Жарнама

Ақшақардың сиқырлы қоңырауы

ШҚО, Семей қаласы
КМҚК мектепке дейінгі «Балауса» шағын орталық
Тәрбиешісі: Смагулова Шолпан Кабыкеновна

«Балдырған» орта тобына арналған жаңа жылдық ертеңгілігінің сценариі
Тақырыбы: «Ақшақардың сиқырлы қоңырауы»
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айта білуге үйрету. Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту. көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген шырша, бетперделер, техникалық құрал, қоңырау, шана, шарлар.
/Әдемі әуенмен, сәнді безендірілген залға балалар кіреді./
Жүргізуші: - Сәлеметсіңдер ме балалар! - Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңдер. - Балалар, қараңдаршы қандай әдемі, әсем шырша. - Сендер осы әдемі шыршаның шамдары жаңғанын қалайсыңдар ма?
Балалар: - Иә.
Жүргізуші: - Олай болса барлығымыз бірге:
- Қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат/ 3 рет
(шырша шамдары жанады, балалар қуанады)
- Ал енді балалар әсем шыршамызға арналған әнімізді орындап берейік.
Ән: «Әсем шырша»
(Ән орындалып болғансоң балалар орындарына жайғасып отырады)
(Кенеттен жел соғып шырша шамдарын сөндіреді / фонограмма/ желдің дыбысы естіледі).

Жүргізуші: - Балалар, шырша шамдарын жел соғып сөндіріп тастады, не істесек болады екен? - Мүмкін көмекке Ақшақарды шақырамыз, Ақшақар желді тоқтату амалын білетін шығар, ол ормандағы барлық аңдармен дос емес пе. (шыршада ілініп тұрған қоңырауға назар аударып) - Ой балалар қараңдар шыршада әдемі қоңырау ілініп тұр. Бұл қоңырау жай емес сиқырлы қоңырау шығар, егерде осы қоңырауды сылдырлатсақ біздің бүгінгі шырша тойымызға Ақшақар және оның достары келіп қалар. - Шырша тойымыз көңілді өтсін деп қонақтарды шақырамыз ба?
Балалар: - Иә
Жүргізуші: - Әдемі қоңырау айтшы сенің қожайының кім болады? - Сенің сыңғырлаған әуенің де әдемі екен (қоңырауды сылдырлатады, сол кезде Ақшақар фонограммамен ән айтып кіреді).
Ақшақар: - Сәлеметсіңдер ме балалар! - Мені таныдыңдар ма? - Мен Аяз атаның немересі Ақшақармынғой, алыстағы қар патшалығынан келдім. Аяз ата сендерге сәлем айтты. Өзі де кешікпей келіп қалар. Ал енді балалар Аяз ата келгенше би билеп, ойын ойнайық.
Балалар: - Иә.
Жүргізуші: - Ақшақар сенің келгенің қандай жақсы болды, жел соғып біздің шыршамыздың шамдарын сөндіріп тастады. Бізге сенің көмегін қажет.
Ақшақар: - Солай ма? - Олай болса балалар менімен бірге: - Жел, жел тыныштал! - деп 3 қайтара айтыңдар (балалар 3 қайтара айтады).
Ақшақар:  Жел, жел тоқтай тұр, балабақшада кішкентай бүлдіршіндеріміз жаңа жылдық шырша мерекесін қарсалуға көмектесші.
Жел: у-у-у! (фонограмма қосылады).- Жарайды мен балаларға көмектесейін, біраз демалайын.
Ақшақар: - Міне жел де тынышталды.
Жүргізуші: - Ақшақар сен енді бізге шырша шамдарын қайта жағуға көмектесші.
Ақшақар: - Қане балалар менімен бірге: - Бір, екі, үш шырша шамы жан!
/балалар Ақшақармен бірге айтады/
(Шырша шамдары жанып, балалар шапалақтайды)
Ақшақар: - Балалар, мүмкін сендердің жаңа жылға жаттаған тақпақтарын бар шығар?
Жүргізуші: - Әрине, біздің балалардың айтатын тақпақтары бар.
(тақпақ айтатын балалар ортаға шығып айтады)

1. Тамаша, тамаша,                          2. Жаңа жыл, жаңа жыл.   
Шыршамыз тұр жараса.                      Жаңа жылда жаңа жыр ...
Басында әсем жұлдызы                     Жасыл шырша жанында
Көз тоймайды қараса.                         Билеп барлық бала жүр.  
                                                                                                                
3.Жасыл желек жамылған,              4. Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала                           Асыл моншақ тағынған                  
Жарқыратып шамдарын,                     Міне, сұлу шыршамыз                     
Көптен күтіп сағынған.                        Шырша келді ортаға

5. Келді міне жаңа жыл,                  6. Жаңа жылды қарсы алып,
Қарсы алайық, бәріміз.                       Жасаймыз той жылда біз.
Күліп, ойнап, би  илеп                         Жарқын, жарқын ән салып,
Ән салайық бәріміз.                            Жалғасады жырға жыр.
                                                                                                                     
7. Аппақ тонға оранып,                    8. Әкелсін жыл ырыс-құт,
Базарлықты мол алып.                        Әлемде болсын тыныштық.
Келді алыс сапардан,                         Ән салайық жаңаша,
Аяз ата оралып.                                  Жаңа жылым тамаша!

Ақшақар: - Балалар, мен сендерге жалғыз келгенжоқпын, қасымда Түлкі досым бар еді, кешігіп жатырғой. (Қоңырауды сылдырлатып) - Менің сиқырлы қоңырауым қане Түлкі досымды шақыруға көмектесші.
/Залға Түлкі кіреді/
Түлкі: - Сәлеметсіңдер ме балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын!
- Ой менің сүйкімді қояндарым. Мен сендерді үнемі алдап жүруші едім, бірақ жаңа жыл қарсаңында мен сендермен татуласып дос болғым келеді. Сендер мені кешіресіңдер ме?
Қояндар: - Иә кешіреміз.
Жүргізуші: - Түлкіжан бірақ қояндарымыздың саған қояр екі шарты бар, соларды орындасан ғана олар сенімен достасады.                                                          

- Бірінші шарт, сен уәде бер, енді айлакерлігімді қоямын деп.
- Екінші шарт, сен қояндармен ойын ойнау керексін.
Түлкі: - Әрине, әрине екеуінде орындаймын. - Қоян достарым, мен енді сендерді алдамаймын, уәде беремін, айлакерлігімді қоямын.
Ойын: «Шыршаны безендіру»
(Түлкі ойын шартын түсіндіреді) - Менің жанымда кішкентай түлкішегім бар, ол шырша болады. Мен 10 ға дейін санаймын ал сендер шыршаға мына ойыншықтарды іліп үлгеру керексіндер.
Ақшақар: - Ертеңгілігімізді жалғастырайық. - Менің Аққала досымды ортамызға шақырайық. - А-у-у-у-у Аққала! Келіп балаларды жаңа жылдарымен құттықта. Қоңырауым Аққаланы біздің жаңа жылдық шыршамызға келуінекөмектес. /қоңырауды сылдырлатады/
Аққала: (есіктің артынан) - А-у-у-у! Қазір келемін (әуен ойнап Аққала залға кіреді). - Мен балалар Аққаламын, қыстың аязына төзімдімін.
- Мен Аққала, ақ бала
- Келіп қалдым бақшаға.
- Екі көзім қап-қара,
- Көргің келсе сен қара.
(шырша түбіндегі ұлпа қарларға қарап, сол қарларды үрлейді)
- Балалар, сендер аяздан қорқасыңдар ма?
Балалар: - Жоқ!
Аққала: - Егерде қолдарың тонса не істейсіңдер?
Балалар: - Шапалақтаймыз. /шапалақ ұрады/
Аққала: - Егерде аяқтарың тонса не істейсіңдер?
Балалар: - Аяғымызды топылдатамыз /аяқтарын топылдатады/
Жүргізуші: - Аққала көрдің бе біздің ұлдар да, қыздар да аяздан қорықпайды.
- Қазір біздің қыздарымыз саған арнап «Зимушка» биін билеп береді.
/ортаға «Зимушка» биін билейтін қыздар шығады/
Би: «Зимушка»
Аққала: - Балалар, мен өзіммен бірге ұлпа қарларымды ала келдім. (себетке салынған ұлпа қарларды көрсетеді) - Ой балалар мен ұлпа қарларымды шашып алдым, маған жинауға көмектесіңдерші:
Ойын: «Ұлпа қарларды жина» (балалар ойынды ойнайды)
Аққала: - Балалар, Ақшақар  жаңа жыл болса келіп қалды, ал Аяз ата әлі келмей жатыр. (қоңыраудың сыңғырлаған дыбысы естіледі)
Ақшақар: - Балалар менің сиқырлы қоңырауым мені мына қобдишаға әкелді. Ішінде не бар екенің қарайын (ішінде кішкентай ойыншық Аяз ата)
Аққала: - Ой Аяз ата неге сен сондай кішкентайсың?
Аяз ата: (жіңішке дауыспен) - Мен сендерге кележатқанымда бір мұзға тайып құлағанда, осындай кішкентай болып қалдым.
Жүргізуші: - Аққала мүмкін Аяз атаны қайта сол мұзға апарса  өз қалпына келетін шығар.
(Аққала кішкентай Аяз атаны шанаға отырғызып шығып кетеді)
/осы кезде ән орындалып Аяз ата кіреді)
Аяз атамен бірге оның «көмекшілері» де келеді.(ұлдар)
Би «Кішкентай Санта Клаустар»
Аяз ата: Амансыңдар ма балапандарым. Орман, тоғайды, аязды артқа тастап, әйтеуір жеттім-ау сендерге. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Жүргізуші: - Рахмет Аяз ата! Сәл отырып деміңізді алыңыз. Келгеніңіз қандай жақсы болды. Өзіңізбен бірге жаңа жылды тойлайық. Балаларымыздың сізге арнаған тақпақтары, билері бар.

9. Тамаша сый алып,                         10.  Асыл моншақ тағылған
Келді  Аязатамыз.                                    Міне, сұлу шыршамыз
Шаттанып, қуанып,                                   Көптен  күтіп сағынған         
Шырқап ән айтамыз.    

11. Сақалы аппақ күмістей                 12. Аппақ ,аппақ қар аппақ
Тістері аппақ күріштей                             Аппақ, аппақ дала аппақ
Қызыл ала шапаны                                  Қырау қырау тал аппақ
Сағындым аяз атаны!                               Айналаның бәрі аппақ.

13.Келіңдер, келіңдер                        14. Қараңдар мынау шыршаға,
Тақпақ айтып  беріңдер                            Неткен әсем көрікті.
Жомарт Аяз атадан                                 Жаңа жылдық  думанға,
Сыйлық алып көріңдер!                           Аяз ата келіпті.

15. Аяз ата қандайсын,
Сексендегі шалдайсың.
Өтірік сақал қойып ап,
Бізді неге алдайсың?

16. Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шын

17. Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.

18. Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз

 19. Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақ күпіге оранып,

20. Ал балалар билейік,
Ойнайық та, күлейік.
Аяз ата қуансын,
Доңғаланып жүрейік.

21. Көрдің бе Аяз Атаны?
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.

22. Аппақ, аппақ жапалақтап
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.


23. Кел билейік, үйренейік
Ол келгенше Жаңа Жыр.
Құтты болсын, құтты болсын
Құтты болсын Жаңа жыл.

24. Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сәлеміңді қайтейін
Конфет жегім келіп тұр.

Аяз ата: - Өте тамаша балалар! Тақпақтарыңды жақсы айттыңдар. Сендердің барлықтарыңды құшағыма алайын десем сендер көпсіңдер құшағыма сыймайсыңдар. - Тағы қандай өнерлерің бар?
Жүргізуші: - Аяз ата біздің биші қыздарымыздың өнерін тамашалаңыз.
Би: «Әдемі құстар»
Аяз ата: - Жарайсыңдар менің кішкентай бүлдіршіндерім, мені қатты қуанттыңдар. - Мен сендердің тақпақтарыңды тыңдадым, билеріңді тамашаладым. - Мен бір нәрсені ұмытқан сияқтымын (басын ұстап ойланып отырады) - Есіме салыңдаршы мен нені ұмытып кеттім?
Ақшақар: - Ата сіз балалардың сыйлықтарын беруге ұмыттыңыз. Аяз ата: - Қап, менің сыйлықтар салынған дорбамды түсіріп алыппынғой, қайда қалды екен!?
Ақшақар: - Менің сиқырлы қоңырауым Аяз атаның сыйлық салынған дорбасын табуға көмектесші (сылдырлатады)
(сыйлыққа толы шананы сүйреп Аққала кіреді).
Аққала: - Әбден шаршап кеттімғой, сіздің жоғалтып алған сыйлыққа толы дорбаңызды тауып алдым, әрең дегенде әкелдім, өзі ауыр екен.
Аяз ата: - Қане барлық сыйлық орнында ма?(сыйлықтарды қарайды)  - Міне балалар, сендердің сыйлықтарын.
/Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтарын таратады/

Аяз ата мен Ақшақар: - Ал балалар жаңа жылдарың құтты болсын! Біздің баратын басқа да балабақшалар бар. Сау болыңдар, аман есен болыңдар!
/шығып кетеді/
Балалар: - Сау болыңыздар!

Жүргізуші: - Осымен біздің жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)