Отбасы - тәрбие бастауы

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы
«Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп» КММ-нің  
Бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебекова Гулнара Бегдиловна

Тақырыбы: Отбасы - тәрбие бастауы  
Мақсаты: Алдымызда отырған оқушының ата-анасымен жақын танысу. Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу.

Күтілетін нәтиже: Ата-аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау,бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысу.

Түйінді идея: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер» деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік.     

Сабақта қолданылатын материалдар:  маркер, стикер, ақ парақ, видеожазба, интерактивтік тақта

Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру,салыстыру, талдау, өзара пікірлесу, тест сұрақтарына жауап беру.

                                       Коучинг сессиясының өту жоспары

Коучинг сессиясының өтілу кезеңдері

      Уақыты

Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Жайлы атмосфера орнату.      

  3 мин

Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Шаршы белгілер қол алып амандасады, үшбұрыш дауыс арқылы, шеңбер мимика арқылы, ирек бас изеу арқылы бір бірімізбен амандасып алайық.                         

Топқа бөлу

  2 мин

Сыныптағы парталар 4 топқа арнап бөлінген. Әр столда бір фигуралық белгі бар (шаршы, шеңбер,, үшбұрыш, ирек ), қағаз, қалам. Әр ата-ана сыныпқа кірерде өзіне фигура таңдап, сол фигура тұрған столға отырады. 

Жиналыстың мақсатымен таныстыру

  2 мин

   Бүгінгі балаларымыз туралы әңгімемізді мынандай бір әңгімеден бастағым келеді:
Ертеде жұрттың барлығына танымал бір данышпан тұрыпты. Бір адам оның барлығын біле бермейтінін дәлелдегісі келіп алдына келеді. Ол алақанына бір көбелекті салып данышпаннан сұрайды: «Айтшы, менің алақанымдағы көбелек тірі ме әлде өлі ме?» . Ал өзі ішінен ойлайды: «Егер де тірі десе мен оны қысып өлтіріп тастаймын. Ал егер өлі десе -ұшырып жіберемін.» Данышпан ойланып тұрып : «Бәрі де өз қолыңда» деп жауап беріпті.
Біздің балаларымыз мектепте өз үйіндей сезінуге жағдай жасау біздің қолымызда. Ол үшін мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болып бірігіп жұмыс жүргізу қажет. Бүгінгі жиналымыздың мақсаты да сол - бір-бірімізбен жақын танысу. 

 «Миға шабуыл»

  5 мин

Құдайдан адамдар бала бер деп жалбарынып сұрайды. Адамға неге бала керек? (ата-аналар өз пікірлерін айтады)

Теориялық материал

  10 мин

Презентация: Отбасы-тәрбие бастауы 

Баяндамамен таныстыру

Суретшілер

 5 мин

Алдарындағы ақ қағаздарға ортақ бір сурет салу,тақырыпты өздері таңдайды.

 «Ойлан-Жұптас-Бөліс» стратегиясы бойынша жұмыс.

 

 8 мин

І топ.   Педагогикалық ойын.
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен) сіз не айтасыз?Қалай қолдайсыз?
(Балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жету).
(Тамаша! Тіпті ертегідей ғой! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанышым менің! Мен де осындай нәтиже күтіп едім!Қандай қуанышты!т.б)

ІІ топ.
1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).
3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды).
ІІІ топ.
1. Баланы қолдап отырса...(ол өз бағасы үшін оқиды).
2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).
ІҮ топ.
1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).
2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).

Сергіту сәті

  2 мин

«Шексіз махаббат»

Топтық жұмыс

10 мин

1-топ. Мен балама қандай тәрбие беремін?

2-топ. Өз баламызды тәрбиелеуде ата-анамыздың тәрбиесін қалай қолданамыз?

3-топ. Бақытты отбасының бәйтерегі. Ата-аналар өз отбасыларының ерекше қасиеттерін жазып,ағашқа бекітеді. 

4-топ. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

   Постер қағаздары арқылы осы үш тақырыпты әр топ өздері ақылдаса отырып қорғайды.

«Пайымдау сұрақтары» әдісі.

  2 мин

Сабақ соңында қатысушыларды ойтолғаныс жасауға итермелеу сұрақтарын қою. Жиналыста не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңіздер, не үйрендіңіздер? т.с.с.  Бір сұраққа бірнеше қатысушы жауап беруі мүмкін.

Ұсыныс  Бейнеролик    (Асыл арна)

  2 мин

Топтағы әр қатысушының пікірімен санасып, жеке тұлға деп қарайық. Бала тәрбиесі   бейнеролик

Рефлексия 

  2 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)