Өлең, жыр, ақындар

Функция графиктерін түрлендіру

Қызылорда қаласы
№43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта мектебінің
математика пәні мұғалімі: Кушербаева Марзиякул Жалғасбайқызы

 

Сабақтың мақсаты: 

1. Білімділік:  Функция графигін координаталар осімен параллель көшіруді қолдана отырып, функция графигін түрлендіру. Функция графигін геогебра бағдарламасы бойыша түрлендіру. Функция графигін өмірмен байланыстыра отырып, алған білімдерін жинақтау, жүйелеу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сыни тұрғыда ойлау қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Топпен жұмыс істеуге, өзара бірін-бірі бағалауға дағдыландыру .

3. Тәрбиелік: Математикадан сауатты сөйлей білуге, жан-жақтылыққа, оқуға, саналы сезімге, өз бетінше еңбектенуге және ақпараттық  мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, компьютер бағдарламалары, ноутбук, планшет, дәптер, қаламсап, сызғыш, қарындаш, топтың аты жазылған  парақ, бағалау парағы, маркер, дидактикалық таратпа.

Сабақтың типі: Білімді бекіту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Диалогтық оқыту: сұрақ қою, топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс.

АКТ: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі мен әдебиеті, информатика, сызу, ағылшын тілі, физика, өзін-өзі тану.

Сабақтың  барысы:  Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару. «Қызығушылығын ояту»

«Гүл – тілек» тренингі Оқушылар қолдарындағы тал гүлді бір-біріне шеңбер арқылы ұсына отрырып, бүгінгі күнге тілегін айтады.

Топқа бөліну: Оқушыларға түрлі-түсті қағаздарды таңдату арқылы екі топқа бөлемін. 

1-топ ″Алғырлар"

2- топ "Тапқырлар"

Топ ережесін сақтау: Сабаққа кешікпеу, уақытты үнемдеу, дыбыссыз қадам, бір-бірімізді тыңдау, құрметтеу, пікірмен санасу, ортақ шешімге келу, әр топ мүшесі өз ісіне жауапкершілікпен қарау, іскер, белсенді болу.

Сәйкестігін тап

Топпен жұмыс  

1-топ «Алғырлар» 

  1. у=2х  функциясының графигін параллель көшіру арқылы  у=2х-4 функциясының графигін салыңдар.
  2. у=х2 функциясының графигінпараллель көшіру арқылы у= х2 -6х +8 функциясының графигін салып, функцияның ең кіші мәнін табыңдар.
  3. функциясының графигін параллель көшіру арқылы   графигін салып, оның анықталу облысын табыңдар.     

                       

4. 1) 4 бірлікке төмен; 2) 7 бірлікке солға; 3) 2 бірлікке оңға; 4) 5 бірлікке жоғары қарай

у=-3х2 параболасын жылжыткандағы, әрбір жағдайға сәйкес функцияларды жазыңдар.

 2-топ «Тапқырлар»

1. у=-2х функциясының графигінпараллель көшіру арқылыу= -2х+3 функциясының графигін салыңдар.

2. у=-х2 функциясының графигін  параллель көшіру арқылы  у=  -х2 -2х +3  функциясының графигін салып, функцияның ең үлкен мәнін табыңдар.

3.   функциясының графигін параллель көшіру арқылы  функциясының  графигін   салып, оның анықталу облысын табыңдар.

 

4. Егер функция f(х) = - х 2 +3 формуласымен берілсе, ондаf (х-2); f(х)=(7-х); функцияларының формулаларын жазыңдар.

 

Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында  медицинада, метрологияда, техникада, құрылыс саласында  және әр түрлі заттардың модельдерін салуда функцияның графигін сала білудің маңызы зор.


Жеке жұмыс

Геогебраның кіріс анықтамасындағы математикалық функцияларды пайдаланып, төмендегі функциялардың графиктерін салыңдар.

1. а) у= 2х2 функциясының графигін параллель көшіру арқылы у=2(х-3)2; у=2(х-3)2+ 2 функцияларының графиктерін салыңдар.

    ә)  функциясының графигін салыңдар.

2. а) функциясының графигін параллель көшіру арқылы          функцияларының графиктерін салыңдар.

   ә)   функциясының графигін салыңдар

3. а) у=2|х| функциясының параллель көшіру арқылы у=2|х-3|;  у=2|х-3|+ 2 функциясының графигін салыңдар.   

   ә) функциясының графигін салыңдар.

4. а) у=х2 функциясының графигін параллель көшіру арқылы у=(х-2) 2 ; у =(х-2) 2 -3 функциясының графигін салыңдар.

    ә) функциясының графигін салыңдар.

5. а)у=-2х2 функциясының графигін  параллель көшіру арқылы у=-2(х+3)2; у=-2(х+3)2+ 2 функциясының графигін салыңдар.

ә) у = |х2-3х+2|; функциясының графигін салыңдар.

6. а)у=х2 функциясының графигін  параллель көшіру арқылы у = (х+4)2;  у =(х+4)2+1;

функциясының графигін салыңдар.

ә) у =| х2 - 6х + 8|; функциясының графигін салыңдар.

7. а) у=х2 функциясының графигін параллель көшіру арқылы у= х2-6х+8 функциясының  графигін салыңдар.

    ә)  функциясының графигін салыңдар.

8. а) у=|х| функциясының графигін параллель көшіру арқылы у=|х+2|;  у=|х+2|-3 функциясының графигін салыңдар.

ә)  функциясының графигін салыңдар.           

9. а) у=х2 ;  функциясының графигін  параллель көшіру арқылы у=(х+1) 2;   у=(х+1) + 3;   функциясының графигін салыңдар.

ә) функциясының графигін салыңдар.

10. а) функциясының графигін параллель көшіру арқылы  
функциясының графигін салыңдар.

ә) у=|х2+5х+4| функциясының графигін салыңдар.

Сергіту сәті

Жұппен  жұмыс

 1. Геогебраның кіріс анықтамасындағы математикалық функцияларды пайдаланып, төмендегі  функциялардың графиктерін салыңдар.

 функцияны жазып, шыққан кездегі графикалық кескіндер қазақ халқының ұлттық  ою-өрнегіне ұқсас фигура шығады

                                           

4-ші суретті 3L форматқа салғанда фигураны әр қырынан көруге болады

Осы графиктерді медицинада, жеңіл өнеркәсіпте, құрылыс саласында, метрологияда, техникада және тағы басқа салаларда кеңінен қолданамыз.

8. Қорытындылау 

Топ жеңімпаздары анықталады. Оқушылар бағаланады.

Білім деген биік шың.
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер

9. Үйге тапсырма:

№ 26 а) у=х2+ 3х-2; ә) у=х2+12;

Фукцияның графиктерінің  абцисса осімен қиылысу нүктелерін анықтаңдар.

Фукцияның графиктерін сызыңдар.

№27 а)у=|-5+4х+3х2 |; ә) у=|-9+12х-4х2 |;

Фукцияның графиктерін сызып ең үлкен және мәнін ең кіші мәнін табыңдар.


Пікірлер (3)

Ерасыл

Мен өзіме керектіні ала алмадым

Толқын Төлепберген

Керемет! Өте сапалы! Пайдасы тиді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз