Өлең, жыр, ақындар

Ана тілім – ажарым, асыл мұрам

Манғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№9 орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі: Есенгалыева Жадра Нуркасымовна                                                                     

Мақсаты: Оқушылардың еліне, ұлтына,тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сқтай білуге үйрету, тіліміздің қадір қасиетін бойларына дарыту.
Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, жиналған қонақтар, қош келдіңіздер! Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

Халқымыздың аса бай рухани қазынасы туған ана тіліміз. Ол қазақ тілі. Елімізден жүзден аса ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүруде. 1989 жылы 11-қыркүйекте қабылданған Тіл туралы заңда «Тіл-халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген. Ал 1-баптың 1-тармағында «Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» болып табылатындығы атап көрсетілген.
 

Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылдың 20-қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 – қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күні ретінде аталып келеді. Осы мереке құрметіне орай өткелі отырған «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
 

ІІІ. Негізгі бөлім
Интерактивтік тақтадан көрсетіледі.
1989 жыл. 22 қыркүйек – Қазақ ССР-нің «Тіл туралы заңы қабылданды»
1989 жыл 22 қазан – алматы қаласында өткізілген алғашқы құрылтайда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды
1990 жылы 23 наурыз – Республикалық «Ана тілі» газеті жарыққа шықты.
1993 жылы 28 қаңтар -  Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі  болып бекітілді.
2007 жыл – Мемлекеттік тіл жылы болып жарияланды.
2008 жыл қыркүйек – мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылды.

Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.

 

Айқын: Ана тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.

Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.

Ақнұр: Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.

Элеонара: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!

Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

«Анамның тілі-аяулы үні» әні. Орындайтын хор.

Ана тілі
Камила: Ана тілім, Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім, Егер сені білмесем.

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,

Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.

Туған анамды ұмытқаным емес пе,

Туған тілім, Егер сені ұмытсам.

Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем,

Ақыл-ойым, айбатым-сен, күшім-сен!

Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ,

Ана тілім, Арыңа дақ түсірсем.

Ағытатын тасқын ойдың тиегін,

Өзің ғана сыйынатын киелім!

Ризамын отқа жанып сен үшін,

Күлге айналып кетсін мейлі сүйегім.

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қуанышым, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Ана тілім, Алтын ұям, құндағым,

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің жырың, сенің әнің айтарым,

Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!

(Несіпбек Айтұлы)
 

Маншүк:  Күш кеміді, айбынды ту құлады,

Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың кос қанаты кырқылды,

Күндей күшті күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың –

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,

Таралған түрік балаларын бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім! 

(Мағжан Жұмабаев)
Артур: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.

«Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс.
(Абай – Алмас, Әбіш - Азизбек)
- Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.
Еркін:
Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы.
Жанатбек: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Мирас: Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
- Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?

1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.


Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағызн - ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.

Осымен біздің тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз