Мектепке дейінгі мекеме мен отбасының байланысы - мектепке дейінгі баланы дамыту ретінде

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
ҚМКК «Колосок» БК
Кенжебулатова Меруерт Токтагуловна

«Бала – көңілдің гүлі, көзіңнің нұры» деп ұққан халықтың көркем мұрасы бай да, базарлы екенінде дау жоқ, тек оған ыждағатты ықылас, қамқор парасат керек.
Соңғы уақытта мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында көп көңіл бөлінетіні қуантады.
«Қазақстан – 2030» стратегиясында Президентіміз Н.Ә.Назарбаев мектепке дейінгі ұйымдардың жүйесін сақтау және кеңейту бойынша шаралар қабылдайтынына, балалардың мектепке дейінгі дайындығын ары қарай дамытуға, мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық – техникалық және кадрлық потенциалын нығайтуға сенім білдірді.

Біздің халқымыз үшін бала тәрбиесі бір ғана отбасының не балабақшаның немесе мектептің жеке ісі емес, ол бүкіл зиялы қауым, бүкіл қоғам шұғылданатын ұлағатты істің тұтас бір кешеніне айналып отыр.
Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру үшін бір неше жылдан бері өзім, әдіскерлік ететін Айыртау ауданындағы «Колосок» балалар бақшасының ұжымы ұрпақ тәрбиесіндегі отбасының ролін басты назарда ұстады. Осы мақсатта мынадай тәлім–тәрбиелік қағидаларды басшылыққа алды.
1. Әдістерді негізгі мақсатқа (тәрбиенің нақты міндеттеріне), ізгі қағидаларына сүйене іріктеу.
2. Әрбір әдістің тәрбие жүйесіндегі орнын жете білу, оны түрлендіру.
3. Әрбір тәжірибелік іс–шараның психологиялық ықпалына баса назар аудару.
4. Әдіс таңдағанда баланың жасын, жеке - дара қабілеттерін психологиялық ерекшеліктерін ескеру.

Ата–ананың педагогикалық, психологиялық білім деңгейін, мәдени дәрежесін, бала тәрбиесіне ықпалын байқау мақсатында төмендегідей сұрақтар (анкета) тараттық.
Ата-аналарға арналған анкета

1. Отбасыңыздың мүшелерін атаңыз.
2. Бала тағдырына деген ата–аналық жауапкершілікті қалай түсінесіз?
3. Балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді? Балаңыз қандай болып өссе екен дейсіз?
4. Өз тілегіңіздің орындалуы үшін тәрбиені қалай, қай бағытта жүргізесіз?
5. Балаңызбен бірге қандай фильмдер көрдіңіз, одан балаңыздың алған әсеріне назар аудардыңыз ба?
6. Балаңызбен бірге қандай қазақ халық ертегілерін оқып, талдадыңыз (аттарын, кейіпкерлерін атаңыз)?
7. Бала кезіңізде қандай ұлттық ойындарды ойнадыңыз? Балаңызға үйреттіңіз бе?
8. Балаңызды ойнатуға уақыт табасыз ба?
9. Сәбиді тербеткенде, ұйықтатқанда бесік жырын айтып, санасына сіңірдіңіз бе? Қандай бесік жырларын білесіз?
10. Балаңызбен бірге жұмбақ–жаңылтпаштар айтып, шешуін таптыңыз ба? (бірнешеуін атаңыз)?
11. Балаңызды еңбекке қалай баулып жүрсіз?
12. Отбасында балаңызбен бірігіп ән айтып, оны қандай әндер қызықтыратынына назар аудардыңыз ба?
13. Балаларға арналған қандай газет, журналдар жаздырып аласыз?
14. Балаларға арнап жыр жазған қазақ ақындарынан кімдерді білесіз?
15. Отбасыңызда балаларыңызға арналған кітапхана бар ма?

Сұрақтардың жауаптарын қорытындылағанда 80 отбасының шаңырақ иелері негізінен жастар екені, 45 отбасында шаңырақ иелері аталар, апалар, 60 отбасының шаңырақ иелері орта жастағылар екендігі анықталды. Бала тәрбиесін, әсіресе, жастар жағы «Баланың тамағы тоқ, киімі бүтін болуы» деп түсінетіні байқалды. Уақыттың жетпейтінін сылтау еткендер де аз емес.

Бала тәрбиесіне байланысты отбасы мен балабақша арасындағы жұмыстарда орын алған кемшіліктерден арылу үшін тәрбиешілер ұжымы жыл сайын мына бағытта жұмыс жүргізді.
1. Бала тамағынын әр түрлілігі мен қуаттылығын, тазалықты басты назарда ұстау, дене тәрбиесі сабағының сапасын көтеру, ойындарға, спорт түрлеріне, аймақтың негізгі этностарына бейімдеу негізінде мектепке дейінгі баланың тұлғасының жекелік потенциалын дамыту.
2. Балаларды қоршаған ортаны қабылдау және әрбір ұлттың адамдарымен қарым–қатынасты қалыптастыру арқылы қазақ және орыс халықтарының мәдениетінің ұнамдылық-рухани құндылықтарына бейімдеу.

Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстың арнасы кең. Ол негізінен екі бағытта жүргізіледі.

1. Жеке дара: әңгімелесу, ақыл-кеңес беру, отбасында болу, ата-аналарға тапсырма беру.

2. Ата-аналар ұжымымен: топтық түсіндірмелер, жалпы ата–аналар жиналысы, ертеңгіліктер, ата–аналармен бірге өткізілетін сабақтар, мысалы: «Менің әкемнің (анамның мамандығы», «Менің әулиетім», «Менің арғы атам – ардагер» т.б.

Балабақша отбасыларымен арадағы тәрбие жұмысын бір-бірімен байланысты сабақтас (ата-аналар - тәрбиешілер - тәрбиенушілер) жүргізіп келеді.
Бұл ата-аналармен өзара қарым-қатынасты белгілейтін бірлескен шаралар: топтардың презентациясы, ашық есік күндері. Семинарлар, байқаулар, көрмелер.
-    Бұл жарияланымдар. Балабақша мамандарының баспа материалдары: ақпараттық бюллетеньдер, жұмыс тәжірибесінен практикалық оқулық, аудио-визуалды жұмыстар, ата-аналардың газеттері.
-    Бұл мониторинг. Мониторингтің нысаны – тәрбиешінің жанұямен өзара қатынасы.
-    Бұл бұқаралық ақпарат құралдары, балабақшаның жұмыстары туралы материалдарды жариялау.
-    Бұл фотосуреттер. Буклеттерді, қабырға газеттерін, құралдарды рәсімдеген кезде қандай да бір бастаманы немесе презентацияны көрнекілік нақтылау қажеттілігі туындайды.
-    Бұл сыйлықтар. Сыйлықтар жасау және «Колосок» балабақшасы бар сувенирлер беру – ежелгі ғұрып. Әдептілікке сәйкес, сыйлық өткізіліп отырған шараға сәйкес келеді.

Балабақша жұмысына бірлесе қатысудан бәрі де ұтады. Балалар өзінің туған-туыстарына мақтанышпен және құрметпен қарайтын болады. Ата-аналар өз баласымен де, мамандар ұжымымен де әріптестік тәжірибесін жинақтайды. Ұстаздар көптеген мәселелердің себептері бұғып жатқан жанұядағы қатынастар туралы құнды мәліметтер алады.

«Колосок» БК келетін мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналары тоқсанына бір рет импровизацияланған «Қамқор ата-аналар» студия-мектебіне келеді. Бұл жерде олар осызаманғы аналар мен әкелерді толғандырып жүрген мәселелерді талқылайды. Балалардың көңілін табу жолын іздейді, ата-аналары дағдарыста болып, мамандардың көмегін қажет еткен кезде көптеген нақты оқиғаларды шешу жөнінде ойланады. Кәсіби кеңестерді олар ата-аналардың тілегі бойынша күн тақырыбына байланысты студияға шақырылатын медбикенің, дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушының, психологтың, тіл маманының, музыканттың, хореографтың, тәжірибелі ұстаздың ауыздарынан тікелей естиді. Мектеп басшысы дәрігер-педиатрмен, логопедпен кездесулерді ұйымдастырады.

Педагогтар мен ата–аналардың өзара қарым–қатынасын біріктіруге, тереңдетуге ықпал ететін тиімді білім беру факторларының бірі жанұялық
театр сияқты әсем дәстүрдің жаңғыруы деп есептеймін.

Мен, бірнеше жанұялар мен педагогтардан «Атамұра» шығармашылық бірлестігін ұйымдастырған ересектер тобының тәрбиешісі Сәруар Ескендірқызы Боярисованың еңбек тәжірибесінен мысал келтіре кетейін. Театралдық қызметтің үрдісінде костюмдер, сахна дайындап отырып, репертуарды таңдап, және сөз сөйлеуге дайындала жүріп ересектер мен балалар бір–бірімен тығыз байланысты болғалы соншалық, енді жанұяларымен достасып, шығармашылық бірлестіктен тыс жерде де тәрбиешінің сенімді көмекшілері болып табылады. Осыдан басқа «Атамұра» театры оның қатысушыларының танымы арқасында эмоционалдық көңіл–күйінің жаңа білімінің көзі болды, ата–аналар атап көрсетіп отырғандай, бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарай бастады, ал тәрбиеленушілерде шығармашылық даму, жұмсақтық байқалуда, өзіне өзі баға беру деңгейі артты. Осылардың бәрі сөзсіз жанұяларда және ересектер тобының балаларын тәрбиелеу үрдісінде өте жағымды әсер етеді.

Міне, біздер – тәрбиешілер мен ата–аналар ұрпақ тәрбиесіне, оның келешегіне жауапкершілікпен қарап, тәрбие жұмысының тиімді әдіс–тәсілдерін ынтымақтаса жүзеге асырсақ, ғұмыр жер тағдырын күні ертең бүгінгі балабақша ұландарына сеніммен тапсыруға болады.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)