Кітап

ТӘУЕЛСІЗДІК

Тәуелсіздік! Осы сөз қымбат маған,

Түбі терең, тұңғиық, сыр сақтаған.

Бұл сөзде тарихым ның іздері бар

Кешегі желтоқсанда мұз боп қалған.

Тәуелсіздік! Аңсады сені бабам,

Сен үшін құрбан болды қанша адам.

Ұл-қызынан айрылып, зарлады ғой

Аяғымен қан кешкен сорлы анам.

Тәуелсіздік! Қиналып жеттік саған,

Сені маған сыйлады Қайрат ағам.

Әлемнің бар байлығын жиса дағы

Тәуелсіздік бәрінен қымбат маған!

Тәуелсіздік! Бүгінде мендей балаң

Өзіңді өлеңменен жырға салған.

Мәңгілікке орныққын төрімізге,

Ешқашан қайғырмасын енді далам!

 

 

МЕН БАҚЫТТЫ БАЛАМЫН

Өте бай тілім бар, ислам дінім бар,

Ақылды басшым бар, «Ата заңым» бар,

Елімнің тәуелсіздігін растайтын

Әнұраным, елтаңбам, туым да бар.

 Дамыған - заманым, дербес - қоғамым,

Тыныш - өмірім, тәуелсіз – Отаным.

Жылуын сезінген байтақ даланың

Бүгінде мен нағыз бақытты баламын!

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)