Өлең, жыр, ақындар

Ақылшым – ұлы ұстазым!

БҚО, Жаңақала ауданы, Пятимар ауылы
Пятимар ЖОББМ-і жанындағы жатақхана тәрбиешісі Хамзина Ляззат Темрешовна

Тақырыбы:  Ақылшым – ұлы ұстазым!

Мақсаты: 1) Білімділік: Оқушылардың бойында  білім нәрімен сусындатқан, барлық күш жігерін оқушыларға арнаған ұстаздардың ерен еңбегін бағалауға, ұстазды әрдайым құрметтеп, үлгі тұтуға үйрету. Ата – Ұстаз алдындағы жауапкершілікті сезіну сезімдерін  қалыптастыру. 

Түрі: Концерттік бағдарлама.

Көрнекілігі: Аяулы ұстаздар туралы қанатты  сөздер жазылған плакаттар.

Барысы: 1-жүргізуші.

Ұстаз деген – ұлылардың анасы.
Ұстаз деген – ұлылардың данасы.
Ұстаз деген – жақсылардың жалғасы,
Ұстаз деген – ұлылардың қаласы, - дей келе ұстаздар күніне арналған «Ақылшым ұстазым» атты тәрбие сағатын бастаймыз. 
 

2-жүргізуші:

Ұстазыңды түсінгің сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген
Сенің бағың өрге қарай өрлесе
Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Егемен еліміздің ертеңі- жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі жолындағы асқақ та абройлы қызметіңізде  жігер мен талантты, еңбекқорлық пен ұстанымдылықты қатар ұстап, үнемі биіктен көріне берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз.

1-жүргізуші: 

Ұстаз сөзі- күн нұрына парапар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар,- дей келе,енді ұстазға деген ықыласы мен ризашылығын  өлең жолдарымен жеткіз бекпіз.

1-оқушы:    

Қандай ауыр күн туса да құрыстар,
Білімімен, білігімен дұрыстар.
Аласармас асқақ шыңдай тұлғалы,
Бәрімізге ең ардақты Ұлы Ұстаз.
Қанша жандар тәліміңе құштар мұң,
Әр сөзіңді жүрегімде ұстармын
Шәкірттері басын иіп өтетін,
Елімізде еңбегі зор Ұстаздың.

2-оқушы:

Бойыңдағы қабілетті ұштарда,
Одан артық, одан асқан күш барма?
Санамызға нұр сәулесін себетін
Барлығымыз борыштармыз Ұстазға.
Бекем етіп біздегі осал тұстарды,
Жібітетін жүректегі қыс, қарды
Ұрпағына ұлағатын ұқтырған
Құрметтейміз тым ерекше Ұстазды.

3- оқушы:

Ол барында, нәтижелі іс барда,
Қиыншылық жан-жағыңнан қыстар ма.
Тіршіліктің қыр-сырына қандырған,
Дүниенің алтын кілті Ұстазда.
Кеудемізде өзің жаққан ізгі арман,
Ақ көңілің аққу болып ұшты алдан,
Қасыңдағы қымбаттың да қадірлің,
Үлгі-өнеге алу керек Ұстаздан.
Жанын салып атқаратын істі армен,
Таусылмайтын ұстаз- ақыл, ұстаз- кен.
Жаныңдағы жақының да, сырласың
Биіктерден көрінеміз Ұстазбен.

2-жүргізуші:

Ұстаз болу- жүректің батылдығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,
Азбай тұғын адамның ақылдығы.
Ұстаздың асыл істерін айтып тауысу мүмкін емес, ортамызға «Ұстазым» атты  әнімен Қалекенова Б шақырамыз.
4- оқушы:

Жүреді оны халқы сыйлап, жар мақтап,
Ел- жұртының зор үмітін қалды ақтап.
Нұрлан ағай  жүзінен нұр төгілген,
Біздің ұстаз дейміз біздер ардақтап.
Біздің ұстаз қандай ұстаз десеңіз?
Шәкірт болдық оған күні кеше біз.
Аяулы ұстаз, адал ұстаз, арлы ұстаз,
Сырлас әрі әкеміз бен шешеміз.

1-жүргізуші.Олай болса, білім нәрімен сусындатқан  ұстазымызға деген ризашылығын ән шашумызды арнаймыз.

Ән: «Ақ жайнақ» атты  әнімен Е.Бауыржанов шақырамыз.

2-жүргізуші.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген- ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!

1- жүргізуші:Ұстаздық еткен жалықпас,

 Үйретуден балаға,- деп Абай атамыз айтқандай ұстазға мәңгі бас иіп өтеміз. Ұстаздарға арнап би тартуи  етеміз.

Би: «Әке толғау»

2-жүргізуші. Ұстаздардың ұлы істерін бір күн емес мың күн айтып тауыса алмайтынымыз анық.Сондықтан да, ұстаздарға ұлы істеріңізбен тек биіктерден көріне беріңіздер деп тілек тілейміз.

1-жүргізуші. Осымен бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне арналған Жатақхана  оқушыларының тәрбие сағаты  аяқталды. Ұлағатты Ұстаздар сіздер біз үшін баға жетпес асыл жансыздар, біздің тілегіміз сіздердің амандықтарыңыз деп бүгінгі тәрбиелік сағатымызды тәмандаймыз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз