Менің отбасымнан алған тәрбием

Ақмола облысы, Целиноград ауданы
Семеновка ауылы
№11 негізгі мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Касымова Жанар Кусегеновна

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасымнан алған тәрбием

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, отбсындағы дұрыс тәрбие туралы жан-жақты түсініктерін кеңейту, адам бойындағы жақсы қасиеттер мен  мақал-мәтелдермен танысып, оларды сөйлеу, сөйлесу барысында қолдана білуді  меңгерту.

2. Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын байыту.

3. Тәрбиелік: Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылықты ояту

Сабақтың технологиясы: жаңа технологиялар элементтерін қолдану

Сабақтың әдісі: сипаттау, мақал мағынасын айту, мәтінмен жұмыс, жағдаяттық сұрақтарға жауап беру.

Сабақтың түрі: танымдық

Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, сөйлесу, іздендіру

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, портрет, мақал-мәтелдер, плакат, асықтар, ұлттық бұйымдар, электронды оқулық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
.(Амандасу, кезекші мәліметін тыңдау)

ІІ. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
Отбасында алған тәрбиенің адам өміріндегі маңызы зор.Бала отбасында әкеден қамқорлық, анадан мейірім көріп өсу керек.  «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді. Қазақ отбасында үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ата-ананы құрметтеу – басты орында тұрады. Бала бойына жақсы қасиеттерді дарыта білу – ата-ананың асыл парызы. Бүгінгі сабағымызда екі топқа бөліне отырып, мақал-мәтелдер, мәтінмен жұмыс жасау, жақсы қасиеттерді сипаттап сөйлемдер құрау, түрлі тапсырмалар орындау арқылы сөздік қорымызды байытып, тілімізді дамытып, бойымызға жақсы қасиеттерді сіңіретін боламыз.

ІІІ.  Жаңа тақырып
Бәріміз бірге 1-тапсырма бойынша нақыл сөзден ғибрат алайық!
 

Мен үш қасиетімді мақтан тұтамын. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым  һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
                             Ақан сері

Яғни Көкшетау өңірінен шыққан қазақтың ұлы әншісі, композиторы Ақан серінің қандай жақсы қасиеттері бар:
1. Жалған (өтірік) айтпайды
2. Жақсылықты сатпады
3. Ешкімнен ештеңені қызғанбады
Бұл Ақан сері бабамыздың отбасынан керемет тәрбие алғандығының дәлелі.
2- тапсырма. Берілген жақсы қасиеттермен сөйлемдер құрау.
Өтірік айтпау, жақсылықты сатпау, уәдеде тұру, қарапайымдылық, инабаттылық, сыйластық, ата-ананың айтқанын уақытында орындау, сыпайылық, сабырлылық, ештеңені қызғанбау, анаға ауыр сөз айтпау, әкенің тілін алу, ата-анаға қарсы шықпау, біреудің ала жібін аттамау
(Әр сөйлемге қоржыннан бір асықтан алынып, топ қобдишасына салынып отырады)

3- тапсырма
Интерактивті тақтада мақал-мәтелдердің жалғасын дұрыс тауып жазу.
(Әр дұрыс жазылған мақал-мәтелге қоржыннан бір асықтан алынып, топ қобдишасына салынып отырады)

4-тапсырма
Мәтінмен жұмыс:
1. Мәтінді түсініп оқу (1 топ – әже тәрбиесі туралы бөлімі: қазақы оюлармен тігілген көрпе-жастықтарды жасауы)
    (2 топ – әке тәрбиесі туралы бөлімі: қазақы оюлар түскен зергерлік бұйымдарды жасауы)

2. Мәтінді фишбоун әдісімен талдау (плакат, маркер) екі топтың өз жұмыстарын қорғауы. (Сөйлемнің қатесіз құрылуы мен мағынасын ескере отырып, ұпай беру)

3. Ою аттарына фонетикалық талдау жасау. Қошқармүйіз, түйетабан
(Әр топқа 20 асықтан бөлініп, жіберілген әр қатеден бір асық алынып отырылады)

Енді осы сабақтан бір нәрсе алдым, үйрендім дегендерің қызыл түсті,  жалықтым, шаршадым дегендер сары түсті қағазды алыңыздар. (Ою ойып үйрету)

Топтар асықтарын санап, жеңімпаз топты анықтау.

ІХ. Сабақты қорытындылау.
Х. Бағалау.

ХІ. Үй тапсырмасы:
«Отбасы тәрбиесі» тақырыбына шағын шығарма жазу


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)