Мектеп жасына дейінгі балаларға экология негізін инновациялық технологиялар арқылы қалыптастыру

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
ҚМКК «Колосок» БК
Кошкарбаева Раушан Ануарбековна

Қазақстан Республикасының егемендік алған жылдарынан бастап білім беру мәселесінің дамуына мән берілуде. Білім беру барысында баланың жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін  дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Мұның дәлелі Республикамыздағы «Білім туралы» Заңның қабылдануы.

Заманымыздың талабына сай ең тиімді, жаңашыл форма- ақпараттық коммуникативтік технологиялар. Оны бүгінде ғылыми педагогикалық зерттеулер дәлелдеп отыр. Тиянақты білімді қамтамасыз етудің әдістемелік жолдары алуан түрлі. Менің қарастырайын деп отырған мәселемнің бірі балаларды табиғатпен таныстыру негіздері болып табылады. Табиғатпен таныстыру негіздері қазіргі ғылым мен техниканың дамуына қарай тәрбиешілердің де мүмкіншіліктерін арттыруға үлкен үлесін қосып отыр. Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Инновациялық технологиялардың бірі – ақпараттық коммуникативтік технология. Ол экология негізін оқыту үшін қолданылатын тәсілдің бірі. Айналамен таныстыру сабақтарының негізгі идеясы - балаларды қоршаған табиғат туралы түсініктері мен бастапқы ұғымдарын қалыптастыру: танысу барысында балаларды  дамыту, олардың таным әрекетін жандандыру болып табылады. Балаларды айналамен таныстыру сабақтарында табиғатта тікелей байқалатын жеке құбылыстар мен заттардың арасындағы қарапайым байланыстарды үйретеді. Мысалы, «Ханшайымның семсер балығын бақылау», «Гүл отырғызсаң терлеп, оның аты еңбек», «Құстар біздің қанатты достарымыз», «Су не үшін қажет?», «Дәрілік шөптер». Осындай күнделікті өткізілген сабақтардың, ақпараттандыру технологиясы арқылы заман талабына сай білім беру тиімділігі өте көп. Экология негіздеріне жалпы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін күнделікті видео, аудио қондырғылары мен теледидарларды, компьютерлерді, интерактивті тақта мен мультимедиялық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр тәрбиеші көз жеткізіп отыр. Жаңа иновациялық технологияларды пайдаланып өткізілген айналамен таныстыру сабақтарында балалардың әр түрлі табиғат құбылыстарына қызығушылығын тудырады. Біздің балабақшамызда тірі табиғаттың кішкентай бейнелі көрінісін елестете аламыз. Онда аквариумдағы балықтар, өсіп тұрған бөлме өсімдіктерін және тәжірибе жасауға арналған заттар, су құйғыштар, үлкейткіш шынылар бар, табиғат материалдарын  бүршік, құм,  көмір, жер үлкен - кіші тастарды   поезд тіркеулерінің әкеле жатқан бейнесі ,балаларға өзгеше әсерін тигізіп қызықтыра бастайды . Табиғат бұрышында өсірілген пияз, суда тұрған өсімдік өскінін, ыдыста отырғызылған  тұқым өскіндерін, балалар тамашалап күнделікті бақылап күнтізбеге белгілеп отырады. Осы табиғат бұрышына байланысты өз әріптестеріме «Ойнаймыз, білім аламыз, әлпештейміз және жақсы көреміз» атты кітапшамды ұсынып, экологиялық бағытта жұмыс істеуге көмектесемін. Табиғатты үнемі бақылау балалардың табиғатқа деген ынтасын арттырады, онда болып тұратын өзгерістерді байқауға үйретеді, оның себептерін анықтап белгілі бір заңдылықтарын ажыратуға тәрбиелейді. Табиғаттың көркем сұлулығын  тамашалап, айналадағы табиғат ляззатын алып оның алуан түрлі әсемдігін бағалай білу балалардың адамгершілігін және эстетикалық сезімдерін қалыптастырудың негізі болып табылады. Сонымен қатар балабақшамызда жиі қолданылатын дәстүрлі емес сабақтар, құрама, ойын, сұрақ-жауап, миға шабуыл, сын тұрғысынан ойлау сабақтары да, балалардың ойлау, сараптау, тұжырымдау, есте сақтау экология білімдерін кеңейту үшін өте қолайлы. Балаларды табиғатпен таныстырудың сан алуан құралдары, формалары, әдістері, тәсілдері бар. Оларды таңдау мемлекеттік бағдарламаның тәрбие, білім міндеттеріне,материалының мазмұнына және баланың жас ерекшелігіне сәйкес болуы тиіс. Алға қойылған міндеттерді іске асыруда анықтайтын жолдардың негізгі принциптері - тәрбиелеу, білім берудің көрнекілігінде, танымында, балалардың белсенділігінің және тәрбиешінің жетекшілік рөлінің бірлігінде. Табиғатты балалардың тікелей қабылдауын және дағдыларды белсенді меңгеруін қамтамасыз ететін әдістерді құрметтеген жөн.

Балабақша тәрбиешілері өздерінің оқу – тәрбиелеу үрдісіне үздік инновациялық технологиялардың бірі болып табылатын жобалау технологияларын қолдануы. Мектеп жасына дейінгі балалармен жарық, су, ауа қасиеттерімен қысқа мерзімді жоба жоспарлап тәжірибелік жұмыстар жүргізу барысында балаларға өз жұмыстарын  зерттеп, бақылап, ұстап, танып, біліп қорытынды жасауға үйрету бағытында жұмыс істеп келеміз. Сонымен қатар зерттеу, ұстап көру, бақылау жұмыстарын күнделікті серуен кезінде пайдаланады. Балаларды табиғатпен таныстыру үшін күнделікті серуенге шығарамыз. Олар ауа-райын өсімдіктердің тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді бақылап, зерттейді. Ересектер тобының балаларымен табиғатқа саяхат, серуенге шыққанда төмендегідей мақсатты шешу көзделеді: табиғаттағы маусымдық құбылыстар туралы балалар білімін толықтыру, оның сұлулығын бағалай білуге үйрету, балаларға өсімдіктердің өсуі жөніндегі білімін мүмкіндігінше табиғатты қорғау ісіне пайдалана білуге дағдыландыру. Тәрбиеші серуен кезінде табиғи материалдарды, судың, көлдің әсерінен қозғалысқа келтірілген ойыншықтарды пайдалану арқылы ойындар ұйымдастырады. Мұндай ойындар кезінде балалар сезімдік тәжірибе жинақтайды. Табиғаттағы заттардың әр түрлі қасиетін танып біледі.

Ойын балалардың негізгі қызметі болғандықтан ешқашан ескірмейді, сондықтан ойын технологиясы  оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған дидактикалық жүйе болып табылады. Ойын дегеніміз - жас ерекшеліктеріне қарамайтын, адам көңіл-күйін көтеріп, ойландыратын үрдіс. Ойын төзімділікті,  алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, іздемпаздылықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп  білуді, сондай-ақ басқада толып жатқан сапалық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі. Мысалы: «Кім қайда тұрады?», «Жер, су, ауа», «Кімде қандай үй?», «Дұрыс жолды тауып ал» ойындары балалардың  шығармашылық қабілетін оятып, экологиялық танымдық қасиеттерін дамытады. Ойын адамның   өмір  танымының  алғашқы  қадамы деп те  атауға болады.

Инновациялық жаңа технологияларды күнделікті балабақша өмірінде қолданып, жас балаларды қуанышқа бөлеу, табиғатқа үлкен құрмет, зор ілтипатпен қарау, оны көздің қарашығындай сақтау, ұрпаққа ұлағатты терең ойлар арқылы жеткізу әрбір тәрбиешінің міндеті.

Қолданылған әдебиеттер

1. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін модернизациялау жағдайында «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру . Редакциялық алқа : Қарабатырова А. К.Власенко С.,СаткужинаМ,М., КабденоваА.К., Батырбаева.Н. К.    86-б.
2. Мектепке дейінгі тәрбие стандарттарын дамыту мәселелері жөніндегі халықаралық конференциясының материалдары. МанкешА.Е..,Баталова Э. Н Айналадағы орта, экология,.-Алматы2002.
3. Николаева С.Н. Мектеп алды экологиялық тәрбиелеу әдістемесі-М.,1998.
4. ФокинаВ,Г. Экологиялық тәрбие- бұл рухани адамгершілік, ақыл- ой тәрбиесі // Мектепке дейінгі тәрбие, 2000. № 7, 990.
5. Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту- Қазақстанның дамуының басты бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті- Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012- VII тарау.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет

Жарнама