Өлең, жыр, ақындар

Гүлдене бер Қазақстан

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
Құрық ауылы
МКҚК "Құлыншақ" балабақшасының тәрбиешісі: Утелгенова Бибигуль Мергенбаевна

 

Күні:         Тобы:  № 12  «Ақжелекен»

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:  Сурет салу.

Тақырыбы: Гүлдене бер Қазақстан

Мақсаты: Балалардың кең байтақ Қазақстан туралы мәліметтерін кеңейту. Елордамыз  Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыру. Бәйтеректің суретін салуды үйрету. Туған жерін, отанын сүюге, патриоттыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу. Балалардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын құралдар: Түрлі-түсті қалам. Астана қаласының әсем жерлері. Слайд шоу.

Сөздік жұмыс: Отан, туған ел.

Әрекет  кезеңдері

Жетекшінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотив-қ

қозғ-қ

Жетекші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң бақшамыз

Балалар шеңберге тұрып, жетекшімен бірге қайталайды.

 

 

 

 

 

Іздену-к

ұйымд-қ

- Балалар бүгінгі  оқу іс-әрекетіміз басқа оқу іс –әрекеттеріне қарағанда ерекше. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Гүлдене бер Қазақстан» деп аталады.

- Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдарма?

Мен сендерге сұрақ қоямын сендер жауабын айтыңдар.

- Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

- Елордамыз қай қала?

Дұрыс айтасыңдар балалар біз бүгін осы Астана қаласына саяхатқа барамыз.

- Астана қаласына қандай көлікпен барғанды ұнатасыңдар?

Олай болса балалар көзімізді жұмып, екі қолымызды жайып, өзімізді ұшақта отырғандай сезінейік.

Әуен қойылады.

Астана арман қала

Бағы бір жанған қала

Тұрады ол жап-жас болып

Мен үлкен болғанда да.

Ал балалар көздерімізді ашамыз міне арман қала  Астанаға да келіп жеттік. Ендеше Астана қаласының көрікті жерлерімен танысайық.

Ақ орда -Елбасшымыз шетелден келген қонақтарды қабылдап, мәжілістер мен ресми жиындар өткізетін орын.

Бәйтерек -Қазақстан мемлекетінің символы. Дүние  жүзінде теңдесі жоқ,бірегей сәулетті ғимарат. Мұнда келушілер шыны шарда орналасқан жарық әрі кең көру залына понарамалық лифт арқылы көтеріледі. Биіктігі 97м.

 Мынау Бейбітшілік және келісім сарайы.

«Нұр-Астана» мешіті.Қазақстан мен Татарстан Елбасылары қол жеткізген келісімге сәйкес бой көтерген Алланың үйі.

Думан ойын - сауық орталығы. Яғни бұл сендер сияқты Астана қаласының тұрғындары мен кішкентай бүлдіршіндеріне арналған орталық. Бұл орталықтың ішінде әртүрлі карусельдер бар. Ең қызығы бұл  орталықта әртүрлі балықтары, акуласы бар океанарумға кірсең ертегі әлемінде жүргендей боласың.

- Балалар сендер Астана туралы тақпақ білесіңдерме?

Осы кезде жетекшінің қалта телефонына хабарлама келеді. Жетекші ашып оқиды.

Балалар қараңдаршы бізге Әділжанның әжесі хабарлама жіберіпті:

 «Амансыңдарма? Астанаға жеттіңіздерме? Менің Әділжаным қалай? Баламды сағындым, ауылға қайтпайсыздарма?

Ендеше балалар туған жерге ораламызба?

Туған жерге оралу.

- Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

- Міне біз туған жерімізге де,өз балабақшамызға  оралдық.

- Туған жеріміз қалай аталады?

- Балабақшамыз қалай аталады?

- Туған жеріміздің көрікті жерлерін айтып беріңдерші?

Жетекші саяхаттан алған әсерлерін сұрайды.

 

Балалар олай болса саяхаттан  алған әсерлерімізді соның ішінде ең қатты ұнаған «Бәйтерек» мұнарасын бейнелеп көрейік.

 (Балалардың сурет салуына басшылық жасалады,жеке көмек көрсетіледі). Алдымен  Бәйтеректің суретін салуда тіктөртбұрыш саламыз, оның орта бөлігі жіңішке,төменгі және жоғарғы бөліктері жуандап кетеді. Енді оның жоғарғы бөлігіне дөңгелек яғни шар тәрәзді жұмыртқа саламыз. Көрік беру үшін үлгідегідей етіп дөңгелек жаққа қарай күннің шуағындай етіп ұзынша сызықтар жүргіземіз «Бәйтеректің» түсін өздерің таңдауға болады өйткені ол түнде алуан түрлі болып өзгереді.  Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз

Өсіп-өніп толамыз

Күнге қарай талпынып

Көкке қолды созамыз

Қанат қағып ұшамыз

Орнымызды табамыз

Есік қағылып ішке хат тасушы кіреді.

 Елбасы күнін орай көрме өткізіліп жатқанын айтып,соған жақсы бейнеленген  сурет керектігін айтады.Жетекші дәл қазір осы тақырып жайында сабақ болғанын айтып,жақасы салған балаларды мадақтап суреттерін көрмеге жібереді.Хат тасушы    қоштасып шығып кетеді.

«Туған жерді гүлдендірейік» дидактикалық ойыны

Иә

 

Қазақстан

Астана қаласы.

 

Ұшақпен

 

 

Балалар көздерін жұмады.

 

 

 

 

 

Балалар көздерін ашады.

 

Балалар қызығушылықпен

Астана қаласының көрікті жерлерін тамашалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әділжан:

Жаса жаңа Астанам

Өркен жая бастаған

Асқақтай бер Астанам

Берекеге  бастаған.

Қасым:

Бәйтерек Астананың төрі

Өресі биіктіктің өмірдегі

Аялы алақаны Елбасының

Секілді өшпейтұғын ел сенімі.

 

 

Ия

 

 

Құрық

Құлыншақ

Мәдениет үйі,Теңіз жағалауы т. с. с.

 

Өз пікірлерін әңгімелейді.

 

Балалар әуен ырғағымен  тақатадағы суретке қарап отырып,өздері сурет салады.

 

 

Балалар жетекшімен бірге  сергіту жаттығуын қимылмен көрсетіп бойларын сергітеді.

Рефлекс-ті

коррек-шы

Жетекші әртүрлі сұрақтар қоя отырып,  тақырыпты қорытындылайды.

 

Күтілетін  нәтиже:

Біледі: Туған жердің кең байтақ екені.өз елінің әсем жерелері туралы біледі.

Игереді: Көз алдына елестету арқылы сурет салу дағдылары. игереді.

Меңгереді: Өз ойларын суретте жеткізе білуі, жұмысты орындаудағ тиянақтылығы мен ептілігі қалыптасады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз