Өлең, жыр, ақындар

Ғажайып пішіндер

Шымкент қаласы, №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектеп 
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Уайсова Асем Койшимановна

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық түсінітерін қалыптастыру
Мақсаты: Геометриялық пішіндер және олардың түстері туралы түсініктерін бекіту.
Дамытушылық: Балалардың дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап,
Көрнекілік-құрал: Үлестірмелі пішіндер, қонжық, көжек.

 

Іс-әрекет бөлімі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер:
Қолды көкке созайық,
Сәлемдесіп алайық.
Оқу, білім сарайын
Кәне, бірге ашайық.

Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын мәнерлеп айтып береді.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сюрприздік кезең

Балалар біз бүгін сендермен саяхатқа аттанамыз. Қайда екенін жұмбақ жауаптарын тапқаннан кейін білетін боласыңдар.

Жұмбақ жасыру

Атына сай балалар,
Үш бұрыш, үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар?

- Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл үшбұрыш. Үшбұрышты ауада салайықшы.

- Үшбұрыш неге ұқсайды екен?

Төрт бұрышы бар, төрт қабырғасы бар.
Бұл қай пішін?
- Ия, дұрыс. Төрт бұрыш неге ұқсайды екен?
- Ауада салайық.

Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар?
- Өте жақсы
- Дөңгелек неге ұқсайды?
- Өте жақсы балалар.
Ал, енді дөңгелекті ауада салайық.

- Жарайсыңдар, балалар, жұмбақтардың шешуін дұрыс таптыңдар, ал осы дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрышты екі сөзбен қалай айтуға болады?

- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз сендермен «Ғажайып пішіндер» еліне саяхатқа аттанамыз. Бірақ, онда бару үшін бірнеше тапсырманы орындауларың керек. Сендердің алдарыңда санау таяқшалары жатыр. Солардан төртбұрыш құрастырыңдар.

- Қандай пішіндер құрастырдыңдар?

- Енді көзімізді жұмып, алыс-алыс көлдерден, биік-биік таулардан өтіп, пішіндер еліне аттанайық. Көзімізді ашайық. Міне келіп жеткен сияқтымыз. Естідіңдер ме, біреу келе жатқан сияқты.
Сыныпқа ойыншық қонжық пен көжекті кіргізу. Біріне дөңгелек, екіншісінде төртбұрыш пішіндері бар қалпақтар кигізілген.

- Балалар, бұл «Ғажайып пішіндер» елінің тұрғындары екен. Біздің келе жатқанымызды естіп, күтіп алмақшы болыпты. Мұнда өздерімен бірге қапшықтары да бар. Ішінде не бар екен?

Сергіту сәті.

Бойды сергек тік ұста
Емін еркін тыныста
Деміңді ішке тез алда
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үш бұрыш сыз ауада
Сол қолың да бос тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.

- Балалар, қонжық пен көжек сендермен ойын ойнағылары келіп тұр екен, ендеше «Ғажайып пішіндер» ойынын ойнайық.

Дидактикалық ойын ойнату.

Шарты: геометриялық пішіндерден әртүрлі заттар құрастыру.

- Жарайсыңдар, балалар, енді кім не құрастырғанын әңгімелеп берсін.

Құстарға ұя жасайық,
Үстіне қойып үшбұрыш.
Әдемі үйшік болады,
Астына қойсаң төртбұрыш
Құс келсін десең ұяға
Дөңгелек қой ортаға.

- Мен қандай затты құрастырдым?
- Балалар, біз мұнда біраз болдық, енді қайтайық.
- Көзімізді жұмайық қайта кері қайтайық.
- Міне, сыныбымызға қайта келдік.
- Саяхатымыз ұнады ма?

Жұмбақтар жауабын табуға тырысады.

 

Үшбұрыш

 

 

Ауада салады.

Үй шатырына,тауға, т.б.

 

Төртбұрыш

Терезеге, үй қабырғасына, т.б.

Ауада салады.

 

 

Дөңгелек

 

Допқа, шарға, дөңгелек, сақина, т.б.

Ауада салады.

 

Геометриялық пішіндер

 

 

 

 

Балалар тапсырманы өз орындарында отырып орындайды.

 

Жауап береді.

 

 

Көздерін жұмып, көз алдына елестетеді.

 

 

 

Қапшықтан бір-бір пішінен алып, аттарын және түсін атайды.

 

 

 

Қимылмен көрсетеді.

 

 

 

Ойын ойнайды.

 

 

Оздерінің жасаған жұмыстары жайлы әңгімелейді (не жасады, қандай пішіндерді қолданды және олардың санын айтады. Мысалы: Аққала-көк түсті дөңгелектер 3, сопақшалар саны 2. т.б.)

 

Құс ұясын.

 

Қонжық және көжекпен қоштасады.

Көзерін жұмып,сөздерді қайталап, көздерін ашады.

Қорытынды

- Балалар, тағы бір ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар?

- Ендеше «Қайсысын жасырдым?» ойынын ойнайық.

Шарты: тақтаға үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек пішіндер ілінеді. Балалар екі секунд ішінде пішіндерді естеріне сақтап алулары керек. Көздерін жұмғызып, бір пішін тығып қойылады. Ал балалар сол жасырынған пішінді анықтайды. Ойынға тағы бірнеше пішіндерді қосып, күрделендіре түсуге болады.

- Балалар, бүгін біз сабақта не істедік?

- Сабақ сендерге ұнады ма? Ұнаса, басбармақтарыңды жоғары көтеріңдер, ал егер ұнамаса, төмен қаратыңдар.

- Несімен ұнады (ұнамады)?

Мақтау, мадақтау, белсенділіктері үшін бәріне смайлик пішініндегі төсбелгілер сыйлау.

 

 

 

Ойын ойнайды.

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

Басбармақпен бағалайды.

 

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Геометриялық пішіндерді біледі.
Нені игереді: Әртүрлі геометриялық пішіндерден түрлі заттар құрастыруды.
Нені біледі: Жұмбақтардың шешуін, тақпақтар біледі.


Пікірлер (2)

Берикулы Саят

Привет а где музыка

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз