Өлең, жыр, ақындар

Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірлігі. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Жылу мөлшерін есептеу

ШҚО, Абай ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектеп
Физика пәнінің мұғалімі: Гулшат Мейрамбекқызы

8-сынып.
Сабақ тақырыбы: §§9,10. Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірлігі. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Жылу мөлшерін есептеу.
Сабақ мақсаты:
1. Жылу мөлшері, оның неге тәуелді екенін, меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсінуге жағдай жасау.
2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
3. Тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Керекті құрал-жабдықтар: термометр, спирт шамы, су, май,  әр түрлі ыдыстар, компьютер, видеопроектор.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

Берілетін сұрақтар:
1.    Сәулелік жылу алмасу дегеніміз не?
2.    Жылу алмасудың қандай түрлері вакуумда болуы мүмкін?
3.    Қандай денелер сәулені жақсы жұтады?
4.    Жұлдыздардың түсі бойынша температураны қалай анықтайды?
5.    Жылу берілудің табиғаттағы және техникадағы мысалдарын келтіріңіздер.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Жылу мөлшері - жылу алмасу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясын айтады.
Жылу мөлшері мына шамаларға тәуелді: (тәжірибелер көрсетіледі).
•    Дене температурасына;
•    Дене массасына;
•    Дене жасалған зат тегіне.
; өлшем бірлігі Дж       
Белгілі заттың масса бірлігінің температурасын 10С-қа өзгертуге қажет жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы меншікті жылу сыйымдылық деп атайды.

өлшем бірлігі       

ІV. Есептер шығару.
В.И.Лукашик. Есептер жинағы: №792, №795, №796, №798.

V. Қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма:
§§9,10.Жаттығулар №1, №2, №3, №4.
VІІ. Бағалау.


Пікірлер (2)

Алтынай

Меншікті жылу сыйымдылығы заттың тығызыдығна тәуелдіме

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер