Мақта қыз бізде қонақта

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжай тәрбиешісі
Кощанова Алия Ундашбаевна

Тақырыбы: Мақта қыз бізде қонақта

Білім беру саласы: Таным, Қатынас, Әлеуметтік орта, Шығармашылық, Денсаулық.

Мақсаты: Жыл бойы өтілген тақырып бойынша білім деңгейін байқау, нәтижесін көрсету. Баланың тілін, сөздік қорын, ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ертенгі желісіне сүйнене отырып, сұраққа жауап беруге,бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Сиыр, дүкенші, ағаш, тауық, тышқан суреттері, 1-5 дейын сандар, геометриялық пішіндер, ұлттық киімдер суреттері, үй құстарымен дала құстарының, үй жануарларының суреттері.

Әдіс-тәсілдері: сұраққа жауап беру, ойын, түсіндіру, берілген тапсырманы шешу, мақтау, мадақтау.

Әрекет  кезеңдері

        Тәрбиешінің   іс- әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Мотиватциялық-  қозғаушылық

Балалар, сабағымызды бастамас бұрын алдымен қонақтармен амандасып алайық.

  Балалар біз енді өзімізді далада серуенде жүргендей сезінейік.

  1. Ауа райы бүгін қанда?

  2. Ағаштар қандай күйде?

  3. Адамдар қалай киінген?

  Бұл белгілер жылдың қай мезгілінде болады? 

Орындарынан тұрып өлең жолдарын айтады.

 

Балалар жауабы.

 

 

- Көктем мезгілінде.

Іздену -                     ұйымдастырушы

  Таңғажайып сәт: Әуенмен мысық келеді. Мұңайып, көңілі жабырқап тұрады.

  Мысық. Сәлеметсіндер балалар!

  Балалар, бұл мысықтын құйрығы шолақ сияқты бұл қай ертегіні естереңе түсіріп тұр?

  Мысық қай ертегіде құйрығынан айырылып қалып еді?

  Дұрыс айтасыңдар.

  Мысық, неге көңілсізсің?

  Мен мақта қыздың қатығын төгіп тастаған едім, ол менін кұйырығымды кесіп алды. Енді құйырығыңды алғың келсе, менің қатығымды қайтар дейді, маған көмектесесіндер ме?

  Балалар, мысыққа көмектесеміз бе?

  Жарайды ендеше тапсырмаларды орындап көрейік.

  Тапсырмаларды орындамас бұрын, ертегіні есемізге түсірейік.

  /Ертегіге қысқаша тоқталу/

  Мысыққа берілген тапсырмалар ертегіге қарағанда өзгешелеу. Сондықтан біз мысыққа көмектесейік.

  1-тапсырма:

  Мысық сиырға келеді.

  Сиыр: Маған төрт түлік малды және олардың төлдерін тауып, атап көрсет.

  Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

  Мысық рахметін айтып, балаларды мадақтайды.

  2-тапсырма:

  Мысық. Ағашқа келеді

  Ағаш: Мына ағаштарды өсу және кему ретімен орналастыр дейді.

  Дидактиқалық ойын: "Өсу және кему ретімен орналыстыр"

  3-тапсырма:

  Мысық. Қыздарға келеді.

  Қыздар: Біздермен ойнап, бой сергіт дейді.

  4-тапсырма:

  Мысық. Дүкеншіге келеді.

  Дүкенші: Мына ұлттық киімдердің қай геометриялық пішінге ұқсайтынын тауып бер-дейді.

  5-тапсырма:

  Мысық. Тауыққа келеді.

  Тауық: Үй құстарын дала құстарын атаңдар?

Дидақтиқалық ойын:"Үй және дала құстарын ажырата білу"

  6-тапсырма

  Мысық. Тышқанга келеді.

  Тышқан: Іннен шыққанда, қайта кірейін десем, жолды таба алмай қала беремін. Маған жол картасын бейнелеп беріндерші.

  /Өз беттімен жұмыс/

  "Жол картасын бейнеле"

  Мысық: Балалар мен сендерге өте ризамын. Маған көп көмектерің тиді. Енді мен көп нәрсені түсіндім. Жаман қылықтардан аулақ боламын. /Шығып кетеді/

 

 

- Сәлеметсіз бе!

 

 

- Мақта қызбен мысық ертегісіне

 

 

 

 

 

- Ия, көмектесеміз.

 

 

 

 

 

 

Тақтаға шығып, төрт түлік малды төлдерімен бірге қойып шығады.

 

 

 

 

 

Ағашты өсу және кему ретімен орналыстырады.

 

 

Музыкамен билейді, музыка тоқтағанда 1-5-ке дейінгі сандар кқрсетіледі. Сол сан бойынша топтасып тұра қалады. Ойын 2 рет қайталанады.

Тақтада берілген ұлттық киімдерге ұқсас геомеметриялық пішіндерді тауып, киімдердің тұсына орналыстырады.

-Үй құстарымен дала құстарын ажыратады.

Ағаш, тау, күн, бұлт, гүлдер суреттін парақ  бетіне орналысу реті бойынша жапсырады.

- Сау болыңыз.

Рефлексті -             Коррекцялаушы

  - Балалар біз қандай ертегі желісі бойынша тапсырмалар орындадық?

  - Бұл ертегіде мысықтын кылығы дұрыс па?

  - Біз бүгін мысықтың, Мақта қыздың көңіл куйін көтердік. Сендердің көңіл күйлерін қалай?

  Сабаққа барлығың да өте жақсы қатыстындар.

  /Балалардың аттарын атап кету/

  Мақтау, мадақтау, бағалау.

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтижелер:

Білуі керек: Тапсырмаларды түсініп, мұқият орындауды, бастаған істі аяқтауды;

Болуы керек: Оқу іс-әрекетіне қызығушылығы;

Баланың қолынан келуі керек: Өз бетінше жұмыс істей білуі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет

Жарнама