Тәуелсіздігімізге 25 жыл

Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданы
Ростовка тірек мектебі (ресурстық орталығы)
жанында ашылған шағын орталық «Ботақан» тобының
тәрбиешісі Солтан Жаңыл

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Тәуелсіздігімізге 25 жыл

Мақсаты: Еліміздің рәміздері туралы түсінік беру, оларды дұрыс атауға, сыйлап, құрметтеуге үйрету;

Рәміздердің авторларын әркез есте сақтауға үйрету;

Туған өлкеге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу;

Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту; тәуелсіз ел болғанмыз әуелі алланың, сосын батыр аға, апаларының ерілігімен келгенін біліп өсуге үйрету;

Рәміздерді үш тілде білуге міндеттеу;

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: ҚР-ның рәміздерінің суреті слайд т.б

Билингвалды компаниет: Рәміз-символ-symbol, әнұран-гимн-anthtm, елтаңба-герб-arm of coot, ту-флаг-flag.

Барысы:

Қонақтар жайғасып отырады, қолдарына ту мен сары, көк шар ұстап балалар ортаға шығады.

Тәрбиеші:

Армысыздар қадірменді ұстаздар, ата-аналар, қонақтар және еліміздің болашағы кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған ашық сабаққа қош келдіңіздер. Балалармен ағылшынша амандасады, балалар ағылшынша жауап береді. (хеллоу шилдрен, балалар-хай).  

 Ашық сабағымызды салтанатты түрде Әнұранымызбен ашайық. Әнұан айтылады. Балалардың қолындағы шар мен туды жинап алып, балаларды өз орындарына жайғастырып отырғызу.

Тәрбиеші:

Қонақтар мен ата-аналарға тест таратылады сабақтың соңында қорытынды жарияланады сұраққа толық жауап бергендерге тәрбиешінің атынан шағын сыйлық берілетінін айту.

1. Нұрсолтан Әбішұлы Назарбаев қай жылы тұңғыш президенттікке сайланды?
    1. 1991ж 16 желтоқсан
    2. 1990 ж 1 желтоқсан
    3. 1991 ж 1 желтоқсан

2. Тудың авторы?
     1. Шәмші Қ
     2. Жұмекен Н
     3. Шәкен Н

3. Қай жылдан бастап президент күні тойланды?
    1. 2010 жыл
    2. 2014 жыл
    3. 2012 жыл

4. Ата заң – Конституциясы қай жылы қабылданды
    1. 30.08.1995
    2. 30.08.1996

5. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды?
    1. Шілде 1997
    2. Қаңтар 1999
    3. Маусым 1997

6. Желтоқсан оқиғасында ерлік көрсеткендер кімдер?
    1. М. Шаханов,  Л. Асанова, С. Майғазиев
    2. Қ. Рысқұлов,  Л. Асанова, Сәбира
    3. Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Ербол

7. Президент сарайы қалай аталады?
    1. Конгресс-холл
    2. Ақ орда
    3. Алтын ортда

8. Ақшамыз - теңге қай жылы еңгізілді?
    1. 1995 13-қараша
    2. 1993 15 қараша
    3. 1996 16 маусым

9. Елтаңбаның авторы кім?
    1. Шота Уалиханов
    2. Шоқан Уалиханов

10. 2002 жылы қазақстанда қандай жыл болды?
    1. Абай жылы
    2. Денсаулық сақтау
    3. Мәдениетті қолдау жылы

11. 16 желтоқсан көтерлісі қай жылы болды?
    1. 1995 ж
    2. 1986 ж

Балаларға сұрақ қойылады.

1. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Ә Назарбаев)
2. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
3. Біз қандай елде өмір сүреміз? (тәуелсіз елде)
4. Тәуелсіздігімізге неше жыл толды (25 жыл)
5. Балалар айтыңдаршы егемендігіміздің белгісі не? (ту, елтаңба, әнұран) 3 бала  ағылшынша энзем, фләг, кот оф армс,  3 балаорысша флаг, гимн, герб жауап береді.
6. Тудың авторы кім?  (Шәкен Ниязбеков)
7. Елтаңбаның авторы? ( Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов.)
8. Әнұранның авторлары кім? (Н.Ә Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов әні. Ш.Қалдаяқов)

Мирас

Рәмізім - елдігімнің белгісі,
Білу керек баладағы ең кіші.
Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздеріді жатқа білген жөн кісі.

Жібек

Ел таңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада – аспан әлемі.

Дильназ

Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкерген

Мұхтар

Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім-сөйлер, сөзім,
Мың қайталап айтар әнім,
Жүрегіммен қайталадым.

Жалғас

Көк аспандай көгеріп,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.

Тәуелсіздік туралы слайд көрсету.

Балалар бүгіні Қазақ елін бір тудың астына жинап, біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен алаш арыстары:  (суреттері слайдтан көрсетіледі) Әлихан Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Шохай, Халел Досмұханов т.б Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды.  Сонымен қатар 1986 жылы 16 желтоқсанда елі үшін жанын қиған аға, апаларың Ләззәт А, Қайрат Р, Ербол С, Сәбира осыладың арқасында көк туымыз желбіреді. Үнсіздікпен еске алу. Олай болса «Ботақан» тобының  бүлдіршіндерінің  тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнаған өлең шумақтарын  тыңдайық.

Жантөре

Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.

Марғұлан

Бостандығым тұңғыш рет,
Ақ қанатын қаққан күн
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.

Дарина

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеде ел қуанып,
Шаттанып ән салған күн.

Мирас А

Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша,
Қуанышқа бөленген.
Өмір қандай тамаша.

Сұңғат

Отан деген - атамекен
Отан деген - туған жер
Отан - ана, Отан - үлкен
Қазақстан туған ел

Жанұзақ

Әлі де бостандық деп атар таңдар,
Ұшқыннан бар әлемге апарғандар,
Қайрат, Ләззәт, Ербол мен Сәбиралар,
Осылар - желтоқсанда қаһармандар.

Еркеназ

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,
Туған тілім шұбарланба жарқыра.
Тарихымызда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата-баба рухнына.

«Көрініс»

Әжесі мен атасы немересі үшеуі шәй ішіп отырады.

Немересі: Ата, апа неге ылғи сенің болашағыңды ойлаймыз, болашағың жарқын болсын дейсіздер?

Атасы: Е, е,е.. Балам, Біз не көрмедік десеңші (күрсініп апа көзіне жасалып)

Немересі: ата-апа өткен өмірлеріңіз қандай болды айтыңыздаршы маған?

Апасы: «Ата-бабаң не көрмеді дейсің (күрсініп) 1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы, 1930-1932 жылдардағы алапат аштық одан 1937-1938 жылдардағы ағаларымыздың жазықсыз жазаға ұшырауы... 1940 жылдағы ұлы Отан соғысы, 1986 жылы Тәуелсіздік жолында жастарымыз ереуілге шықты. Міне өткен өмір.»

Атасы: Еліміз өз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болдық. Бұғанда тәуба, балам. Сенің болашағың жарқын болсын, құлыным. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай концерт болады екен соны барып көрейік  жүріңдер. (шығып кетеді үшеуі)

Суретпен жұмыс бастауыш сыныптың балалары көрініс көрсетіп жатқанда балалар шуламау үшін тудың суреті салынған парақ таратылады балалар алдарындағы суретті бояп шығуы керек.

Тудың түсін, формасын, қандай сурет бейнеленгенін сұрап, бояған суреттерін қонақтарға көрсету.

«Отаным» әнімен сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында уәде еткендей жеңімпаздарды анықтау.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай балаларға, қонақтарға тәрбиешінің атынан шағын сыйылық таратылып сабақты аяқтау.


Пікірлер (2)

janilsoltan

Құрметті сайт қолданушылар келіп жеткен жаңа жылдарыңыз табысты жыл болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын бастысы дендеріңіз сау болсын!!!

Арайлым

Рахмет! Бірге болсын! Барлықтарыңызға амандық тілеймін!

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет

Жарнама