Білгенге маржан (тапқырлар сайысы)

Муханбеталина Гульмира Кайроллиновна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» КММ
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
М.Ғабдуллин ауылы

 

Сайыстың мақсаты:

білімділік: оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, сараптау.

дамытушылық: берілген тапсырманы шапшаң орындай білу дағдысын қалыптастыру.

тәрбиелік: ұйымшылдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сайыстың барысы:

Жүргізуші: –Сәлеметсіздер ме, құрметті сайыскерлер және қонақтар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын, білімге қызығушылығын арттыратын «Білгенге маржан» атты тапқырлар сайысымызға қош келіпсіздер! Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды. Әр уақытта да батыл- дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!

Олай болса,тапқырлар сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырайық!

1-топ: «Қыран» тобы

2-топ: «Тұлпар» тобы

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әділ-қазылар алқасымен және сайыстың кезеңдерімен таныстырып шығу.

Сайыстың бөлімдері: 
1. Таныстыру 
2. «Жедел жауап» 
3. «Сөзмәйегі – мақал» 
4. «Полиглот» 
5. «Ойлан тап» 
6. «Қызықтыұйқастар» 
7. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» 

 

Жүргізуші: Ал енді, жарысушы топтар, осы жарыстың бірінші бөлімінен бастайық, яғни таныстыру. Әр топ ортаға шығып, өз топтарын таныстырады. Осы екі қатысушы топқа сәттілік тілеп, сайысымызды бастаймыз.

 

1-бөлім. Таныстыру.


2- бөлім. «Жедел жауап».

Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. 

І топ 
1. ҚР астанасы қай қала? (Астана) 
2. Қазақ тілінде жалғаудың неше тұрі бар? (4) 
3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42) 
4. Бір тәулікте неше сағат бар? (24) 
5. Қазақстанның ел басшысы кім? (Н.Ә. Назарбаев) 
6. Жеңіс күні? (9-мамыр) 
7. Тышқаннан қорқатын аң? (піл
8. Абай Құнанбаев кім? (ақын) 
9. Қазақстан туының түсі қандай? (көгілдір) 
10. Қыстың бірінші айы? (қаңтар) 
 

ІІ топ 
1. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9) 
2. Қазақстан тарихында неше астана болған? (4) 
3. Көктемнің бірінші айы? (наурыз) 
4. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров) 
5. Бір жылда неше күн бар? (365) 
6. ҚР мемлекеттік тілі? (қазақ тілі) 
7. Бала оқытатын адам? (мұғалім) 
8. ҚР рәміздері? (ту, елтаңба, ән ұран) 
9. Қазақстанның бірінші астанасы? (Орынбор) 
10. Абайдың шын аты? (Ибраһим) 

3- бөлім. «Сөз мәйегі – мақал» 
І топ 
1.Ең тәтті де тіл, ... (еңащы да тіл.) 
2. Отансызадам - ... (ормансызбұлбұл.) 
3. Тіл – қылыштан ... (да өткір.) 
4. Өнералды – ... (қызылтіл.) 
5. Отан ... (оттан да ыстық.) 
6. Оқусызбілімжоқ, ... (Білімсізкүніңжоқ.) 

ІІ топ 
1.Жүз сомыңболғанша, ... (жүздосыңболсын.) 
2. Ер жігіт ел үшінтуады, ... (ел үшінөледі.) 
3. Білімтаппаймақтанба, ... (өнертаппайбаптанба.) 
4. Мектеп-кеме, ... (білім-теңіз.) 
5. Жақсыжолдас – жанғасерік, ... (жаманжолдас-малғасерік.) 
6. Шебердіңқолыортақ, ... (шешенніңтіліортақ.) 
 

4- бөлім. «Полиглот». Ең бай адам-көптілді меңгерген адам. Көп тіл білген адамды ғылым тілінде «полиглот» дейді. Келесі сайысымыз жұмбақтарды қазақ, орыс, ағылшын тілінде шешу. 

І топ 
1. Темір тілді, күміс үнді. (Қоңырау, колольчик, king) 
2. Қыста келген, көктемде еріген. (Қар, снег, snow ) 
3. Үй үстінде асыл тас, алайын десе табылмас. (Жұлдыз,  звезда, star) 
4. Түк білмей барасың, тәлімін аласың. (Мектеп, школа, school ) 
5. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса атта ма. (Кітап, книга,book) 

ІІ топ 
1. Сырты тәтті, іші тәтті, ортасы сүйек қатты. (Алма, яблоко, аpple) 
2. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы, лыжи, skiing ) 
3. Тұмсығымен қозғалар, артында аппақ із қалар. (Бор, мел,a piece of chalk ) 
4. Жесең ащы, көзіңнен шығар жасы. (Пияз, лук, bow ) 
5. Аспанға ұшар бу болып, жерге қайтар су болып. (Бұлт, облако, cloud ) 

 

5- бөлім. «Ойлан тап» 

 Бұл сайыста берілген әріптермен сөз құрайды. 

1-топ

я,м,р,г,о,и,л,о,ф,о (морфология)

2-топ

а,ф,и,к,о,е,н,т (фонетика)


6- бөлім. «Қызықты ұйқастар» 
Бұл сайыста екі топтың әр оқушысы жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады. 


І топ 
1. Жизнь –өмір, уголь –көмір. 
2. Таможня – кеден, пол еден. 
3. Рыба – балық, народ халық. 
4. Зуб – тіс, дело іс. 
5. Лето –жаз, гусь қаз. 

ІІ топ 
1. Город – қала, ребенок бала. 
2. Игра – ойын, шея – мойын. 
3. Число – сан, кровь қан. 
4. Человек – адам, шаг қадам. 
5. Дверь – есік, колыбель бесік. 

7- бөлім. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» 

Топ басшылары шығып,сандықшадан тапсырмалар алады. Берілген тапсырмадағы сұрақтарға жауап береді.

1 топқа

  1. Сиырдың пірі не? (Зеңгі баба)
  2. Омоним дегеніміз не? (Біркелкі дыбысталып, мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын білдіреді)
  3. Фонетика саласы нені зерттейді? (Тіл дыбыстарын)
  4. Қазақ тілінде неше жалғау бар? (көптік, септік, тәуелдік, жіктік)
  5. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңініңавторы кім? (Абай  Құнанбаев)

2 топқа

  1. Жылқының пірі не? (Қамбар ата) 
  2. Антоним деген не? (Мағыналары қарама-қарсы сөздер)
  3. Буынның неше түрі бар? (ашық, тұйық, бітеу)
  4. Етістіктің неше шағы бар? (Осы шақ, келер  шақ, өткен  шақ)
  5. «Кел, балалар оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай  Алтынсарин)

Жүргізуші:

Білімнің мініп алып тұлпарына, 
Қиналмай шықты білім шыңдарына. 
Бүгінгі сайысымыз аяқталды, 
Сөз кезегі әділ қазы алқасына. 
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз береміз. 

Жүргізуші:

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.

Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)