Менің елім ‑ Мәңгілік Ел

Есік қаласы
«Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп» КММ
Тарих пәні мұғалімі: Хасанова Айгуль Каламгалиевна

 

«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Осы арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік  мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деген еді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

«Мәңгілік ел» идеясының негізгі мақсаты ‑ елімізді дамыған мемлекетке айналдыруда ұлттық мүдде мен рухани дүниені жаңғыртуға және өзіміздің қазақ ұлтының мерейін асыруға, қалыптасқан тарихи үрдістерін жаңашылдандыруға арналған бастама деп білуге болады. Президенттің жалпы ұлттық идеясы ‑ еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ‑ елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы бастама болмақ. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлтымыз бар.

Елбасы өз сөзінде: «Біз бәріміз бір атаның ‑ қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу ‑ қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол ‑ тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Елболамыз. Тәуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өттік. Бүгін Қазақстанды бүкіл әлем танып отыр. Қазақстан таяудағы жылдар ішінде әлемдік бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз ‑ бәсекеге төтеп беру. Əлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты‑күшті рух пен білім» ‑ деген еді. Ұшқанда қыранның қанаты талатын ұлан‑ғайыр далада мекенді біздің ата‑бабаларымыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақтарға «Тәуелсіздік» деп аталатын баға жетпес сый қалдырып кетті. Енді біздегі мақсат‑осынау кең қасиетті қазақ даласын көркейту, бүкіл әлімге таныту, елдігімізді сақтап, ата‑бабаларымыздың аманатын болашақ ұрпаққа жеткізу» ‑ деген еді. Ұшқанда қыранның қанаты талатын ұлан‑ғайыр далада мекенді біздің ата‑бабаларымыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақтарға «Тәуелсіздік» деп аталатын баға жетпес сый қалдырып кетті. Енді біздегі мақсат‑осынау кең қасиетті қазақ даласын көркейту, бүкіл әлімге таныту, елдігімізді сақтап,ата‑бабаларымыздың аманатын болашақ ұрпаққа жеткізу.

Әрине, қазір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман. Біз «соғыс» дегеннің не екенін білмей өсіп келеміз. Ұйқымыз тыныш, тамағымыз тоқ. Ал осындай бейбіт заманда біздің мемлекетке, Отанымызға дегнен ең басты парызымыз жақсы, сапалы білім алып, алған білімімізді мемлекет мүддесіне жұмсау. Қазақстанның «Мәңгілік ел» болып қалыптасуына өз үлесімізді қосу. Еліміз үшін аянбай қызмет ету ‑ біздің парызымыз болып табылады.

Жаһандану заманы, баршаға мәлім, елдер мен ұлттарға аса қатал талап қоюда. Ең бастысы ‑ ұлттық тіл ұлттық сананың, ұлттық намыстың жоғарылығына, оның қажеттілік деңгейіне байланысты екенін жадымыздан шығармауымыз қажет. Қазіргі таңда өзін ешкімнен артық та, кем де емес дәрежеде сезіну халқымызға жетпей отыр. Ал мәселеге тереңірек үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өз қолында.
Алға ұмтылу бағыттарын саралап көрелік:
•    әрбір тұрғын өмір-тіршілігінің жақсаруына, отбасының берекесіне өзі ұйытқы болуы шарт, себебі, Отан ‑ отбасынан басталады;
•    әрбір азамат пен азаматша өзінің кәсіби әлеуетін анықтай алуы жне оның дәрежесін көтеруге қызығушылық танытуы қажеттілікке айналуы керек;
•     әрбір отбасы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, болашақ ұрпақтары жалғастыратын ата-бабалар аманаты ретінде, жауапкершілікпен қабылдауы тиіс және отбасының өмір-мұраттарын нақты айшықтауы қажет;
•    қоғамдағы жеке адам, тұлға, отбасы мүшелері өздерінің даму «мүмкіндік көздерін» айшықтай алуы шарт, сонда ғана адам бойындағы барлық әлеуетін пайдалана алады және жетістіктер мен молшылыққа кенеледі. Ол елдің табысына айналады;

Жолдаудағы елдің жаһандық отыздық тобының тізіміне кіру мақсаты‑әрбір адамның, маманның, жауапкершілік алып отырған басшылардың көзқарасын жаңғыртуы, түйсіне отырып жаңа өмір сапасына мүдделілік таныту қажеттілігіне сұранысты өсіреді. Бұл айтуға оңай болғанмен, іс жүзінде қиын дүние. Еңбек пен салауатты өмір-салтына адамдардың ынтымақтастық пен шынайы ұйыса алуы нәтижесінде ғана жүзеге асырылады. Сонда ғана қазақстандық өнімдердің сапасы артып, қазақстандық білім жне ғылыми орта көзқарастары мен өтімділігі нақты тарихи үрдісте өмір сүреді. Жолдаудағы Стратегиялық міндеттердің меңгерілуіде күн тәртібінде:
•     республика аймақтарының әлеуметтік-деңгейін үнемі қадағалау тетіктерін жаңғырту;  
•    ауыл тұрмысының мәдени-рухани деңгейінің ісіне ықпал жасау аясын кеңейту, қолдау;
•     жақсы идеялар ауылдық жерден басталатынын дәлелдеудің қажеті жоқ, ендеше ауылдың интеллектуалдық әлеуеті үнемі ескеріліп отырылуы қажет;  
•    ауылдық жерлердегі кітапханалар, мәдениет үйлері, үйірмелер жұмысын жандандыру арқылы бәсекелестік деңгейін көтеру;
•     халықаралық мамандандырылған «ЕХРО-2017» көрмесі мен туризм саласын дамытуға үлес қосу аясында,әрбір ауыл, аудан, облыстың тарихи-этнографиялық, демографиялық, салауаттық әлеуетінің көтерілуіне ықпал жасау жне оларды түрлі шаралар арқылы жетістіктерін көрсету;  шағын және орта бизнес пен мемлекеттік ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты ел мүддесіне бұру және тағы басқалар.

Тәуелсіздік тұғырын бекітудегі мәңгі ел мұраты әрбір адамның жауапкершілігі мен адами болмысына тікелей байланысты. Ел дамуына да ықпалды күш‑ адам және оның әлеуеті. Уақыт ешкімді күтпейтінін ескерсек, бүгінгі мүмкіндікті пайдалана алмаған, ертеңгі несібесін қолынан шығарып алуы да ғажап емес. Сондықтан да жаһандану әлемінің заңдылығы да, заманауилығы да күн санап өзгеріске ұшырауда. Қазақ перзентінің әлемдік кеңістікте алатын еншісі мол, тек батыл да жігерлі еңбек арқылы несібесіне қол жеткізу. Заманауи кезеңнің басты талабы‑адамзат өркениетіне ұлттық тарихымызбен, заманға бейімделген ұлттық санамызбен, қазақы болмысымызбен кірігу.  Басқаша айтқанда тұлпардың мәреге жетуі, оның бабына байланысты. Елдік‑елі арқылы сыналады. Ал халықтың намыс пен жігер күш‑ «Мәңгілік Ел» идеясының ұлы істер дәуіріне жетелейді. «Мәңгілік Ел» ‑ мәңгілік ел атану біздің‑болашақ қрпақтың қолында. Біздей жастар барда, біздей болашақ барда ‑ біз міндетті түрде «Мәңгілік Ел» атанамыз!


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет

Жарнама