Өлең, жыр, ақындар

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Балқаш қаласы
М.П.Русаков атындағы 2 мектеп-интернатының
Физика пәні мұғалімі: Жахметова Маржан

Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Сабақтың мақсаты:  

Білімділік: Оқушыларға электр тізбегіндегі кернеу мен кедергінің және ток күштерінің тәуелділігін анықтау;

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды формуланы есте сақтауына және пәнге деген қызығушылын арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ–жауап, түсіндіру, СТО элементі.

Сабақтың көрнекілігі: кодаскоп, слайдтар, деңгейлік.

Құрал-жабдықтар: амперметр, вольтметр, ток көзі В-24, кілт, резисторлар,шам, қосқыш сымдар, Омның суреті.

    

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

«Досыңды кімге теңейсіз» тренингі

Мұғаліммен амандасады. Дөңгелек шеңбер құрып тренингкеқатысады. Оқушылар бір-біріне деген көзқарастарын білдіреді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Миға шабуыл:

- Электр тізбегін сипаттайтын шамаларды атаңдар? (ток күші, кернеу, кедергі)
- Енді осы шамаларға қысқаша тоқталайық (шаманың белгіленуі, сипаттамасы, өлшем бірлігі)
- «Электр өрісі» ұғымын енгізген ғалым (Фарадей)
- Электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген итальян ғалымы (Гальвани)
- «Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым (Ампер)
- Электрон зарядының мәнін анықтаған американ ғалымы (Милликен)
- Атомның ортасында не бар?(ядро)
-Денелердің электрленуін анықтайтын құрал (электроскоп)

III. Жаңа сабақ

Оқушыларды жаңа сабақтың мақсат–міндеттерімен таныстыру.

Мұғалім:

- Мына суреттегі  құралдарды атаңдар? 1және 2 нөміріндегі құралдарды  ата, неге олай ойлайсың?(кілт, ток көзі, резистор, амперметр, вольтметр, қосқыш сымдар. 1нөмір вольтметр, себебі ол тізбекке параллель жалғанады, ал 2 нөмір амперметр – ол тізбектей жалғанып тізбектегі ток күшін анықтайды)

- Өткізгіштегі кедергі өзгермесе, онда ток күші кернеуге қалай тәуелді болады?

R – const. I ~Uтура пророрционал

- Осы эксперимент арқылы қандай график алуға болады?

Бұл графикті: Вольт- Амперлік сипаттама деп атайды

 

  I, А

 

 

 

 

U, Вт

 

 

 

 

 

  • Енді біз ток күшінің кедергіге қалай тәуелді екенін қарастырайық. Реостат арқылы тізбектегі ток күшінің өзгеруін бақылайық. (Кернеуі тұрақты кезде.)

Оқушы:Ток күші артқан сайын кедергі азаяды.

Мұғалім: Бұл график ток күші кедергіге кері пропорционал деп оқылады.

(Мұғалім тақтаға жазады.  Егер  U = const, I ~ ).

Мұғалім: Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы  неміс ғалымы Георг Ом ашты

Мұғалім: Осы екі қорытындыдан формула құрастырайық:

Мұғалім: Бұл формуланы Тізбек бөлігі үшін Ом заңы деп атайды

Ом заңының тұжырымдамасы; “ Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пророционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады”.

(Оқушыларға бірнеше рет қайталап айттыру керек).

Георг Ом суреті тақтаға ілінеді.

Мұғалім: Ом заңын қолданып есеп шығарған кезде белгісіз шаманы қалай анықтаймыз.

(Мұғалім тақтаға үшбұрыштың суреті салынған формуланы іледі).

U=I*R

R=U/I 

Кедергі бірлігі: R= 1В/1А= 1 Ом

Кедергіні өлшейтін құрал: резистор( кедергі) , реостат

ІV. Бекіту 

  • Есеп шығару

( Мұғалім тақтаға кодоскоп арқылы мына графикті көрсетеді).

Суретте А және В  өткізгіштеріндегі ток күшінің кернеуге тәуелілік графигі берілген. График бойынша қай өткізгіштің кедергісі үлкен?

Оқушы: В өткізгіштің кедергісі көп.

Мұғалім: Неге олай ойлайсың?

Оқушы: Ом заңы бойынша ток күші кедергіге кері пропорционал. Кернеуі екі өткізгіште 6В, ал ток күші В өткізгіште 1А,   А өткізгіште 3А ге тең.

Мұғалім: Осы айтылғанды есеп шығару арқылы дәлелдейік. Тақтаға 2оқушы шығады.

Мұғалім: Қазір біз бүгін сабақтың қорытындысын шығарайық. Ток күші,  кернеу, кедергінің арасында қандай байланыс бар?

Оқушы: Ом заңы бойыша ток күші кернеуге тура, ал кедергіге кері пропорционал болады.

Мұғалім: Формула бойынша қалай оқылады?

Оқушы:  I =  .  Ом заңы

Оқушыларға физикалық диктант беру.

Білемін

Білдім

Білгім келеді


Рефлексия.

- Тоқ күші деп нені атайды?
- Тоқ күшін қандай құралмен өлшейді?
- Кернеу дегеніміз не?
- Кернеудің формуласы
- Кернеудің өлшем бірлігі қандай?
- Кернеуді немен өлшейміз?
- Вольтметр, амперметр тізбекке қалай қосылады?

Үйге тапсырма: § 44,  21 - жаттығу  (1,2).

VІ. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз