Қош бол, бастауышым!

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Тоғыз бекеті
№7 орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Тілеу Мария Дүйсеналықызы

Сабақтың тақырыбы: Қош бол, бастауышым!

Сабақтың мақсаты: Білімнің сары жолы бастауыштан басталатынын түсіндіру.

Білімге деген құштарлықты арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру.

4 жыл бойы алған білімдерін баяндау. Мектепті, ұстазды, Отанды сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  нақыл сөздер, пәндер буклеті, атрибуттар, құстар сөздері, шарлар, ұлттық киімдер.

Сабақ барысы: 

1) Ұйымдастыру.

2) Кіріспе сөз.

Әріптерді үйретіп, көркемдеуді өрнек еткен

Бас сыныпта білім берген. Ұстаздарға сөз береміз.

Аяулы ұстаздар. Ардақты ата – аналар. Қадірлі оқушылар!

Бүгін білім негізі қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз. Бұл күні еліміздің түпкір–түпкірінде 4–сынып оқушылары мен ұстаздары қоштасу сәтінде.

Ең алғаш мектепке келгенде кішкентай бүлдіршін едіңдер, қазір есейіп, саналы азамат болып отырсыңдар.

4 жыл бойы қазіргі талапқа сай барлық пәндерден дәәріс алдыңдар.

«Тарыдай болып кіріп, таудай болып өсіп отырсындар». Осы 4 жыл ішінде алған білімдеріңді пәндерден не үйреніп, не білгендеріңді, жақсы мен жаманды ажырата алатындарыңды әдемі жазу, мәнерлеп оқу, шапшаң есептеу, әсем билеу, табиғат аясында, құбылысты тану, ағылшын және орыс тіліндегі сөздерді оқу, жазуға, компьютермен жұмыс істеуге үйренгендеріңді және 4 жыл ішінде алған іскерлік дағдыларыңды ортаға салыңдар.

4 жыл бойы 14 оқушы толық үлгеріммен аяқтады. Сынып жұмыстарына белсене араласты. Енді міне қоштасар сәтте жетті. «Қош бол, бастауышым» атты ертеңгілікті тамашалауға шақырамыз.

Сәт сапар,  шәкірттер!

1 – бастаушы. Есімде ұстаздардың алғаш қарсы алғаны.

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достасып

Бастауышпен қоштастық

Өңкей білгіш болдырған.

2 – бастауыш. Енді міне сатыдай боп өте шықты 4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Өсті бойың ойларың

Құтты болсын тойларың!

Оқытты ұстаз – анамыз

Өсті білім санамыз

Ұстаздарға мың алғыс!

1.  Ия, бүгін бізде қуаныш, бүгін үлкен той. Өйткені, 4 жыл бойы білім алып, ой санамызды дамытқан, адалдыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш мектеппен қоштаспақпыз.

2.   Қымбатты ұстаздар, ата – аналар бүгін біз ең алғаш қалам ұстатып, әліппені ұсынған сүйікті ұстазымызға рахмет айту салтанатына жиналдық. Жанымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған   мектеп – анаға алғыс айтамыз.

«Қош бол, бастауышым»  ертенгілігін бастаймыз.   (ұстаз)

1 – бастаушы. Қош келіпсіз, ақ – жаулықты аналар жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған.  Біз алаңсыз, балғын шақта балалар.

Ұстаз, оқу – білім туралы.       Әдеби – музыкалық монтаж.

2 – бастауыш.  Мектеп – кеме. 9 – оқушы (Батырхан)  «Мектебім»

12 – оқушы (Нұрай)  Хор «Ұстазым менің – ұстазым»

1 – бастаушы.  Жақсы білім – көрімдеп

Болсын бізге халайық

Не үйреніп, не білдік

Кәне, ортаға салайық.

2 – бастауыш.  4 жыл бойы меңгерген пәндерге сөз береміз. Ана тілі, математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын, дүниетану, ән, сурет сабақтарын бағдарламаға сай меңгердік. Пәндерден не үйрендік, не білдік ортаға саламыз.

Ана тілі.   Дәптердің сыртына аты–жөнімізді, күнделікті толтыра алатын болдық. Ана тілінен ақын – жазушылардың өмірімен таныстық. Жұмбақтар, мақал–мәтелдер, жаңылтпаштар, нақыл сөздер, ата–бабаларымыздың өткен тарихын білдік. Батырлардың адамгершілік қасиеттерінен үлгі алдық.

Көрініс «Қарабатыр» әңгімесі.

Ән «Ананың тілі»  Ана тілі  – Хор.

Қазақ тілі. Сөз табы айтысы.

Қазақ тілі. Біз қазақ тілінен дыбыс, әріп, сөз, буын, сөз тіркесі, сөйлем мүшелері туралы оқыдық. Мәтінді өз бетімізше талдай аламыз. Сөйлем мүшесіне, сөз табына, сөз құрамына ажыратамыз. Сөзге дыбыстық талдау жасаймыз. Өз бетімізше шағын әңгіме құрастыруды, өлең шығаруды үйрендік.

1 – бастаушы.  «Сөз таптары» айтысы.

Автор: Өзара сөз таптары құрып кеңес,

Әр сөзін мақтап қалды егес,

Айтыстық әр сөзінің түйіні бар

Тастады жас ойым үлкен емес.

Зат есім.  Мектепте балалар жүр мені мақтап. Ендеше таласпаңдар деді баптап. Таныстыр мені елге жүрген жоқ па? Сұраулар кім?  Не?  деген екі жақтап.

Сын есім.  Зат есім кете алмайсың менен асып. Сырыңды жақсы – жаман берсем ашып. Жабысса көп жұрнағым аяғыңа. Келетін сен емес пе маған қашып.

Сан есім.  Сан есім сөз сөйлеуді тұрған шетте. Болмасын бұл арада ешбір өкпе. Бәріңді есепке алып санап жүрген. Әлі бір жатқаным жоқ үйде текке.

Етістік.  Етістік тындай алмай «Тоқта» деді. Сендерден басқа сірә, жоқ па? – деді. Менсіз іс қай уақытта біткен еді. Мен бастық тұрған осы топта деді.

Математика.  Біз математикадан 1 ден – 10000000 – ға дейінгі сандарды оқып үйрендік. Санау бірлігі ретінде бірліктер, ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, миллиондар алынатын белгілі. Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттерін, көбейту таблицасын, өлшем бірліктерін жатқа білеміз. Қозғалыс бағыттарына байланысты кез келген есепті шығарып, күрделі теңдеу шешеміз, геометриялық фигуралың ауданын, көлемін, периметрін шапшаң есептейміз. Математика деген ғылымды қызыға оқимыз.

2 – бастауыш.  Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік. Сөз кезегін есепшіге беремін. Арамызда тапқыш достар көп екен. Соларды енді жарыстырып көрелік.

Логикалық есептер:   1)  Сенің қалтаңда 3  кәмпит  болды  және сен әр жарты сағат  сайын 1 кәмпиттен жедің. Барлық кәмпитті тауысуың үшін саған қанша уақыт керек? !    (1,5 сағат)

2)  Алмагүл тоқаштың әр түрінен 10 – нан 4 түрлісін пісірді де оларды 7 ден бөліп тәрелкелерге салды. Сонда қанша тоқаш артық қалды ?

3)  Есептеңдер: 5×5+5+5+5+5+5+5×5=75.

4)  Бір қайың ағашы тәулігінен 40 л су ішсе, осындай екі қайың ағашы 80 л суды қанша уақытта ішеді ? (1 тәулікте)

5)  Бір тоқылдақ күніне 900 жәндік жесе, 1 айда неше жәндік жеп жұтады. (27000 жәндік)

Хор:  «Есеп сабағы» .

Русский язык. 1. Здравствуйте  дети!  Меня зовут Русский язык. Я знаю, что на родном языке вы знаете много песен, любите слушать сказки, читать книги. Вы уже хорошо научились говорить по – русском языке. Вы знаете много загодок, стихов и сказок. Вы полубите меня. Хорошо знать русский язык помогал книги.

2. Давайте поговорим друг с другом.

1. Как тебя зовут ? 2. Сколько тебе лет?   3.В каком классе ты учиться?.

До свидания, ребята!. Мы встретимся в пятом классе.

Дүниетану.  Абылай хан, Тәуке хан. Өткенді ол қопарған. Ақтарар барлық тарихты. Ата – баба қалдырған, -дей келе дүниетану пәнінен «Райымбек пен Секкер» ханның шайқасынан көрініс.

 1 – бастаушы.   Ұстаздық еткен жалықпас. Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, хат танытты, әдептілікке, кішіпейілдікке тәрбиеледі. Сондықтан алғашқы ұстазымыз Майра апайға мың алғыс. Ендігі ән жырымыз Майра апайға арналады.

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты

Менің де көкейімде із қалыпты

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті

Қоссаңдар бірді екіге үш болады-

Деуші едің, - білім мен күш толады.

Алғыр бол!  Әдепті бол! Сабырлы бол!

Ақылмен іс істесең іс болады

Деуші ең бізге айтып өлең, тақпақ.

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап

Бастауышта дәріс берген ұстазым

Майра апай жаққан білім шырағын

Біздер үшін теріг төккен аянбай

Мың алғыс сізге айтамын аямай.

Хор: Мұғалім ол біздің -  білімнің кілтіндей.

2 – бастауыш.  Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамызған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі – бәрі Ұстаздан білім мен тәрбие алады. Сондықтан ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.

1 – бастаушы. «Ұстаз»  – деген ұлы сөз.

Дайындықта сабақ берген Гүлбану апайға арнаймыз.

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым.
Алфавитті алғаш сізден жаттадым.
Ұстаз – ана жаурынымнан қаққаның.

Хор: «Ұстазым».

2 – бастауыш.  Музыка пәнінің мұғалімі Айгүл апайға арналады.

Мені ұстаз баулыды.
Тәтті жыр мен өлеңге.
Тәрбиемнің әр күні.
Тартты ілгері белеңге.

Хор: «Ән сабағы».

1 – бастаушы. Бейнелеу  пәнінің мұғалімі Нұрбек ағайға арналады.

Жүзің жылы құшағың кең.
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген білімің мен.
Биіктерге шығамын мен.    

Хор: «Сурет сабағы».  

2 – бастауыш. Ағылшын пәнінің мұғалімі Жұлдызай апайға.

Өз аузына қаратқан.
Ұстаз ойын ұғамыз.
Сөйтіп әрбір сабақтан.
Сәл есейіп шығамыз.

1 – бастаушы. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Кәмшәт апайға .

Ақылшы асыл ұстазым.
Өзіңе менде ұқсармын.
Жеткенше қайрат, күй–әлім.
Биікке самғап ұшармын.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет

Жарнама