Бастауыш білім беру арқылы инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы
Түркістан қалалық білім бөлімінің
өзбек бастауыш сыныптар бойынша әдіскері
Абдужаппарова Мархила Таджиханқызы
 
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Жалпы білім беретін мектептерде ҚР-ның зияткерлік, дене бітімі мен рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парагдимасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беру жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұн қамтамасыз ету міндеті қойылған. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде оқытушының рөлін түбегейлі өзгертуге болады және де, оқытушы тек қана білімді алып жүруші емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт–бағдар берушісі болып табылады.

Оқушының ойын жүйелеуде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады:
-    Жаңа материалды меңгеру;
-    Оқушыға бағыт беру, түрткі сұрақтар қоя отырып, реплика беру;
-    Оқушының өзін көбірек сөйлету;
-    Тақырыпты ашу;
-    Игерілген білімді тиянақтау;
-    Көрнекілік-ресурстарды тиімді қолдану.

Бастауыш сынып оқушыларына жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, екі ұйғарым бір шешімді нақты айталатындай шығармашыл жеке тұлға болып қалыптасады.

Сөзімді түйіндей келе айтарым: Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Бүгіннің өзінде интерактивті технологиялар өмірімізге терең еніп үлгерген педагогикалық құралдардың бірі, әрбір адамға өз шығармашылық потенциалын барынша ашып, оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Назира

Бул сайт маган жаксы унады

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)