Эссе және өлең-жыр байқауы

Іздеген жетер мұратқа

ШҚО, Абай ауданы, Саржал ауылы
"Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектеп" КММ
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Көксегенова Маржан Талғатқызы 

6 сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар

Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі: Көксегенова Маржан Талғатқызы

                Күні: 18 қазан 2016 ж

Сыныбы: 6 «А»

Пәні: Өзін–өзі тану

Сабақтың тақырыбы

Іздеген жетер мұратқа - 2

Сілтеме

Дерек көздері

  Әдістемелік құрал, оқулық өзін-өзі тану 6 – сынып авторы: Б.А. Әрінова, Р.О.Ізғұттынова,Ж.Ж. Әкімбаева-Алматы: Бөбек»ҰҒПББСО,2015ж. Интернет көздері.

Жалпы мақсаты:

   Оқушыларды өз бетінше тақырыптағы негізгі ойды  танып білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске үйрету.

Оқушылар үшін күтілетін нәтиже

   - Алдына дұрыс мақсат қоя білуді үйренеді;
   - Оқушылар топ болып түрлі   тапсырмаларды орындайды;
   - Өз жұмыстарын және өзгені бағалайды.

Тапсырмалар

Интерактивті тақта, берілетін  тапсырмалар және олардың дұрыс жауаптары, оқулық

Оқыту әдістері:

   Оқыту мен оқудағы әдіс–тәсілдер

   ЖИКСО

   1. Диалогтік оқыту
   2. Жеке жұмыс
   3. Топтық жұмыс

Орындалатын жұмыстар

   1. Шаттық шеңбері
   2. Оқушыларды топқа бөлу
   3. Үй тапсырмасын тексеру
   4. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.
   5. Тақырып бойынша тапсырмаларды орындау
   6. Кері байланыс
   7. Рефлексия
   8. Үйге тапсырма

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Шаттық шеңбері

3 минут

 - Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Балалар дем ішке алып, сыртқа шығаруға және сыртқа  шығарғаннан кейін аз үзіліс жасап. Жайдарлы көңіл күйді сақтай отырып, хормен мына сөздерді қайталаймыз.

 - Мен жайдары, ақкөңіл және белсендімін.

 - Менің қолымнан бәрі келеді.

 - Мен тек айналама жақсылық тілеймін.

 - Мен бақыттымын.

 

 

Топқа бөлу

минут

   Оқушыларды

   1. Оқымыстылар
   2. Суретшілер
   3. Ақындар

3  топқа бөлінеді.

Абай Құнанбаевтың өлеңі, сурет, кітап суреттерін алып топтасады. Топ басшысын сайлап алады.

 

«Кім көп біледі?»

Үй тапсырмасы

10 минут

 

 

«Шоқан» Г.Потанин мәтінді оқып, бір біріне сұрақ дайындап келуге берілген. Қарсы топқа сұрақтарын қояды.

   Әр топ өздеріне қойылған сұрақтарға барынша дұрыс жауап беруі тиіс. Ұпай смайлик түрінде жауап берген оқушыға қойылады.

  Оқулықты пайдаланбай  оқығандарын өз  ойларымен жинақтап айтады.

 

Топтық тапсырма

10 минут

   1. Алдыңа қойған мақсатқа жету жолдары (постер)
   2. Мақсатқа жету жолында кездесетін кедергілер (сурет)
   3. Шешу жолдары (өлең)

Сергіту сәті: экранда көрсетілген іс әрекетті қайталау.

Өз тобына берілген тапсырманы топ болып  орындайды және тақтаға іледі.

Жұмыс барысында белсенді қатысып отырған оқушыға смайлик беріліп отырады.

Қорытынды

 

 

Рефлексия

Қорытынды формативті бағалау

 

Сауалнама беру

Өзіне бүгінгі сабақ бойынша баға береді.

 

Үйге  тапсырма

Ізденіс сөзіне түйіндеме жазу

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз