Өлең, жыр, ақындар

Иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу анализаторлары

Бекітемін:__________    Пән аты: Биология    Пән мұғалімі:   Төлегенова Ғ.Т.       Сыныбы:  8 «А», «Ә», «Б»        Мерзімі:
 

Сабақтың тақырыбы:      §21. Иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу анализаторлары
Сілтеме:      Ғаламтор, оқулық, МАН
Жалпы мақсаты:     1.    Иіс, дәм, сипап сезу мүшелерінің қызметі, ерекшеліктері туралы түсінік беру;
2.    Өз сезім мүшелерінің ерекшеліктерін біле отырып, пәнге қызығулықтарын арттыру;
3.    Жеке бас гигиенасын сақтауға, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:     Иіс, дәм, сипап сезу мүшелерінің ерекшеліктері, олардың жұмыс істеу қызметін, сезім мүшелерінің гигиеналық ережелерін сақтауды білу.
Негізгі  идеялар:      Сабақ барысында өзара әрекеттесу арқылы танымдық белсенділіктері артады.
Тапсырма көздері:
1.Өз бетінше іздену жұмыстары
2.Өзара пікір алмасу
3.Бірін-бірі тыңдау арқылы өзара әрекеттестікте жұмыс жасау
Сабақтың көрнекілігі:    Интерактивті тақта, слайд, постерлер
Мотивациялық кезең:    Танымдық қабілеттерін  дамыту мақсатында «Кім жылдам» ойыны.
Үй  тапсырмасын сұрау:    1.Графикалық диктант көмегімен өтілген тақырыптарды тексеру.
«иә» -  -    «жоқ» - ^ белгісімен көрсетеді.
1.      Сезім мүшелерінің шеткі бөлімдері –рецептор
2.      Анализатор деген ұғымды енгізген ғалым- Сеченов
3.      Адам  көзбен сыртқы ақпараттардың -80-90%-дан астамын алады
4.      Нұрлы қабықтың дәл ортасындағы тесік-қарашық
5.      Көздің қосымша мүшесі-сары дақ
6.      Есту мүшесі –құлақ
7.      Төс, балғашық, үзеңгі есту сүйекшелері ортаңғы құлақта орналасқан.
8.      Қатты айғай немесе жарылыс дыбыс жарғағына еш зиян келтірмейді
9.      Тері сезім мүшесіне жатады.
10.   А дәрумені жетіспесе көз ауырады.
2. Білімді тексеру
Кестемен жұмыс
Бөлімі    
    Құрылысының ерекшелігі        Атқаратын қызметі
Сыртқы құлақ        
Ортаңғы құлақ             
Ішкі құлақ            

Жаңа сабақ:        Алдымен оқушылардың сезім мүшелері туралы тақырыпқа қызығушылықтарын арттыру мақсатында көздерін байлап «Кім сезгіш» ойынын ойнаймыз.
     Алдарына ащы құрт, тәтті конфет, ерлер мен әйелдер әтірлері және түрлі заттар беріледі. Оқушылар қысқа уақыт ішінде, көздері жабулы күйінде әр затты сипап сезу, иіскеп сезу және дәм сезу мүшелері арқылы заттардың атауларын табулары қажет. Осылайша кімнің сезгіш екендігін анықтаймыз.
Көрсетілім бойынша сабақ тақырыбын анықтау.
            Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады: 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.
          1.  Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз).
          Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.
Анализаторлардың қ ы р т ы с бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрайды. Анализаторлардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау — алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі.
2. Сөз кезегін сезім мүшелеріне берейік.  (көз бен құлақ өткен сабақтарда, қалған сезім мүшелері) (интерактивті тақтада слайдтар көрсетіледі)
Тепе-теңдік мүшесі көру мүшесінен кейін дененің кеңістіктегі тепе-теңдігін сақтайтын мүше-кіреберіс (вестибула) анализаторы. Жердің өзіне тарту күшінен дененің шынығуында, еңбек етуінде және дене жаттығуында кіреберіс анализаторының маңызы зор. Барлық рецепторлар ішінде кіреберіс мүшесі-адам ұрығында ең алғашқы өсіп жетілетін рецептор.
Кіре беріс мүшесі ішкі құлақта орналасқан, өте күрделі құрылысты аппарат. Ол құлақтың шыға беріс бөлімінен және үш доға қуысынан құрылған
Тері сезімі
Тері сыртқы ортамен тікелей жанасады. Сондықтан сыртқы ортада жүретін өзгерістерді ең алдымен тері сезінеді, ақпаратты қабылдайды. Ол жанасу мен қысымды, жылу мен суықты, ауыруды қабылдайды. Теріде ауырсыну рецепторлары көп. 1см - де, шамамен 100 рецептор бар.
Ауырсыну — бұл қорғаныш реакциясы, қауіппен күресуді жеделдетудің маңызды сигналы. Ауырсыну сезіміне адам үйренбейді. Ал температура өзгерістеріне жеңіл бейімделеді. Жылуды бір рецепторлар, ал суыкты басқа рецепторлар қабылдайды. мұндай рецепторлар саусақ, тіл ұшында, бетте және ерінде көп орналаскан.
Сипап сезу — бұл тері сезімі және оны арнайы рецеп¬торлар жасайды. Олар саусак, тіл ұшында, ерінде көп болады. Рецепторлар капсулаға немесе қабыққа оралған жүйке ұштары болып табылады. Теріге түсетін қысымға біз тез үйренеміз, сондыктан біраздан кейін киімнің тигенін сезінбей қаламыз. Көзді жұмып затты ұстағанда, біз оның пішінін, мөлшерін, бетінің сипатын, температурасын анықтай аламыз. Бұл сезім соқыр адамда өте жақсы дамыған Еңбек іс-әрекетінің дағдысы саусақ ұштарының сезім-талдығымен байланысты. Сезімтал жүйке бойынша тері рецепторларының сигналы жұлын мен мидағы бұлшық ет сезімі аймағына бағытталады.
Дәм сезу мүшесі.
Тамақты оның иісімен бірге қабылдаған кезде дәм сезімі пайда болады. Дәм сезу рецепторлары суда еріген заттың дәмін сезіп, қабылдай алады. Сілекеймен немесе дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ тамақтың дәмі сезілмейді. Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл тіл бүртіктері. Дәмді тілдің әр түрлі бөліктері әр түрлі сезеді.
Тіл ұшы - тәтті нәрсеге,
Орталық артқы бөлігі - ащы,
Алдыңғы және бүйір бөліктері - тұзды,
Бүйір шеті - қышқылды сезеді. Тамақ ішкенде тілдің барлық рецепторлары жұмыс істейді. Қышқыл, ащы, тәтті, тұзды дәмнен күрделі дәм үйлесімі пайда болады. Иіс сезу тамақ қабылдауға міндетті түрде қатысады. Мұрын бітіп, иіс сезбей қалған кезде, тамақтың дәмі өзгереді.
Иіс сезу мүшесі
Адам үшін иіс маңызды рөл атқарады. Ол тұрмыстық газдың шығып жатқанын, тамақтың ашып кеткендігі туралы хабар береді. Мұрын қуысында иіс сезу мүшесі орналасқан. Бұл пішіні түйреуіш тәрізді, кірпікшелері бар иіс сезу рецепторларының шоғыры. Осы кірпікшелер хош иісті заттардың молекулаларын газ тәрізді күйінде қабылдайды. Иіс сезу рецепторлары өте сезімтал. Хош иісті заттың 1грамының 10млн - нан бір бөлігі адамның қабылдауына жеткілікті.
Кейінгі тапсырмалар:    1. Биологиялық диктант.
И. П. Павлов анықтауы бойынша, кез келген --------- негізгі үш:---------,---------- және ----------- буынынан тұрады.
------------ - көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу рецепторлары.
Жауаптары:
И. П. Павлов анықтауы бойынша, кез келген анализатор негізгі үш:
рецепторлар, жүйке жолдары және ми орталығы буынынан тұрады.
Сезімтал мүшелер - көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу рецепторлары.
Қорытынды    Жеке адамдардың өзара әрекеті барлық анализаторлардан сигнал түсетін ми қыртысында жүреді. Барлық анализатордың өзара әрекеті толыққанды тіршіліктің, еңбек іс - әрекетінің міндеті.
Сабақты қорытындылау. 4 жол өлең құрастыру
Құлақпен естіп, көзбен көреміз
Мұрынмен иіс,   тілмен дәмін анықтап
Бұлшықет бағдар, терімен сипап сеземіз
Тағы бар мүше вестибула аталған
Тепе-теңдігін ағзаның мәңгі сақтаған
Бағалау:    Формативті бағалау
Үйге тапсырма:    Сезім мүшелерінің өзара байланысын көрсетіп өз ойларын қосымша ақпараттармен толықтырып ой-толғаныс жазу.


Пікірлер (5)

Gaini

сабақ жоспарды үлгі ретінде ұсынылып отыр.

Оразмбетова Анипа

Жақсы

7сынып керек еди

7 сынып керек еди

Редакцияға

Редакцияға өтініш: материалды документ-файл түрінде жүктей алатын мүмкіндік жасасаңыздар! Әйтпесе сайт бетінен көшіріп алып >> Opнатқанда (Copy >> Paste. Копироват >> вставит) орындары ауысып кетеді. Сосын отырғаның өңдеп, уақыт кетіріп. Бұл барлық мұғалімдердің өтініші деп қабыл алыңыздар!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз