Бастауыш білім беру бойынша жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы
Түркістан қалалық білім бөлімінің
бастауыш сыныптар бойынша әдіскері
Есенғараева Динара Шырбанқызы

 

Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман

                                                                                                                          Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы жаңалық бастауыш сыныптарда «Жаратылыстану» пәнінің енгізілуі. Оқушылардың қарапайым ғылыми білім деңгейін қалыптастыруға бағытталған. Зерттеуді жоспарлау, теорияны іс-тәжірибе арқылы оқып-үйреніп, оқушылардың фунцияналдық сауаттылығын дамытуға ықпал етеді. 3-4 сыныптар «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің енгізілуі. 1-4 сыныптар тілдерді деңгейлеп оқыту «қазақ тілі», «орыс тілі», «ағылшын тілі», 1-сыныптан бастап қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін оқыту сөйлеу қызметінің төрт коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. 1-4 сыныптар «Дүниетану» пәнінің мазмұны өзгерілді.

Жаңа бағдарламада оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі де өзгерді. Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Осы бағдарлама аясында оқушыларымыз заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттігі бүгінгі күн талабы. Жаңартылған бағдарлама баланы сыни тұрғыдан ойлантып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)