Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Атадан қалған қолөнер

Павлодар облысы, Ертіс ауданы
Ынтымақ негізгі мектебінің
техноголия пәнінің мұғалімі
Ахметжанова Гүлнар Қайдарқызы

Атадан қалған қолөнер

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға құрақ құрау туралы мәлімет беру;
2. Ұмытылып бара жатқан ұлттық мұраларды жаңарту;
3. Шеберлікке, жалқаулықтан аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас, дамыту, сарамандық және теориялық.

Көрнекілігі: Маталар, маталар қиындылары, ине-жіп, картон қағаз, бор, қайшы.

1.Сабақтың барысы:

/Ұйымдастыру кезеңі, амандасу, оқушыларды түгендеу/.

2. Өткен сабақты еске түсіру үшін үй тапсырмасына байланысты оқушыларға сұрақтар.

1. Құрақ құрау үшін не қажет?
Күтілетін жауаптар: шыдамдылық, төзімділік,жауапкершілік.
2. Құрақтың қандай түрлерін білеміз?
Күтілетін жауаптар: «Сегіз жапырақ», «Алты жапырақ», «Жұлдызша», «Ромб», «Аққу» т.б.
3. Жерге төселетін жүн жасалған қалың төсеніш?
Күтілетін жауаптар: Сырмақ, алаша, кілем.

3. Жаңа сабақ. Ал, енді балалар өткенді қайталап есімізге түсірдік. Қолөнер – қазақтың көнеден келе жатқан кәсібі. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыр. Қолөнердің бір түрі құрақ құрау. Үйдің көркі шүберек дегендей осы шүберектен құрақ құрау.

Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:

1. Мата қиындыларын іске жарату;
2. Матадан әр түрлі фигуралар жасай отырып, бір бұйым шығару. Құрақ құрауға қойылатын талап мынадай: мата қиындыларының симметриялы болуы және түстерінің үйлесімі.

4. Сөзжұмбақ.

 

 

 

 

Қ

А

Й

Ш

Ы

 

 

 

Ұ

Я

 

 

Б

И

С

Е

Р

 

 

Б

А

С

Т

Ы

Р

А

Қ

Ұ

Р

А

Қ

 

1. Тігіншінің құралы.
2. Құстардың мекендейтін жері.
3. Ұсақ моншақтар.
4. Машина тігісінің түрі.
5. Геометриялық фигуралардан түратын төсеніш.

5. Сарамандық жұмыс.

«Сегіз жапырақ» құрағы. Ол үшін бізге қажет заттар: 4 түрлі кәде /мата қиындысы/. Астарына 0,5 немесе 1 метр мата керек болады.

6. Технологиялық карта.

Жұмыстың орындалуы

Қажетті заттар

1

Маталарды дайындау

мата қиындылары

2

Үлгіні қағазға түсіру

картон қағаз, қайшы

3

Құрақ жапырақшаларын дайындап, қию

үлгі, бор, қайшы.

4

Бір-біріне көктеу, тігу

тігін машинасы, ине-жіп

5

Құрақ көрпенің астарын дайындау

қайшы, бор

6

Бұйымды мақта, параллон салып көктеу, сыру, аяқтау

мақта, параллон, ине-жіп

7. Қорытынды. Сабақты қорытындылай келсек, кестені толтырайық.

Не білдім?

Нені білгім келеді?

 

 

8. Үйге тапсырма. Құрақ құрастыруға байланысты ребус, сөзжұмбақ жасап келу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз