Эссе және өлең-жыр байқауы

Мұғалімдердің бала әрекетін ынталандыру мен тежеу, санасы мен мінез-құлқын түзету мақсатында балаға педагогикалық-психологиялық ықпал ету әдістерін пайдалану

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы
 №90 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Кеулімжай Шаттық

 

Жоспары:

Тәрбие әдісі дегеніміз – оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған бала мен мұғалімнің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.     

                                  

Бұл әдістердің балалар санасына ықпал жасауда маңызы зор. Мысал ретінде әңгіме әдісіне тоқталайын.Сабақ барысында «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді»қолдануда «әңгімелеу» әдісін басшылыққа алдым. Әңгіме – бұл балалардың санасын қалыптасыру әдістерінің бірі.

1. Әңгімелеу - тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы түрлі ойлардың болатындығын, бір–бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Әңгімелесу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Әңгімелесу әдісі оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім.

 Әңгімелесу әдісін қолдана отырып талқылау пікірталас, білімді бірлесіп құру және түсінік пен дағдыларын қалыптастыруда 8-сыныпта «Табиғат - тал бесігің аялай біл!» тақырыбын өткенде оқушылар топпен жұмыс түрінде өз жобаларын дайындап, сынып алдында жария етсе, 10-сыныпта «Мінез - адам көрсеткіші» тақырыбында әңгімелеу әдісінде мінез құлықтың адамның қарым-қатынас жасауында алатын орны, адамның өз мінезін өзгерте алатындығы, оның үнемі өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып өзін-өзі тәрбиелеуі жөніндегі тақырып айналасында

- Неліктен мінез адам көрсеткіші деп ойлайсың?

- Адамның жақсы мінезіне нелер жатады? т.с.с сұрақтар арқылы әңгіме жүргіздім.

«Ата-анаң –алтын тұғырың» тақырыбын өткенде «Менің атым - Қожа» повесінен алынған үзіндіні оқытып, берілген сұрақтарды пайдаланып, әңгімелеу тәсілімен талдау жасап пікір алмасу тиімді болды. Мәселен: 10-сыныпта «Салауатты өмір салты», 8-сыныпта «Табиғаттан нәр алып» тақырыбын өткенде оқушылар әңгімелеу арқылы өзара әрекеттесіп, бір-біріне өздерінің ой пікірлерін білдірді. Тапсырма орындауда оқушылардың әрқайсысы диалогқа түсті, өз идеяларын, шешімдерін ұсынды, ауызша, жазбаша дәлелдеді, дұрыс пікірін құптап келісімге келді. Мұндай тапсырмалар балалар үшін өте қызықты болды.

2. Пікірталас. Пікірталасты жоғарғы сынып оқушыларымен жүргіздім. Бұл әдіс - байымдауын,баға беруін,сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталасқа мұғалім де оқушыларда дайындалады. Оның тақырыбын және сұрақтарын күні бұрын хабарлаймын.

Қатысушылардың өзгелер ұсынған идеяларды төзімдікпен тыңдау және айтқандарын дәлелдеп шығу 9 сыныпта «Салауаттылық - өмір нәрі» сабағымда көрініс тапты. Пікірталас барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсады, ынталанды, ойларын бөлісті, пікірлесті, өз білімін толықтырды.

Пікірталастың құндылығы оқушылардың ойлану сезімін оятады, дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді.

3. Тәрбиелік жағдаяттар туғызу. «Өзін-өзі тану» оқулықтары мен көмекші құралдарында тәрбиелік жағдаяттарды құрастыратын дидактикалық материал жеткілікті. 4-сынып оқушыларына арналған «Өзін-өзі тану» оқу-әдістемелік құралында Ы.Алтынсариннің «Асан мен Үсен» әңгімесі келтірілген. Оқушылардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қойдым: «Қай баланы ойлы деп ойлайсыңдар? Неліктен?» Осы сұрақ бойынша Асан мен Үсеннің барлық әрекеттері жеке-жеке талданды. Оқушылар өз ойларын білдірді. «Ойлы баланың бойында қандай қасиеттер болуы тиіс деп ойлайсыңдар?» Тәрбиелік жағдаяттарды туғызу тек оқулықтағы мәтіндерге байланысты емес, жағдаят әр кезде де тууы мүмкін.

II-бөлім.  Рухани білім беру бағытында

Жарыс балалардың іс-әрекетін және мадақтау мінез-құлқын ынталандыру әдістері ата-аналарға хат жазу.  

1. Жарыс - жарыстарды ұйымдастыру – оқушылар психологиясын білуді талап ететін күрделі іс. Сондықтан жарыстың мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала анықтап, бағдарламасын құрастырып оның нәтижелерін бағалаудың шарттары мен көрсеткіштерін белгілеймін. Мен көбінесе жарыстарды оқу-іс әрекетінің нәтижелері бойынша жүргіземін. Сондықтан оқушылардың үй жұмысын жүйелі орындауын,   ынта-ықыласын ескеремін.  Жарыстардың бағдарламаларын, шарттары мен көрсеткіштерін жасауға, оның нәтижелерін бағалауға оқушыларды да қатыстырамын. Ата-аналарды мектепте өткізілетін отбасылық жарыстарға тарттым. Ата-аналарға жарыстың мақсаты мен мазмұны туралы мағлұмат беріп отырдым.

Ұжым-жарыс барысында өзінің жетістігі және табысы үшін әрекет жасайды. Жарыс оқушылардың, әсіресе енжар оқушылардың белсенділігін арттырады.

2. Мадақтау. Бұл әдіс – баланың жағымды мінез-құлқын ынталандыру құралы. Орынсыз мадақтаудан балада менмендік, тәкаппарлық туындайды. Сондықтан мадақтау үшін жеткілікті мәліметттер керек.

Мадақтау – оқушының тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырады. Сабақ барысында бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып, мадақтау ойынын ұйымдастырдым.

–Сен қандай сұлусың? Сұлулығыңа сабырлы мінезің жарасады. 

–Сен нәзіксің. Әдептілігің мен сыпайылығың сені әдемі етіп көрсетеді.

-Сен мейірімдісің, ешкімге қатты сөз айтып, қатты даусың шыққан емес .Бұл –педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы.

3. Ынталандыру әдістерінің бірі - ата-аналарға алғыс хат жазу. «Өзін-өзі тану» мақтау сөздігінде «Алғыс - өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіру. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды көрінісі. Біреуге қатысты алғыс білдіру ізгілік, адамгершілік, адалдық тұрғысынан күрделі үдеріс болып табылады» -деп көрсетілген. Ата-анамен ынтымақтастықта жұмыс істеу үшін осы әдісті қолданып, балалардың бойында жақсы оқуға ұмтылу, ата-анасына жетістікке жеткенін мақтанышпен білдіру сияқты іс-әрекетті орындаймын.

III. Педагогикалық талап - мінез- құлық нормасының көрінісі.

Тәсілдері: Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, ұжым ішінде тәртіп құруға да болмайтыны түсінікті. Жазаланған, яғни тежелген бала жабырқамайды. Ол болған қателікке қайғырады. Сондықтан жазалау үшін оның шындығын толық білуге тырысамын, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау жағында болғанда ғана баланы жазалауға шешім қабылдаймын. Көбіне жазалаудың ескерту және сөгіс түрлерін пайдаланамын. Көшеге қойылған жол белгілерін таспен атқылағаны үшін көше тұрғынынан арыз-шағым түсті. Балалар қателіктерін мойындады және бұл бірінші жасалып тұрған тәртіпсіздік емес еді, бүкіл ұжым кінәлі деп тауып, ата-ана жиналысын жасап, кінәлі оқушыларға ескерту бердім. Бұл жерде істеген іс-әрекетінің теріс екендігін балаға ұғындырдым және істеген теріс ісіне қынжылттым. Жазалауда еске ұстайтын бір нәрсем, жеке адамның абыройын төгіп, намысына тимеу. Сабақ арасында сынып ішіндегі қол жуғыштан су шашып ойнағаны, сынып ішін бүлдіргені үшін өздерінің теріс ісіне көз жеткіздім, талап-қою әдісімен ұштастырдым, жазаның әділдігін ұстандым. Ауыл тұрғынының бағына түсіп, алмұртын шашып кеткен оқушылардың атына арыз-шағым түсті. Зерттеудің нәтижесінде мен ойлаған балалардың кінәсіз екендігі анықталды, балалар жазаланған жоқ, себебі әділетсіз жаза балаларды жасытады.

Қорыта айтқанда – жазалау – ол тежеу.

Тежеу дегеніміз - басқа адамдардың жұмысына кедергі келтіретін әрекетті тоқтату.

Қорытынды. Тәрбиенің бүгінгі айтылған әдістерінің нәтижелерін анықтауда мынадай көрсеткіштер еске алынады. Оқушылардың моральдық норманы игеруі; мемлекет заңдарын білужәне сақтау, сынып пен мектептің қоғамдық өміріне қатысуы: біздің еліміздегі және шетелдегі жағдайларды біліп отыруы және бағалай білуі.

Отбасы – адам өмірінің өсіп–өнер алтын ұясы. Адам өміріндегі ең қуанышты да, қымбат дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірге келген соң-ақ ата-ана өздерінің негізгі міндеттері тәрбие жұмыстарын атқара бастайды.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз