Жол ережесін білейік

Тақырыбы: Жол ережесін білейік

Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесімен таныстыру. Бағдаршам арқылы өздерін қалай ұстау туралы үйрету. Жолда үлкендермен бірге «Сақ» жүруге жол ережесін ойда сактай білуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші:

Жалғайтын достастықты бар елменен                
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Бастайық ізетпенен сәлемдесіп
Арманға алдан күткен асығамыз
Біз қалай шапқан аттай басыламыз
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтықпен алға қарай ұмтыламыз.

Балалар біз бүгін жолда жүру ережелер қаласына саяхатқа шығамыз. Ол үшін біз көлікпен барамыз. Жолда жүру ережесін есімізге түсірейік. Жолда түрлі жол белгілері кездеседі. Кеуделеріне белгі таққан 5 бала шығады.

Бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері.

Ал балалар жайғасайық, ал қозғаламыз. Сәтті сапар. Қазір қаланың көшесімен келе жатырмыз. Көше қиылысында бағдаршам. Ал балалар қай түс жанғанда автобус тоқтап тұру керек.

Дұрыс айтасыңдар. Дәл осы кезде жедел жәрдем сигналы естіледі.

Балалар мынау қай көліктің даусы? Жедел жәрдемнің. Балалар құтқаруға асығыс кетіп бара жатқан жедел жәрдемді тез жіберу керек. Өйткені олар адам өмірін құтқарады. Ал мынау белгінің ішінде неге жануардың суреті бар. Өйткені ол жануарлар деген ескерту. Біз орманның тұсына келіп қалыппыз. Ормандағы дыбыстарды бақылайық. Орманда әр түрлі құстардың, ағаштардың дауыстары естіледі.

Ал енді мына белгілерді есте сақтайықшы.

Велосипедті тебуге болмайды.

Байқа балалар

Абайла

Жануарлар.

Ал енді сендерге сұрақ қоямын. Көлік жүріп келе жатқанда жүргізушімен жолауша сөйлесуге болама (болмайды).

Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп міну керек?  (Аялдамалардан).

Көшелерден жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс? (Тротуармен)

- Жарайсыңдар балалар сендер бәрін біледі екенсіңдер.

Шофер біткен бүгінде жол тәртібін біледі

Бағдаршамның қасынан ережемен жүреді

Балалар жолда түрлі жол белгілері кездеседі.

Сақтанып жүрсең ешнәрсеге ұрынбайсың. Әр кезде асықпай жол ережесін бұзбай үлкендермен бірге жүрсек ешнәрсеге ұрынбаймыз, әрдайым сақ болайық.  

Шуақты өміріміз күндей күліп
Жүректі бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес.
Жолда жүру ережесін білмей тұрып.

Балалар бүгін сендер жақсы атсалысып қатыстыңдар. Барлықтарыңа көп рахмет.

Күтілетін нәтиже: Жолда жүру ережесін білу есте сақтау.

Түсінуі: Ережені естеріне сақтап сақ жүру.

Қолдануы: Бағдаршамның барлық түс қызметін, белгілерді жолда қалай жүру керек екенін біледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет

Жарнама