Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Өткенді пысықтау (Математика,Бастауыш)

Атырау облысы

Исатай ауданы Жанбай селосы

Хамидолла Наубетов атындағы

орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы

 

 

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Өткен тақырыптарды қайталай отырып, білімдерін тиянақтау, бекіту.
Дамытушылық - Логикалық ойын, сана - сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік - Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, өз бетінше топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, фигуралар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
№ 1 слайд.
Оқушылар кеше сабақта не үйрендік?
- Периметр табуды.
- Периметр дегеніміз - Периметр дегеніміз не?
- фигураның барлық қабырғаларының қосындысы.
- Көпбұрыш дегеніміз не?
- Көпбұрыштың периметрін қалай табамыз?
Психологиялық дайындық.
Математика – қызықты пән,
Бәріміз оны білеміз.
Қызықты есеп шығарып,
Тез жауабын береміз.
Жарайсыңдар!
Тіктөртбұрыш Шаршы
III. Жаңа сабақ.
Өткенді пысықтау.
Ойын:« Фигуралық есеп»
Әр фигураның артында өрнектер бар, сол өрнектерді шығару.
Слайд №2. «Фигуралық есеп».№1 есеп
10+ 40 100 - 80 70 - 40 40+50 100 - 90 60 - 50
Слайд 3 №2 Өздік жұмыс.
Азайғыш 12 21 85 15
Азайтқыш 6 20 5 10
Айырманың мәні
Слайд 4 № 3 есеп. Балалар бұл қандай жануар?
Піл туралы не білетіндерін сұрау. (мағұлмат беру)..
К - 15кг ә) С - 20 кг
С -? 7 кг кем К - 10кг
Шешуі: 15 - 7 = 8 (кг ) Шешуі: 20+10=30
Жауабы: Сәбіз 8 кг. Жауабы: 30 кг көкөніс
Есептердің әрқайсысына сызба таңда:
Сергіту сәті:
– Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Математикалық тест.
1. Өрнектің мәнін тап 20+40
а) 24 ә) 60 б) 40
2. 6+4 =?
а) 10 ә) 6 б) 16
3. Теңдеудің мәнін тап: х + 4= 10
а) х = 5 ә) х =6 б) х= 14
4. Алмастың 6 қызыл және 3 көк шары бар. Алмаста барлығы қанша шар бар?
а) 12 ә) 6 б) 9
5. 3 онд. 5 бірл. =? бірл.
а) 15б ірл. ә) 35ірл. б ) 53бірл.
Тест кілті бағалау
1. ә 5 – «5»
2. а 4 - «4»
3. ә 3 - «3»
4. б 2 - «2»
5. ә
№4. Атауын айтпай - ақ фигураларды сипатта.
Ойын. «Мен қай фигурамын?»..
Төрт қабырғасы бар, төрт бұрышы бар. Қарама – қарсы қабырғалары тең. Төрт бұрышы бар, екі бұрышы доғал, екі бұрышы сүйір. Төрт қабырғалары бар.(тік емес төртбұрыш )
Бір бұрышы тік, екі бұрышы сүйір. Үш қабырғасы бар. (үшбұрыш )
Төрт қабырғасы бар. Барлық қабырғалары тең. Төрт тік бұрышты. (шаршы )
Тақтамен жұмыс.
№5 Периметр табу, 3 қатарға фигуралардың қабырғасын өлшеп, периметрін табу беріледі.
а) Р=2cм+2см+2см+2см Р=1см+3см+1см+3 см Р=2см+2см+2см Р=8см Р=8 см
Р=6 см
Слай 3 №6 (ауызша )
3+7+2 8+2+3 15 - 5 - 4
3+7+5 6+4+6 17 - 7 - 8
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 3 есеп. ә)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз