Жарнама

Математика сабағында блум таксономиясын қолданудың маңыздылығы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы
№93 Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі
Нысанбекова Кундузай Базарбековна

 

Бүгінгі күннің дәстүрлі стильді ұстаздары осы күнге дейін тек қана өзі ізденіп, өзі талпынып 45 минуттық дәріске дайындалып, шәкірттерді тыңдаушы ретінде көре келе, өзгеру тиіс екенін ұғып, XXI ғасырда жаңа технология дамыған заманда ұстаздардың өздері көшбасшы болып қана қоймай, шәкірттерді көшбасшылыққа жетелеу арқылы жеті модульді меңгертумен қатар сыни көзқарастарын қалыптастыруды мақсат етті. Осы орайда күнделікті дәрісімде «Блум таксаномиясын» қолдана отырып шәкірттердің білім алуға деген қызығушылығын арттырып, бір-бірімен тығыз байланыста болып, өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, сын тұрғыдан ойлану арқылы өзіндік пікірлер қалыптастырып, дәрісімді жаңа бір әдіс-тәсілдермен бастадым.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

  - Оқушылармен амандасу;

  - сыныпты түгендеу;

  - сынып тазалығын тексеру;

  - оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды санау арқылы  топқа бөлу

  - Ұстазымен сәлемдесу;

  - Кезекшілік қызметін атқару;

  - Сабаққа зер салу;

   Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы өз жұптарын тауып, төрт топ болып құралу

Сабақ кезеңдері

Мұғалімніңіс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білу

 

Қызығушылықтарын ояту

  Слайдта үйге берілген (ережені) тапсырманы «Кім жылдам»  әдісімен сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

  үй тасырмасын тексеріп, №1 дәптерлерін жинап, №2 тексерілген дәптерлерін тарату.

  Бүгінгі күнді жаздырып, күрделі есептер туралы жалпылама түсінік беру.

   Мұғалім берген тапсырманы орындау Слайдта жазылған барлық ережелерді қайталау мақсатында сұрақтар мен тапсырмалар интерактиті тақтамен беріліп, әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді

Түсіну

«Кім алғыр» әдісі

  1) Оқушыларғажарыс ретінде топпен сайыстыру мақсатында тапсырмалар беру.

  2).Білім, білік дағдыларын пысықтау үшін 4 топқа кестелі есептер беремін.

1) Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу.

 2) 4 топ Топпен жұмыс жасау кестедегі есептерді жауап береді.

Қолдану

   «Тақырыптарға шолу» (10 мин) «ЖИГСО әдісін» пайдаланамыз

   (а*в)*с=а*(в*с)

   (25*4)*5=25*(4*5)=500

   100*5=25*20

   Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше есептер шығару.

   №368, №369 №370 есептерін шығарту

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту.

 

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салып, бір-біріне түсіндіріп, есептерді шығарады.

Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып есептейді.

Сергіту сәті

 «Көңілді қалпақ» ойыны

Басына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады табады.

 

Бірінші байлық - денсаулық.
Екінші байлық - еркіндік
Үшінші байлық - тіл байлық
Төртінші байлық - қайрат-күш
Бесінші байлық - ақ жаулық
Алтыншы байлық - балаңыз
Жетінші байлық - жүз саулық

Талдау

   - Тақтамен жұмыс:

   №371, №372 мысалдарына шарт құрып, шығару

   - Оқушыларға деңгей бойынша тапсырмалардың шығарылу жолдарын түсіндіріп беремін.

   №373, №374 ,№375 есептерді деңгейге бөліп беремін.

   Тақтамен жұмыс:

№371,№372мысалдарына шарт құрып, шығарады.

№373, №374, №375 есептерді деңгейге бөліп алып шығарады.

Жинақтау

   «Жаңа тақырыпты біз былай түсінеміз» (кітап, суретпен жұмыс, жинақтау, бағалау)  (5 мин) Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады.

Қолжетімді ауызша есептермен сабақты қорытындылау.

Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын қағазға жазып береді.

   Ауызша есептерді шапшаң жауап береді.

Бағалау

   Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

   Сабақтың әр кезеңінде жинаған ұпайларын есептеп қорытынды баға шығару.

 

   Өзін-өзі топпен бағалайды               Күнделіктеріне қойдырады.

   Бағалау /критерилері:

   4/5(+)= «5»

   2/3(+)= «4»

   1/1(+)= «3»

Рефлексия

   - Бүгінгі сабақтан не үйрендік?

   - Сабақ ұнадыма?

   - Қандай әсер алдыңдар?

   Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін нақты стикерге жазып,жеміс ағашының суретіне жапсырады.

Үйге

№376,№377 86-87 беттер есептердің үлгісін көрсетемін, қалғанын өздері шығарады.

Күнделіктеріне жазып алады.

 

Блум таксономиясымен дилогтық оқытуды қолданудың маңызы өте зор. Өйткені шәкірттердің бір-бірімен ой бөлісіп, пікір алмасқанын байқап, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс–тәсілдер модулі арқылы, балалар математика әлеміне зейін қойып, логикалық ойлауы артып, есептер шығарудың үйрену жолында күрескенін аңғарып келемін. Мәлік Ғaбдуллин сөзін ескерер болсaқ, «Бүгінгі күннің бaсты тaлабы – бәсекеге қaбілетті, өз ойын толық жеткізе aлатын, дaрынды ұрпaқ тәрбиелеу болсa, бұл тaлапты жүзеге aсыратын құрметті жaндар – мұғaлімдер қaуымы.» Алайда өзіміздің бүгінгі заман талабы жаңаша көзқараспен жаңа ағымдағы  әдіс-тәсілдерді балалардың бойына сіңдіру арқылы, ертеңге деген болашаққа көпірше ашу болып табылатынын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Осы орайда әр бір мұғалім өз мүмкіндігінше жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруде, өз үлестерін қосқанда ғана балалардың білім сапасын арттыруда ертеңге деген болашағын айқын қалыптастыруда табысты болатынын аңғарып келеміз. Әр бір мұғалімнің ұстанымы мен шешімі,көзқарасы іс-әрекеті болуы тиіс. Өйткені балаларға қойылатын талабы қолжетімді мақсаты болса,әрине оқушы бойынан күткен нәтижені көре аласың. Ол үшін мұғалім  өзгеруі тиіс. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін ең маңызды болып табылатын педагогикалық түсінік қалыптасқан заманда мұғалімдер қауымының біліктілігін арттыруда туған өлкемізде оқу орталықтарына барып,білімдерін жетілдіруде өз  мүмкіндіктерін пайдалануда.

Оқушы өзгерісі: Сенімді жұмыс жасап есептер шығаруға үйренді. Топпен жұмыс жасауға төселді. Сын тұрғысынан ойлауға үйреніп қана қоймай, өзіндік пікірі қалыптасты.. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.

Нені дамытар едім: Осы жеті модуль бойынша туындаған идеяларды сәйкестендіріп, өз сабақтарымның құрылымына толық блум таксономиясына сәйкес өзгерістер енгізуді. Мұғалімдік рольді басқарушыдан серіктестікке ауыстыруды жоспарлаймын.

Қорытындылай келе, бұл жобаның идеясы «Сындарлы оқыту заман талабы» Қазақстандық білім беру жүйесі үшін өте маңызды. Менің оқушыларым мен өзіндік ізденуге, дербестікке дайынбыз деп есептеймін. Өйткені өзімнің бойымнан көптеген жаңалықтар мен өзгерістердің пайда болғанын байқадым және осы жақсыларды ары қарай дамытуға, жетілдіруге көп күш салуға дайынмын! Және де үлгі алатын әріптестерімнің де болғанын ұмыт қалдырмаймын. Жеті модульді басшылыққа ала отырып, болашаққа нық сеніммен алға қадам басу біздің ендігі міндетіміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» ІІІ деңгей
2. Ғаламтордан алынған материалдар
3. Математика оқулығы 5-сынып, Авторлары: Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшоланов Алматы «Атамұра» баспасы 2015 жыл


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)