Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың

Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: ойын - сауық, жарыс
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, математика, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: Ұлағатты, асыл сөздер жазылған слайдтар

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
• Сайыс сабақтың тақырыбымен таныстыру
• Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру

Сабақтың барысы:
• Армысыздар қадірменді көрермен қауым.
Бүгінгі сайыс сабағымыздың тақырыбы:
«Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың». Бұл сайысқа 6 - сыныптың тобы өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.
Бастарыңа қонсын дәйім бақ құстары,
Күн қуатын тілейміз ғарыштағы.
«Ұзақ ғұмыр», «қуаныш», «нұр» сыйласын
Өмірдің тыншымайтын ағыстары
- дей отырып, ақ маңдай, ашаң жүзді, аққу мойын, бота көз ару қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер!
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

1 - шарт «Сәлем – сөздің атасы» - деп аталады, әр топ атымен аспаздық киімін көрсетеді.
2 - шарт «Қолөнерін көрсету»
3 - шарт «Сұрақ - жауап сайысы»
4 - шарт «Әлди әуен әлемі» топ өз өнерін көрсетеді (ән, би).
5 - шарт «Қыздарға әсемдік жарасады» атты киім сән үлгісі.
6 - шарт «Ас – адамның арқауы» жидек безендіру.

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.
- Бүгінгі сайысымыздың әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
Тасқындатып біз бүгін жыр бұлағын
Өзімізше өзгеріп сән құрамыз,
Бұл сайыстың алғашқы кезеңінде
Таныстырсын өздерін топ аруларым.

1. Сайысымыздың 1 - шарты бойынша топтың атымен таныстыру «Сәлем – сөздің атасы»
кезекті «__________» тобына берейік

2. Қандай жақсы майысып тұрғандарың
Бойыңа жиғандай өнер бағын.
«Ана көрген тон пішер» деген бар ғой
Ару қыздар көрсететін бұйымдарын.
- демекші, келесі кезекті «Ана көрген тон пішер» деп аталатын сайысымыздың күрделі шарттарының бірі – қолөнер бұйымдарын көрсету. Әр топ өз қолөнерін көрсетеді.

3. Ақылдылық аруға жарасады,
Көзі ашық кім бүгін санасады.
Келесі сұрақ - жауап сайысында
Ақылына көркі сай арулардың
Сыналар білімі мен парасаты
- дей отырып, келесі кезекте сұрақ - жауап сайысы, топ мүшелері топтама бойынша сұраққа жауап береді.

4. Өнерлі өрге жүзер талаптының
Талапты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен, әлемі өнер оты
Шарпып өтсін лебімен қанаттының,
- деген өлең жолдарымен 4 - бөлім – «Әлди әуен әлемі» басталады. Қыздарымыз өнерлерін ортаға салады.

5. Қыздарға әсемдік жарасады
Талғамы таң нұрымен таласады.
Қыпша бел, сұңғақ бойлы қаракөзге
Жан біткен таңдай қағып қарасады.
«Киім үлгісі байқауы»

6. Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген күнім
Жақсы ғой тағамның да білген сырын.
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер\
Дайындалған жаңашыл салат түрін.
Өнер - білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты жетті. Ендеше сайыскерлер сөз кезегі өздеріңе беріледі.
Пір тұтқан әрбір халық асылдарын,
Қазақтың қара көзі аруларын.
Тәмамдайық осы кешті әсем әнмен,
Өнеріне табынып арулардың,
- дей отырып, өтілген шарттарымыздың қорытындысын әділқазы алқалары шығарғанша кезекті әнге берейік.

Міне, бүгін сайыста мектебімізде көп өнерлі жастарымыздың бар екенін көріп, тамашаладық.
2 топтың мүшелері жан - жақты өнерлі екенін көрсетті. «Өнерліге өріс кең» - дегендей, өнердің кемесімен өрге жүзе беріңіздер.
Иә, қадірменді көрермен қауым, сайысымызды көріп тамашалағаныңызға көп - көп рахмет. Сіздердің өмірлеріңізге қуаныш, шаттық тілей отырып, жүректеріңіз қартаймасын, көңілдеріңіз ортаймасын демекпіз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз