Микроцефалия

Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы, Казталов ауылы
Казталов аудандық «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»
Әлеуметтік-педагог: Рысқалиева Альбина Менешқызы

Микроцефалия – гректің «микро» - «кішкентай» және «цефаль» - «бас» сөздерінен бірігіп, бас сүйегі мен миы жетілмей қалған деген ұғымды білдіреді. Микроцефалия ақыл-ой кемістігінің ең ауыр түріне жатады. Мұндай ауруға шалдыққан балалардың басы дұрыс өсіп жетілетін әдеттегі көлемінен әлдеқайда кішкентай, шақша бас болып келеді де, соған орай милары да толық жетілмей қалады. Сонымен қатар олардың қимыл қозғалыстары да бұзылған және құрысып-тырысудың, қалшылдап, дірілдеудің, сіңірі тартылудың синдромдары болады және қоршаған ортада болып жатқан тіршілік болмысының шындығын сезініп түсінуі, ұғынып әсерленуі, ойланып елестетуі арқылы көңіл күйдің реңімен бейнелеп көрсететін ми торабының жұмыс істеу қызметінің (психикасының) даму барысы да кешеуілдеп қалатындығы анық байқалады.

Микроцефалияның пайда болуына баланың миы бірқалыпты жетіліп келе жатқан шағында тыныс мүшелері мен жүрек тамырларының ауруынан тіндердегі оттегінің азайып кетуі (гипоксия), ағзаның әр түрлі улы заттармен улануы (интоксикация), ауру қоздырғыш әр түрлі жұқпалы микробтардың залалды зардаптарынан ағзаның дертке шалдығуы (инфекция) және витамин теңдігінің бұзылуы сияқты факторлардың әсер етуі ықтимал деген жорамал бар.Микроцефалия баланың миының салмағы дені сау балаға қарағанда әлдеқайда жеңіл болатыны, мидың үлкен жарты шарының, әсіресе маңдай бөлігінің қыртысы толық жетілмегендігі, оның үстіндегі иір-иір болып келетін қатпарлы арықтары мен жіңішке бұтақты иірімдері жетілмегендіктен миы біркелкі тегіс күйінде қалатындығы арнайы тексерудің нәтижесінде анықталды. Микроцефалияның алғашқы белгілері бала туғаннан кейін-ақ біліне бастайды.Ал, кейбір жағдайларда бұл аурудың белгілері нәрестенің дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларында білінеді. Баланың микроцефалия ауруына шалдыққанын тек қана осы ауруға тән кейбір сыртқы белгілерінен байқауға болады.

Біріншіден, баланың бас сүйегі туылған кездегі көлемінен әрі қарай үлкейіп өспейді немесе болар-болмас қана өседі, бас сүйегінің ми орналасқан жоғары бөлігі мен бет сүйегінің түзілісі бір-бірімен сайма-сай келіп үйлесіп тұрмайды, маңдайы кейін қарай шалқайып, тайпайған, құлағы қалқайған үлкен және етегі салпиып төмен орналасқан.

Екіншіден, жүйке жүйелерінің зақымданып бұзылуынан бұлшық еттерінің жұмыс істеу қызметтері әлсірейді немесе мүлдем жұмыс істемей сал болып қалады, сіңірлері түйіліп, тартылады немесе құрысып-тырысады, дене мүшелерінің қозғалыстары жақсы жетілмегендіктен қимылдарының икемдері ауытқып бір-бірімен байланыстары бұзылады және көздері де қылиланып бітеді.

Микроцефаль балалардың басым көпшілігінің ақыл-ойларының кемістік дәрежелері негізінен идиоттарға немесе имбецильдерге жақын келеді. Ал, психикасының жетілмей қалуынан болатын кемістіктері басқалармен байланысып, араласқан түрде байқалады.

Қорыта келгенде, жүкті кезінде ағзаны әр түрлі зиянды заттардың уландырып, зақымдауынан құрсақтағы ұрықтың жаңадан қалыптасып келе жатқан орталық жүйке жүйесі дертке шалдығады да, оның бірқалыпты даму дәрежесі бұзылады. Нәтижесінде, баланың дүниеге келгеннен кейінгі алты айында-ақ іштен кеміс болып туылатындығы біліне бастайды. Ал бұл кемістік баланың мектеп жасына таяған уақытында тіпті анық білінеді. Сонымен қатар, нәрестенің құрсақта жатқан кезінде мидың дертке шалдығып зақымдануынан оның ақыл-ойының бірқалыпты жұмыс істеу қызметінің қабілеті бұзылып, жетілмей қалады.

Ақыл-ойы кем балалар қосалқы мектептерде оқытылады. Қосалқы мектепте оқушыларға жалпы және арнайы еңбек тәрбиесі беріледі.

Жалпы – әр адамға тән еңбектің негізгі түрлері бойынша бағыт беріледі.

Арнайы – оқушыларды кәсіптік жағынан дайындауға бағытталады. Арнайы кәсіптік еңбекке баулу 3 кезеңнен тұрады:

1.​ еңбек пропедевтикасы;

2.​ кәсіптік бағдар;

3.​ кәсіптік еңбекке баулу.

1.​ Еңбек пропедевтикасы – (1-3 сыныпты қамтиды). Негізгі мақсаты – оқушылардың еңбекке деген жалпы дайындығын қалыптастыру. Еңбек әрекетінің негізгі формасы – еңбек сабағы. Балалар қағазбен, картонмен, ағашпен, матамен, пластилинмен жұмыс орындаудың алғашқы ептілігін, дағдысын меңгере бастайды.

2.​ Кәсіптік бағдар – (4 сыныпты қамтиды). Оқу шеберханаларында қол еңбегін қолдану ретінде қалыптасады. Балалар шеберханаларда еңбек жағдайларымен, құралдармен, станоктармен танысады. Материалдарды (қағаз, картон, сымдар) өңдеудегі қарапайым дағды мен ептілікті меңгереді.

3.​ Кәсіптік еңбекке баулу – (5-8 сыныпты қамтиды). Мақсат – оқушыларды өнеркәсіп орындарында, еңбек құрылыстарында, халыққа қызмет көрсету орындарында жұмыс істеуге үйрету, яғни арнайы мамандық беру. Қыздар киім тігу, ер балалар аяқ киім жөндеу, маляр, штукатур, обой жапсыру, картонды түптеу мамандықтарын алады.

Микроцефалияның пайда болу себептері:

- тыныс мүшелері мен жүрек тамырларының ауруынан тіндердегі оттегінің азайып кетуі (гипоксия);

- ағзаның әр түрлі улы заттармен улануы (интоксикация);

- ауру қоздырғыш әр түрлі жұқпалы микробтардың залалды зардаптарынан ағзаның дертке шалдығуы (инфекция);

- витамин теңдігінің бұзылуы;

- босану кезіндегі алынған жарақаттар;

- радиацияның және нашар экологияның әсер етуі;

- генетикалық бұзылулар;

- ананың инфекциялық аурумен ауыруы;

- дәрілік препараттардың әсері, атап айтқанда антибиотиктер;

Микроцефалияның белгілері келесі көріністе айқын:

науқас баланың бас шеңбері сау балаға қарағанда айтарлықтай кішкентай;

- кіндігі толық жабулы немесе шағын мөлшерімен сипатталады;

- егер, баланың кіндігі туылған уақытта ашық болса, онда туылған уақыттан кейін 1 айдың ішінде жабылады;

- бұлшық ет тонусы төмен;

- баланың салмағы мен бойы нормаға жетпейді;

- кей жағдайларда талма ауруы көрінеді;

- қылилық (микроцефалия ауруымен туылған балаларда байқалады).

Гаити билігінде сәбидің микроцефалия індетімен дүниеге келген алғашқы жағдайды анықтады. Бүлдіршіннің анасы зика безгегімен ауырған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Айтуларынша, індет белгілерін америкалық аурудың алдын алу және бақылау орталығының мамандары анықтаған. Айта кетейік, зика безгегі – масалар арқылы таратылатын індет. Ол әсіресе жүкті әйелдер үшін аса қауіпті. Індетті жұқтырған ананың құрсағындағы сәби микроцефалия ауруымен тууы мүмкін.

Эдвардс синдромы

Қосымша 18 хромосома 3000 жаңа туылған баланың тек 1-інде кездеседі. Нәресте шала туылған немесе өзінің жасына сай емес кішкентай болуы мүмкін. Микроцефалия төмен орналасқан құлақ, жырық ерін немесе жырық таңдай түрінде жиі көрінеді. Маймақтық,аяқтарының үлкен саусақтарының қысқаруы немесе мүлдем болмауы кейде байқалады. Ашық артерия құрылысында, өкпе артериясы мен қолқаның аномалия клапондарында, өкпесінде туа біткен ақаулықтар орын алуы мүмкін. Науқастар бірнеше ай өмір сүреді, ал кімде жазылатын болса  ол адамда ақыл- ой кемістігі байқалады.

"Мысық айқайы" синдромы

Баланың жылағандығы мысықтың мяулағанын еске алатындығымен ерекшеленеді. Бұл симптом нәрестенің дүниеге келген сәтінен бастап және бірнеше апта ғана сақталады, кейіннен жоғалады.

Трисомия - 13

Сипатты белгілері:

- жырылған жұмсақ және қатты таңдай;

- көзінің дамымай калуы немесе болмауы;

- құлағының дұрыс қалыптаспауы;

- полидактилия немесе синдактилия кездеседі;

- ішкір органдардың  жүрек,  бүйрек, ас қорыту жүйесі тарапынан көптеген бұзылыстар;

- өмір сүру ұзақтығы кемінде 1 жыл;

Дауна синдромы

- ақыл–ой дамуының кешігуі;

- туа біткен жүрек ақаулары;

- дене тұрқы қысқа;

Даун синдромымен балалар дүниеге жиі келеді.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)

Пікірлер