біздің сыныбымызды бүгін түсірілім алаңы деп елестетіңдер.

 «Кино жайлы не білеміз?»

  • Сендер барлықтарың кино көргенді ұнатасыңдар. Сендер фильмді түсіретін сиқырлы құрылғыны кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Олай болса тапсырманы орындау арқылы өнертапқыштың атын біле аласыңдар.

Алдарыңда екі баған түрінде кесте берілген. Сіндер осы екі баған арасындағы байланысты табуларың  керек – сол жақ баған номеріне оң жақ бағандағы әріпті сәйкестендіру қажет.

2

Билл Гейтс

Л

Қазақ хандығы

5

 Герон

М

Тәуелсіздікке 25 жыл

1

Керей мен Жәнібек

Ю

Microsoft

3

Қазақстан

Р

 c2 = a2 + b2

6

Пифагор

Е

 

4

Никлаус Вирт

Ь

 Паскаль программалау тілі

 

1

2

3

4

5

6

Л

Ю

М

Ь

Е

Р

Кинематография Отаны Франция болып табылады. Мұнда өнертапшықтар Луи және Огюст Люмьер алғаш рет түсірілімге арналған аппаратын жұрт назарына ұсынды.

Жаңа тақырып

«ІТ ұрпақтың таңдауы – кітап оқу» тақырыбындағы видеоны тамашалау.

- Бұл роликте қолданылған ақпарат түрлерін дәптерге жазыңдар.

- Бұндай роликтерді қандай программа көмегімен жасауға болады?

- Бұл программада жоба құрудың кезеңдерін дәптерге түсіріңдер.

Практикалық жұмыс

Жұмыс үстелінде папкадағы файлдарды пайдаланып, «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» тақырыбында видео құру.

Кинофильмдер алғашында қарапайым көріністерден тұрды: жауап бара жатқан ат, әткеншектегі балалар. Алғашқы сюжеттік фильмді кім шығарды? Оны информатика кабинетіндені қауіпсіздік ережелеріне байланысты сұраққа жауап беру арқылы білетін боласыңдар.

Информатика кабинетінде 9 сынып оқушыларының компьютермен жұмыс режимінің ұзақтығы қанша?

– Қанша уақыт отыратынын айтсаңдар әлемдегі ең бірінші сюжеттік фильмді жасаған режиссердің есімін білетін боласыңдар. (20-25 минут)

10 Телсинг Хиллари

20 Томас Эдисон

30 Джон Локк

– Ол кім? (Томас Эдисон)

Көз жаттығуы (электронды оқулық)

Ал ендеше көзіміздің шаршағанын басатын көз жаттығуын жасайық.

Жұмысты тексеру:

Алаңымыз бос, түсірілім аяқталды. Енді кинопленканы көрейік.

Жоспар бойынша роликті тамашалау және талқылау.

  1. Тақырыптың маңыздылығы
  2. Бұл видеоны қай жерде қолдана аласың?

Сабақты қорытындылау

Кино түсіре отырып біз не білдік?

Алдымызға қойған мақсатымызға жете алдық па?

Жаңадан не білдіңдер?

Бұл фильмді біз күнделікті өмірде қолдана аламыз ба?

Үй тапсырмасы:

«22 наурыз мейрамы» тақырыбында материалдар жинақтап келу. (сурет, видео, музыка, нақыл сөздер)  

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз