Өлең, жыр, ақындар

Электр тогы. Ток күші

Ақтау қаласы
Маңғыстау политехникалық колледжінің
Физика пәнінің оқытушысы: Курашева Гульзира Ергалиевна

Cабақтың тақырыбы: Электр тогы. Ток күші.
Электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші.
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Сабақтың мақсаты: Электр тогы туралы толық мағлұмат беру. Электр тогы бар болуы үшін қажетті шарттарды сызбанұсқа арқылы түсіндіру. Ом заңын тұжырымдау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, есептер жинағы.

Сабақтың жүрісі:   

 - Ұйымдастыру
 - Үй тапсырмасын тексеру
 - Үй тапсырмасын қорыту
 - Жаңа сабақ түсіндіру.

Оқушыларды түгендеу. Үй тапсырмасын сұрау.

1)    Элементар заряд деген не?
2)    Электр зарядының сақталу заңын тұжырымдаңдар.
3)    Бүкіләлемдік тартылыс заңы мен Кулон заңының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
4)    Кулон заңындағы к коэффициенті неге тең?
5)    Электростатикалық өрістің негігі қасиеттерін атаңдар.
6)    Металл өткізгіш ішіндегі еркін зарядтар қайдан келген?
7)    Потенциалға анықтама беріңдер.
8)    Потенциал айырмасы электр өрісі кернеулігімен қалай байланысқан?
9)    Электр сыйымдылығы дегеніміз не?
10)  Конденсатор дегеніміз не және оның түрлері қандай?

Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы электр тогыдеп аталады.

Электр тоғының белгілі бір бағыты болады. Тоқтың бағытына оң зарядталған бөлшектердің қозғалыс бағыты алынады.

Затта тұрақты электр тогы пайда болуы және жүріп тұруы үшін, біріншіден, еркін зарядталған бөлшектер бар болуы қажетті.

Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысын тудыру үшін және оны әрі қарай демеп тұру үшін, екіншіден, оларға белгілі бір бағытта әсер ететін күш қажетті.

Зарядталған бөлшектерге электр өрісі F = qE күшпен әсер ететіні белгілі. Әдетте, зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысын тудырушы және оны демеп тұруға себепші болатын да өткізгіштің ішіндегі сол электр өрісі.

Егер өткізгіштің ішінде электр өрісі болса, онда  формулаға сәйкес өткізгіш ұштарының арасында потенциалдар айырмасы болады.

Бұл шарттардың орындалуы үшін электр тізбегі құрылады. Электр тізбегінің негізгі бөлігіне ток көзі, жалғағыш сымдар, тізбекті қосып ажырататын элементтер, ток тұтынушылар жатады. Тізбек элементінің бойымен өткен токтың жылулық, химиялық және магниттік әрекеті болады. 

Тоқтың әрекетін бағалау үшін ток күші деп аталатын физикалық шама енгізілген. I ток күші деп өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде қандай ∆q заряд өтетінін көрсететін физикалық шаманы айтады, яғни:

Ток күші ампермен өлшенеді [ I ] = A.

Егер ток күші мен оның бағыты уақыт бойынша өзгеріссіз қалса, онда электр тогы тұрақты электр тогы деп аталады. Тұрақты ток үшін

j Tок тығыздығы – электр тогын сипаттау үшін өткізгіштің бірлік қимасынан қандай ток өтетінін көрсететін шама.

Ток тығыздығының өлшем бірлігі .

Электр кернеуі – бірлік электр зарядының орын ауыстыру бойымен электр өрісінің атқаратын жұмысымен анықталатын физикалық шама:

Тұйық контурдағы электр қозғаушы күш контурдың бойымен зарядтың орын ауыстыруындағы бөгде күштердің жұмысының сол зарядқа қатынасын көрсетеді:

Электр қозғаушы күшті вольтпен өрнектейді.

Өткізгіш кедергісі  (Оммен өлшенеді)

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы бойынша ток күші түсірілген U кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің R кедергісіне кері пропорционал.

Бұл қатынас толық тізбек үшін Ом заңының математикалық өрнегі.

  Бұл құбылыс қысқа тұйықталу деп аталады. Қысқа тұйықталу кезінде тізбектегі ток күші ең үлкен мәнге ие болады.

Жаңа сабақты бекіту:

18-жаттығу (2)

ЭҚК-і 24В болатын ток көзінің қысқыштарына вольтметрді жалғағанда, ол 18 В кернеуді көрсетеді. Егер сыртқы тізбектің кедергісі 9 Ом болса, тізбектегі токтың шамасын және энергия көзінің кедергісін табыңдар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз