Өлең, жыр, ақындар

Ал, қанекей, бүлдіршіндер

"Көкарал" жалпы орта мектеп жанынан ашылған
"Балбөбек " шағын орталығының
әдіскері: Досмырзаева Ақмарал Қиясханқызы


Тақырыбы: «Ал, қанекей, бүлдіршіндер»

Мақсаты: Баланың даму барысында отбасымын мәдени ортаға лайықты тұлға ретінде қалыптасуына ықпалын тигізу. Адамгершілік қасиеттерді күнделікті іс қимыл арқылы қалыптастыру.

Жүргізуші: Көктем келсе,сағынған қарашаны.
Ата-ана баласымен жарасады.
Қарсы алайық құрметпенен балаларды.
Қызықтайық қыздырып тамашаны, дей келе ортаға балаларымызды шақырайық.

Жүргізуші: Балалық шақ-адам өміріндегі қайталанбас маңызды кезеңі. Балаға деген қарым-қатынас қандай болса, баланың жеке басы соған қарай қалыптасады. Баланың жеке ерекшеліктерінің қалыптасуын байқау келешекте оның жақсылық ой ойлай білуі бізге байланысты. Құрметті ата-аналар, бүгін біз келешек ұрпағымыздың көргенді де тәрбиелі азамат болып өсулеріне ықпал етуді нығайта түсу мақсатында «Ал, қанекей, бүлдіршіндер» байқауын өткізгелі отырмыз.

Баршаңыз мерекеге қош келдіңіз
Әділдікпен бұл сайысты байқайтын
Туралықтан ешқашанда қашпайтын
Сайысқа төрелік ететін қазылар алқасын тағайындайық.

1.

2.

Жүргізуші:  Кімдер білгір өнерпаз білейікші,
Ұйымшыл топ екен деп жүрейікші.
Әділқазы алқасына әділдікті
Ал баладарға сәттілік тілейікші.                 

Байқау 6-бөлімнен тұрады.

1. Таныстыру. (Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл)
2. Жалғасын тап.( Мақал сөздің мәйегі)
З. Кім жылдам. (Сұрақ жауап)
4. Өнер көрсету. (Өнерлі өрге жүзеді.)
5. Ойна-ойла. (Қиылған суреттерді құрастыру)
6. Көңілді ойын. (Шынықсаң шымыр боласың)

Жүргізуші: Жүздің түсін танығанша,бірдің атын біл.
Өнер қуып әрбірі келер дейміз.
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтарға
Таныстырып,өздерін өтсе дейміз.

1-ші топ  Ботақандар.

Топ басшысы:

Ботақанбыз маң басқан,
Жұлдызбенен таласқан.

2-ші топ  Қошақандар.

Топ бсшасы:

Қошақанбыз момақан,
Жарысқа бүгін жол ашқан.

Ботақандар:

Қызғалтақтай жайнаған.
Біз бақытты баламыз.
Өлең айтып,жұмбақ шешіп
Сайысып та аламыз.

Қошақандар:

Бәйшешектей бүршік атқан
Бүлдіршіндер біздерміз.
Ойын ойнап,тіл дамытып
Сайысуға әзірміз.

Жүгізуші: Мақал сөздің мәйегі.
Ата дәстүр абырой көтергенге
Киелі сөз сүйектен өтер демде
Тоқталамыз енді біз көңіл бөліп
Қанатты сөз-мақал мен мәтелдерге.

1. Малды теппе, ақты төкпе.
2. Отты шашпа, күлді баспа.
3. Қына тасқа бітеді, білім басқа басқа бітеді.
4. Оқусыз білім жоқ - білімсіз күнің жоқ.


Жұмбақ шешу.

1. Күндіз бәрі қашады.
Түнде аспанды басады. (жұлдыз)

2. Таңмен көзін ашады
Әлемге ңұрын шашады. (Күн)

Жүргізуші:

Ал балалар сұраққа қалайсыңдар
Сендер өтер әлі талай сын бар.
Тапқырлықпен тауып айт, қысылмай-ақ
Жауап берсең сұраққа жарайсыңдар.

1. Не тәтті - ананың сүті.
2. Не қымбат - Отан, бала, ана.
3. Жыл басы - Наурыз.
4. Не жұмсақ - ананың алақаны.

Жүргізуші:

Өнерлі өрге жүзеді.

Ән мен күйді төгілтіп
Інжу-маржан шашайық
Қонақтарды тамсандырып
Өнерден шашу шашайық.

Екі топ өз өнерлерін көрсетеді.

Ал келіңдер ойнайық
Ойнайықта ойлайық
Суреттерді қиылған
Құрастырмай қоймайық.

Құрастырмалы суреттерді үш минут ішінде құрастырады.

Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боларсың.

Нұрлы үмітпен алға жүзіп келеміз.
Ойын ойнап шынығады денеміз.
Қыздар болып гүлдер егіп береміз.
Ал балалар қол күрестіреміз.

Әділ қазылар екі топқа баға береді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз