Жарнама

Қыс күшті, епті, батылдар үшін

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы
Шыңғырлау ауылы
Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің
"Бөбек" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Тәрбиеші: Сатбаева Сания Беркиновна

 

Спорттық ойын–сауық

Тақырыбы: «Қыс күшті, епті, батылдар үшін»

Мақсаты: балалардың денсаулықтарын нығайту, шынықтыру, салауатты өмір сүруге қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, төзімділікке, күштілікке тәрбиелеу. Көтеріңкі, қызықты көңіл орнату.

Қажетті құралдар: шаналар, жалаушалар.

Барысы: Спорт алаңына екі топтың балалары қарама–қарсы тізіліп тұрады.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе балалар! Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар –Қыс

Жүргізуші: Ендеше бүгінгі  «Қыс күшті, епті, батылдар үшін»-  атты спорттық сауығымызды бастайық.

1-команда «Ақ көгершін»
Ұраны: Ұш биікте қалықта
Қалықтаудан еш уақытта жалықпа

2-команда «Балапандар»
Ұраны:Намысы бар балапандар қайдасын
Білген дұрыс бұл спорттын пайдасын.

Жүргізуші : Жарысымыз 4 бөлімнен тұрады.

І – бөлім: «Кім шапшаң»

Шарты: Жалауды қай команда бір жақтан екінші жаққа жылдам тасиды. Сол жеңімпаз.

ІІ – бөлім: «Шанамен жарысу»

Шарты: Шанамен бір – бірін сүйреп жарысады.

ІІІ – бөлім: «Қар кесегін домалақтау»

Шарты: Қар кесегін қай команда көп домалақтайды.

IV – бөлім: Ойын: «Екі Аяз»

Шарты: Екі командадан екі аяз таңдалады:Аяздар қосылып:

Біз Аязбыз, аязбыз

Балалармен аразбыз

І Аяз – Мен қызыл шоқ тұмсықпын

ІІ Аяз – Мен қырсық көк тұмсықпын

Екі Аяз бірге: Жүрексінбей, нық басып

Батыл болсаң сыртқа шық!

Балалар: Аяз бізге сөз емес, қорқатығын біз емес.

Балалар жүгіреді, кімге аяздың қолы тиып кетеді, сол қатып тұрып қалады. Көп баланы қатырған аяз жеңімпаз атанады.

Жүргізуші: Денсаулық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіндер?

Балалар:

Шынықсан - шымыр боларсың.

Денсаулық зор байлық.

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.

Тазалық денсаулық негізі.

Жүргізуші: Көңіл күйлерің қалай ойын жарыстар ұнадыма?

Балалар: Иә

(Әр бөлімнің қортындысы есептеліп жеіңімпаз команда анықталады)

Жеңілпаз команда марапатталады.

Жүргізуші: Балалар спортпен шұғылданыңыз, денелеріңді шынықтырыңыз, көңіл күйлерің жақсы болсын!

Ендеше саппен топқа қайтайық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)