Жарнама

Тауық және оның балапандары

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы
«Еңлік» балабақшасының тәрбиешісі: Мухамбетярова Ғалия Сандибековна

Білім беру саласы: таным, қатынас.

Бөлімі: сенсорика.

Тақырыбы: «Тауық және оның балапандары»

Мақсаты: Түсі әртүрлі заттардың белгісі болып табылатынына және олардың сипатын білдіру үшін қолданылуы мүмкін екендігіне балалардың назарын аудару; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды үй құстарына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Қолданытын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: мозаика немесе ақ және сары түсті қатты қағаздан дөңгелектер, балапандар мен тауықтар туралы слайд, үнтаспа.

Сөздік жұмыс: мозаика

Билингвалды компонент: тауық-курица-hen, балапандар-цыплята-chickens, әтеш-петух-cock

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық 

Шаттық шеңбері:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз.

Жоғары-төммен қараймыз,

Топылдатып басамыз.

  Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Топтың ішіне көз салыңдаршы, біздің топ бүгін ерекше. Өйткені, бүгін біз сендермен ашық ҰОІӘ өткелі тұрмыз. Олай болса, қонақтармен амандасып алайық.

Үлкенге де «Сіз»,

Күшіге де «Сіз».

Құрметпенен сіздерге,

Бас иеміз біз!

     Көркем сөз.

 Ертіп сары балапандарын,

 Айдалы әсем шықты тауық.

«Кетпеңдер ұзап, балапандарым»,

  Қыт-қыт,- дейді ауық-ауық.

Билингвалды компонент: тауық-курица-hen, балапандар-цыплята-chickens,әтеш-петух-cock

Балалар шаттық шеңберіне тұрып қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қонақтармен амандасады

 

 

Балалар тақпақты тыңдайды

 

 

 

Балалар қайталайды

Ұйымдастырушылық -ізденістік

 - Балалар, біз сендермен енді тауық және оның балапандары туралы слайд көреміз.

 - Міне, мынау тауық. Оның түсі ақ. Ол үй құсына жатады, өйткені оның еті, қауырсыны, жұмыртқасы адамға пайдалы.

 Ал, мынау оның балапандары. Олардың түсі сары, олар жұмыртқалардан шығады.

 - Енді олардың даусын үнтаспадан тыңдайық.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс

 - Балалар, біздің тауығымыз мынандай ақ түсті болады.

 Педагог ақ дөңгелекті немесе мозаиканы көрсетеді.

Сөздік жұмыс: мозаика

 - Ал, мынандай басқа түстен біздің балапандарымыз болады, олар - сары. Педагог ақ дөңгелектің артынан сары дөңгелекті немесе мозаиканы қояды. Педагог тағы бір рет тауықтың ақ түстен болатынын,ал басқа сары түстен балапандары болатынын түсіндіреді.

 - Балалар, енді сендер қораптан тағы бір балапанды табыңдар және оны тауықтың соңына қойыңдар.

 Балапандар тауықтың артында тізіліп тұрады.

«Әтештер» дидактикалық ойыны

  Педагог балаларға әтешті бейнелеп көрсетулерін және дауысын салуды сұрайды

Жеке жұмыс жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тыңдайды.

 

 

 

 

Балалар көрнекілік және үлестірмелі материалдарды қарайды.

 

 

 

 

 

«Мозаика» сөзін қайталайды

 

 

 

Балалар кезекпен балапандарды тауып тауықтың артына қояды.

 

 

 

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

 - Міне, біз тауықпен және балапандарымен қалай жақсы ойнадық.

 - Тауық балапандарын қалай шақырады?

 - Балапандар қалай шиқылдайды?

- «Ку-ка-ре-ку»деп не ән салады?

Жарайсыңдар, балалар. Енді біз қонақтарға «Шөжелер» биін тарту етейік. Осымен АҰОІӘ аяқталды. Қош сау болыңыздар!

- Шип-шип-шип

- Шиқ-шиқ-шиқ

- Әтеш

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: сары дөңгелекті табу және оны тауықтың артынан ретімен қоюды;

түсінеді: мозаикамен жұмыс істеу дағдысын;

қолданады: түстің әр түрлі заттар сипатын білдіру үшін қолданылатынын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)