Өлең, жыр, ақындар

Мамандықтың бәрі жақсы

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы
Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Сарсенбаева Шынар Тоқтаровна

Пән: Сөйлеуді дамыту                                                       

Сабақтың тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту;
3. Білімділік: Оқушыларға мамандықтардың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғам мен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау және мақтаныш ете білу сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың көргізбелігі: Түрлі маман иелері көрсетілген суреттер, тіл дамыту әліппе – дәптері.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа дайындықты көріп шығу.
Өткен сабақты қайталау.
Аптада неше күн бар? Рет-ретімен атаймыз.

Қазір жылдың қандай мезгілі?

II. Психологиялық дайындық:
Тәуелсіз жаңа заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға.
III. Жаңа сабақ:
Еңбек етсең ерінбей,
Абыройыңды асырған.
Бірақ өзі көрінбей,
Бізден бойын жасырған. (Мамандық)
Енді мен сендерге мамандық жайлы жұмбақтар жасырамын. Құлақ салып тыңдап отырамыз.
IV. Жұмбақтар:     
1) Мектептің жүрегі,
     Білімнің тірегі. (Мұғалім)
2) Сауықтырар сырқатты,
     Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
3) Тікті әсем киімді,
     Дүкенге әкеп ілінді. (Тігінші)
4) Зымыранды ерттеген,
    Ай – жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)
5) Тыныштығын Отанның,
     Күзететін адам кім? (Шекарашы)
6) Тәртіп, заңды сақтайды,
     Ел сенімін ақтайды. (Полиция)
7) Кірпіштен сарай, үй салады,

    Ол адам кім болады?(Құрылысшы)

V. Балалар, бүгін біз мамандықтар туралы әңгімелесеміз. Қандай мамандықтар бар? Маман болу үшін не істеу керек?

Осы сұрақтарға біз бүгін жауап береміз.            

– Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
– Ата–аналарың, аға–апаларың, көршілерің қандай мамандық иелері? Соларды атап өтіңдер.

Ал енді балалар тіл дамыту әліппе – дәптерінде берілген тапсырманы орындаймыз. «Мамандықты ата» дидактикалық ойын. Дәптердегі мамандық иелерін бейнелеген суреттерге қарап, мамандық иелерін (дәрігер, ғарышкер, полиция, құрылысшы)атаймыз. Төмендегі сұраққа жауап береді.

- Дәрігер не істейді?                                                             

- Ғарышкер не істейді?

- Полиция қызметкерлері не істейді?

- Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалады)

«Кімге не керек» тапсырма. Мамандық иелерінің суреттерін, екінші суреттердің еңбек құралдарының тиістісін қоямыз.
 Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.

VІ. Сұрақ-жауап.

Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?

Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?

Сенің атаң кім болып жұмыс істейді?

Сенің әжең кім болып жұмыс істейді?

Ал сен кім болғың келеді?

Жақсы  маман болу үшін не істеу керек?

VIІ. Тапсырмалармен жұмыс.

   2.Қажетті суреттерді қойыңыз

.... киім тігеді.

... сабақ береді.

... адамдарды емдейді.

... сиыр сауады

3. Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

      Орнымыздан тұрайық,

      Колды белге қояйық,

      Бұрылып оңға бір,

      Бұрылып солға бір.

      Жоғары, төмен қарайық.

      Орнымызға отырайық.

 

Өте жақсы. Енді сендер өскенде кім болғыларың келеді? Қандай мамандық иелері болғыларың келеді? Сол туралы айтасыңдар.
 

VIII. Еңбек туралы қандай мақалдарды білесіңдер?

1.Еңбексіз өмір –сөнген көмір.

2.Бейнетсіз рахат жоқ.

3.Еңбек түбі - береке,

   Көптің түбі – мереке.

4.Ердің атын, еңбек шығарады.

IX. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Он маман.

Бір баламыз – бақташы,

Екіншісі – егінші,

Үшіншісі – үлгіші,

Төртіншісі – теңізш,

Бесіншісі – балташы,

Алтыншысы – аспазшы

Жетіншісі – сырнайшы,

Сегізіншісі – жылқышы,

Тоғызыншы – тігінші,

Оныншысы- орманшы.

X. Сабақты қорытындылау.

Сабақта не туралы әңгімелестік?

Қандай мамандықтар сендерге ұнайды?

Жақсы маман болу үшін не істеу керек?

Мамандық иесі болу үшін көп оқу керектігін айтып, сабақты қорытындылайды.

Өте жақсы балалар, ер жеткен соң ата – аналарың мақтан ететін, өзгелер құрметтейтін, сыйлайтын, ең бастысы елің мақтан тұтатын азамат, маман иесі болыңдар!

XI.Үйге тапсырма

Мамандық суреттерін  бояу және сөйлем құрастыру.


Пікірлер (3)

shnar75

Маған ұнады.

Жазира

shnar75, өзіңіздің материалыңыз өзіңізге ұнады ма?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз