Өлең, жыр, ақындар

Ғажайыпстанға саяхат

Мақсаты: Балаларға шығарманы тыңдай отырып, елестету арқылы сурет сала білуге үйрету. Жаңа, дәстүрден тыс технологияны қолдана білу.
Эстетикалық, шығармашылық қабілеттерін, саусақ бұлшық еттерін дамыту. Үй жануарларына деген сүйіспеншілікке және ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Түрлі - түсті картон, желім, тұз.

Пайдаланатын құралдар: Слайд, көрме.

 

1. Балалар кіріп ортаға шеңбер құрайды.

2. Шаттық шеңберін айтады. (Осы кезде жерден қар тауып алу)

Тәрбиеші: Балалар мынау не?

Балалар: Бұл - қар.

Тәрбиеші: Оның түсі қандай?

Балалар: Қардың түсі ақ.

Тәрбиеші: Балалар қар қай жыл мезгілінде болады?

Балалар: Қар қыс мезгілінде болады.

Тәрбиеші: Ал қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қазір қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Дұрыс, ал қыстың қандай ерекшеліктерін білесіздер?

Балалар: Күн суытады, қар жауады, аяз болады.

Тәрбиеші: Балалар, ал сендер жылы, үнемі күн шығып тұратын, қызыққа толы елге барғыңыз келе ме?

Балалар: Әрине.

Тәрбиеші: Олай болса, бәріміз ғажайып елге аттанайық. (І слайд. «Ғажайыпстанға саяхат»)

Тәрбиеші: Мінеки, балалар ғажайыпстанға да келдік. Бұл елде сендер сияқты кішкентай балалар тұрады. Қане, олармен танысайық. (ІІ слайд. Елдос пен Аяжан амандасады)

Тәрбиеші: Балалар бұл өте сиқырлы, қызыққа толы ел. Ал, енді мен сендерге осы ел туралы ертегі айтып берейін. (ертегі айту)

Ертеде бір ханшайым өмір сүріпті. Оның әдемі зәулім үйі бар екен, бірақ үйі сондай көңілсіз болған екен, себебі оның бақшасы болмапты. Бір күні ханшайымға бір атай келіп екі гүл сыйлапты, бір гүл – қызыл, ал екінші гүл көк түсті. Ханшайым екі гүлді ауласының оң жағы мен сол жағына егеді. Түнде ұйықтап жатқанда, кішкентай бояу ханшайымдары ұшып келіп, айналаның бәрін сиқырлап кетеді. Таңертен оянса, ауласы, бақшасы толған көп әдемі гүл екен. Сонда ханшайым сиқырлы бояу ханшайымдары секілді өз таяқшамен сиқырлаған кезде барлық бояулар шатасып кеткен. Қорқып кеткен ханшайым жан – жағындағы балалардан көмек сұрайды. Осылайша Аяжан мен Елдос та көмекке асықты, бірақ көмектесе алмаған соң олар да осы маңда тұратын білімпаз атаға келеді. (ІІІ слайд. «Білімпаз атаның тапсырмасы»)

Дидактикалық ойын: «Шатасқан бояулар»

Мақсаты: Балаларды бояу түсін, геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету. Шығармашылық елестету қабілетін, байланыстырып сөйлеулерін дамыту. Көркемдік талғамын арттыру, өнерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Ойынның шарты: балалар берілген белгілі бір бейнедегі (табиғат бейнесі) суреттердің бояуы мен пішіндерін ажыратып, дұрыс, дұрыс емес екендігін анықтау қажет.

Тәрбиеші: Балалар сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Ендеше, біз осы жердегі шеберханаға саяхат жасап қайтайық. (Көрмені қарау)

Тәрбиеші: Балалар бұл шеберханада көптеген суреттер бар екен. Ал сендер сурет салғанды жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Иа, жақсы көреміз.

Тәрбиеші: Бірақ балалар, бұл шеберхананың бір шарты бар екен: салатын суретімізді бізге ешкім атамайды, біз оны дыбыс арқылы тауып, ажыратып табамыз. Қане, барлығымыз отырып, шығарманы тыңдайық. ( Тұлпардың дыбысы).

Тәрбиеші: Балалар бұл ненің дыбысы?

Балалар: Тұлпардың дыбысы.

Тәрбиеші: Олай болса, біз бүгін тұлпардың суретін саламыз. Оны біз трафарет арқылы, тұзды пайдалана отырып саламыз. Ал оны қалай салатынымызды көру үшін, экранға назар аударамыз.

Тәрбиеші: Ал енді іске сәт, кірісеміз. (Балалар суретті салады және Тәрбиеші: Балалар, сендер барлығыңыз кішкентай шеберсіңдер, ал енді біздің тұлпарларымыз бізге риза болып, «дос болайық»- дейді екен. Экранға назар аудару. (V слайд. Ән балалар)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз