Жарнама

Қыс мезгілі

№10 "Бал-бұлақ" ясли-бақшасы МКҚМ
қазақ тілі мұғалімі: Карибаева Кульзира Серикказыновна

Өткізген: Карибаева К.С.

Өткізу мерзімі: 13.12.2016ж

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бағдарлама тарауы: «Қазақ тілі»

Тақырыбы: «Қыс мезгілі».

Мақсаты: Жыл мезгілінің қысқы көрінісі туралы әңгімелей білуге үйрету. Қыс айларын атап үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Құрал – жабдық: Қыс мезгілі бейнеленген суреттер.

Сөздік жұмыс: Қыс түсті, қар жауды, желтоқсан, қантар, ақпан

 

Әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы

/Кіріспе бөлім/

 - Сәлемдесу.

 - Балаларға А.Құнанбаевтың «Қыс» өленің мәнерлеп оқиды.

 Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

 Соқыр – мылқау танымас тірі жанды

 Үсті - басы ақ қырау, түсі суық

 Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

- Балалар мұғаліммен амандасады.

 - Өленді мұқият тыңдайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

/Негізгі бөлім/

  - Балалар, бұл өлеңде қыс мезгілі туралы айтылған. Бүгінгі оқу іс- әрекетіміздің тақырыбы «Қыс мезгілі» суретті көрсете отырып, әңгімелейді:

  Қыс түсті, қар жауды. Күн суық. Қыс айлары: желтоқсан, қантар, ақпан.

  Қыс айларын балаларға қайталатып айтқызады. – Ал енді А. Құнанбаевтың «Қыс» өленің жаттаймыз – деп өленді оқып, мағынасын түсіндіріп, сөздік жұмыс жүргізіп жаттатады.

 

  Сергіту сәтін ұйымдастырады.

  Қыс құнар береді.

  Көктем дән береді.

  Жаз бастап,өсірсе,

  Күз жинап, береді.

 

  «Дұрыс, дұрыс емес» ойынын ұйымдастырады. Мұғалім суреттерден жыл мезгілдерін көрсетіп, атайды.

   - Мынау - қыс мезгілі

«Суретке қарап, әңгіме құра» деген тапсырманы орындайды. Мұғалім балаларға суретке қарап, қыс туралы әңгіме құрауды ұсынады.

Мұғалімді тыңдап, жаңа сөздерді хормен және жеке - жеке қайталатады.

 

Қыс айлары: желтоқсан қантар, ақпан.

 

Өленді қайталап, жаттайды.

 

 

  Сергіту сәтін жасайды.

  Қыс құнар береді.

  Көктем дән береді.

  Жаз бастап, өсірсе,

  Күз жинап, береді.

 

  Мұғалім дұрыс көр-сетсе, балалар «ия дұрыс бұл - қыс мезгілі», дұрыс көрсетпесе, «жоқ дұрыс емес»- деп  жауап береді»

 

Балалар суретке қарап, қыс туралы әңгіме құ-райды: Қыс келді. Күн аяз. Қар жауды. т.б.

Рефлексивті–түзету

/Қорытынды/

 - Балалар бір жылда неше жыл мезгілдері бар?

 - Оларды атаңдар?

 - Қазір қай мезгіл?

- Балалар қыста қандай ойындар ойнайды?

 Мұғалім қоштасады.

 - Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.

 - Қыс, көктем, күз, жаз.

 - Қазір қыс мезгілі!
 - Шана тебеді, аққала жасайды....

мұғаліммен қоштасады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қыс туралы әңгімелей білу. Қыс мезігілің қандай ерекшеліктері бар екенің түсініп белу, қазақ тілінде айта білу.

Болу керек: Жыл мезгілдері туралы түсінік.

Істей білу керек: Сөздер арасында тақырыпқа сай емес артық сөздерді таба білу керек. Мұғалімнің айтқан сөзін түсіне білу және орындау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)