Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестерін жетілдіру

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестерін зерттеу

Кіріспе (өзектілігі) 

Бүгінгі заман талабына сай сапалы білім болу үшін әр оқушының танымдық процестері жақсы даму керек. Сынып оқушыларының танымдық әрекеттері бірдей емес. Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, оқу процесін құру педагогтың шеберлігіне байланысты. Ол үшін педагог жас ерекшеліктеріне қарай әдіс-тәсілдерді қолданып, таным процестерін зерттеу керек. Өз бетінше ойлайтын, дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін осы жаста танымдық процестерді дамыту өте маңызды.

Егер белгілі бір тақырыптарды үйретуге компьютер пайдаланса, онда  бейнелеу өнеріне бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесі тиімді болуы мүмкін, себебі:

  1. оны пайдалану мұғалім әрекеттерін оңтайландырады;
  2. қазіргі кездегі видеотехника құралдарын, түсті, графиктерді, дыбысты пайдалану арқылы жағдайлар мен ортаның айырмашылығын модельдеуге болады және оның барысында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттері дамиды;
  3. ол оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра түседі.

        Оқу, санау, жазу машықтарын игеріп барған баланың өзі, кейде ынтасы түсіп оқуға қызығушылығы болмайтын кездері болады. Оның негізгі себебі, сабаққа зейінін шоғырландыра алмай, селқос, салдыр – салақ, оқу материалдарын қалай болса –солай тыңдайтын, үй тапсырмасын өз бетінше орындау кезінде логикалық ойлауы, есте сақтауы, таным процестері өз дәрежесінде толық дамып, жетілмегендіктен, яғни оқу әрекетін меңгермеген деп есептелінеді.

  Зерттеу материалдары және әдістері:

- Бастауыш сынып оқушыларының танымдық танымдық процестеріне зерттеулер жүргізу әдістерін жинақтау;

- Бастауыш сынып оқушыларының танымдық танымдық процестеріне зерттеулер жүргізу;

- зерттеу нәтижелері бойынша алдын алу және дамыту жұмыстарын ұйымдастыру;

- баланың танымын дамыту, ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру, танып білуге қызығушылығы мен құштарлығын арттыру; 

- баланың сөйлеу тілі мен ана тілін таным және ойын әрекеті негізінде дамыту;

- баланың дұрыс дыбыстауын, байланыстырып сөйлеуін, қатынас мәдениетін, сауат ашу негіздерін игеруге даярлау;

- танымдық және ақпараттық құзыреттіліктерді қалыптастыру.

Нәтижелер және талқылау

Балаға берілетін сұрақтар үш түрлі болады:

Зерттелетін  пәндерге байланысты тікелей сұрақтар, мысалы: "Сен сурет салуды жақсы көресің бе?"

Мазасыздану,  үрейлену қауіпін бәсеңдететін жанама сұрақтар, мысалы: "Егер үстел үстінде  маркерлер  жатса сен не істер едің?"

 Диагностикалық интервью ұзаққа созылмауы және жалықтырмауы керек. Баланың жасына және диагностика міндеттеріне сай әртүрлі тәсілдерді  қолдану қажет. Осы мақсатпен ойыншықтар, қағаздар, қарындаштар, маркерлер қолданған дұрыс, өйткені балалар өз сезімін сөзбен сипаттай алмайды, оларға оны суретте көрсету оңай. Баламен алғашқы танысуды өткізген соң, психодиагностикалық тексеруді бастауға болады.

  Психодиагностикалық жұмыстардың негізгі принциптері:

Баланы диагностикалық тексеруге арналған мүмкіндігінше қысқа әдістемелік тәсілдер- экспресс әдістеме түрінде, бала тұлғасының белгілі бір сферасын тез зерттеуге  ыңғайлы болғаны дұрыс. Баланы диагностикалық тексеру алдында онымен алғашқы байланысты орнату үшін, кез келген тақырыпқа диагностикалық интервью жүргізу ұсынылады. Әдетте, мұндай сауалнамалар  төмендегідей құрылыммен ерекшеленеді:

кіріспе: баланы ынтымақтастыққа тарту, "көңілін көтеру"; баланың еркін сөйлеуі;

жалпы сұрақтар беру: " Сен өзің туралы маған бірдеңе айта аласың ба?»,  «Біз екеуіміз аздап таныс болдық. Енді мен мынаны білгім келеді. Сен балалармен қалай ойнайсың?» т.б

толық зерттеу: бала өзін еркін сезінетіндей жағдай жасау және балаға құрмет білдіре отырып, қорытынды жасау;

Күтілетін нәтиже

  • Бастауыш сынып оқушыларының танымдық  танымдық  процестеріне зерттеулер жүргізу әдістері жинақталады;
  • Бастауыш сынып оқушыларының танымдық танымдық процесстеріне зерттеулер жүргізіледі;
  • зерттеу нәтижелері бойынша алдын алу және дамыту жұмыстарын ұйымдастырылып,  жоспарланады;
  • зерттеу нәтижелерін басты назарға ала отырып, оқу – тәрбие процесі, әр баламен жүргізілетін жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылады.
  • Әр оқушыға диагностикалық  зерттеу картасы құрылады.

Балалардың жас ерекшелігіне сай әдістер таңдалады.

   Зерттелуші оқушыларға рет-ретімен есте сақтаулары үшін төрт топтағы сөздер беріледі.Мұғалім бірінші қатардағы сөздерді ретімен,арасына 4-5сек. салып оқиды.(дыбыстық есте сақтау) 10cек. соң оқушылар естерінде сақталған сөздерді жазады.10 мин. Кейін мұалім екінші қатардың сөздерін тақтаға жазады. Оқушылар үнсіз оқып, соңынан есте сақтағандарын жазады (көріп есте сақтау)  10 мин.соң оқушыларға үшінші қатардың сөздері беріледі:мұғалім сөзді оқиды, ал оқушылар осы сөздерді іштерінен қайталап жазады, содаң соң есінде қалғандарын қағаз бетіне түсіреді.(дыбыстық есте сақтау). Аз ғана үзілістен соң төртінші бағандағы сөздер беріледі. Бұл жолы мұғалім тақтада жазылған сөздерді оқиды,ал оқушылар әрбір сөзді сыбырлап қайталайды.      Содан соң естерінде қалған сөздерді қағазға түсіреді.(көру,есту, есте сақтау)1-2 сыныптарға 5 сөз,  3-4 сыныптарға 10 сөз

  Міне,осындай бірнеше танымдық процестерге байланысты зерттеулерді қолданғанда сұрақтар туындайды.Зерттеу не үшін қажет,мұғалімнің оқу үрдісінде қандай нәтижеге жеткізеді.Оны схема арқылы көрсетемін

    

 Қорытынды

  Алынып отырған жобаның тақырыбы, «таным» білім беру аймағын іске асыруда негіз бола алады. Балалардың танымдық процестерін зерттей отырып, баланы дамыту шараларын мақсатты түрде жүзеге асыру арқылы мектепалды даярлық сыныпта оқу – тәрбие үрдісін жүйелі түрде ұйымдастыруға, жоғарыда аталған мақсатқа қол жеткізуге болады. Сабақта ол мұғалімнің пікірін байқап, қадағалап отыруы және ізінше сәйкес қорытынды жасай білуі қажет. Егер балада құбылыстардың байланыстары мен қатыныстарын жалпыланған түрде анықтай алатын ойлау іс-әрекеті қалыптасса, осылардың бәрі қамтамасыз етіледі.

Қорыта айтқанда, мектепке психологиялық даярлық балаға сынып ұжымына енуге, ондағы өз орнын табуға, ортақ іс-әрекетке қосылуға көмектесетін оның тұлғалық сапаларын қамтиды.

Әдебиеттер:

  1. А. Аманжолова, Р.Ш. Абитаева Мектепалды және бастауыш сынып оқушыларының психологиялық және педагогикалық диагностикасы. Жезқазған, 2004 ж.
  2. Справочник писхолога ДОУ. Москва 2007г.
  3. Баланы мектепке даярлаймыз.
  4. Ата -аналарға арналған сөздік.
  5. Жас ерекшелік психологиясы. Қарағанды, 2005ж.
  6. Мектептегі психология. № 4, 2007ж
  7. Жас ерекшелік психологиясы. Қарағанды 2005ж.

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет

Жарнама