5 санымен таныстыру: сол жақта, оң жақта, ортасында

Курмалакова Светлана Нурмухановна
Ақтөбе облысы, Темір ауданы
"Айгөлек балабақшасы

Білім саласы :Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: 5 санымен таныстыру сол жақта, он жақта, ортада

Мақсаты: білімділік: 5 саны және цифрымен таныстыру, нүктелерді қосу арқылы 5 цифрын салып үйрену, заттың орналасқан орнын сөзбен айтып үйрену (сол жақта, оң жақта, алдыда, артында, жыл мезгілі туралы өткенді пысықтау қыс

Дамытушылық: заттардың кеністіке орналасуын аңықтай білу дағдылары

Тәрбиелік: шапшандылыққа.

Көрнекі құралдар: әр баланың қолында тіктөртбұрыш, шаршы, мен үшбұрыштың сүреті салынған карточка, олардың түсі мен көлемі әртүрлі болу мүмкін.

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 Мотивациялық қозғаушы

1-тапсырма. Суретпен жұмыс.

Ағашта бес қарға отыр, оған тағы біреуі

Ұшып келіп қосылды.Нешеу б олды.

Педагог тапсырма бойынша сұрақтар қояды.

   - Шатырда неше қарға бар?

   - Олар қалайша бесеу болып кетті?

   - қайсысы артық ; 4 пе, 5 пе?

Бесеу.

 

Алғашында төрт қарға болатын, сосын

Оған тағы біреуі келіп қосылды.

Сонымен бесеу болды.

 

   Бестің төртте біреуі артық.

 

                                                             Іздену –

ұйымдастырушысы

2- тапсырма.

Педагог балаларға өлең оқып береді:

Жақсы оқыған балаға,

Қойылатын бұл баға.

Барлық бала ізденіп,

Алады «бестік»баға тек.

Педагогбалаларға 5 цифрының 

Сандық қатардағы орынын анықтап,5 саны қаншаны білдірсе, сонша моншақ бояуды тапсырады.Сонда соң өзге цифрлардың арасындағы бестіктерді тауып,оларды қоршап сызуды сұрайды.

Үлестірмелі материяалмен жұмыс.

Педагог алдымен балаларға

Карточкадағы фигураларды саусақпен

Сызып шығуды ұсынады.Содан кейін

Дәл сол фигуралар салынған кестені

Көсетеді.Бірақ олардың түсі мен көлемі 

Балалардың қолындағыға қарағанда өзгеше»Менде үлкен сары үшбұрыш

Жоқ,сендерде ше?»

Және т.б.сұрақтар қояды.2-3 баладан

Шақырып,өздерінің  қолындағы белгілі

Бір фигураның түсі мен көлемін (үлкен,кіші)атап беруді өтінеді .

3-тапсырма

Педагог балаларға сұрақтар қояды және

Тапсырма береді

-Текшелер қайда жатыр?

-Кереует қайда тұр?

-Доп қай жерде жатыр?

 

Педагог балаларға мынадай тапсырма

Береді:

-Оң жақтағы заттарды сары

Қарындашпен,ортадағыны қоңырмен,

Сол жақтағыларды көгілдір түспен,

Ал кереуеттің астында жатқан затты қызылмен бояндар.

 

Педагог қыс туралы өлең оқиды:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр,мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.( Абай)

-Бұл өлең де ақ киімді,денелі ақ сақалды

Адамға нені тенеп отыр?

 

 

 

 

Балалар 5 цифры туралы өлең жаттайды.

 

 

Балалар бес моншақты

Бояйды.

 

 

Балалар тапсырманы орындайды.

 

 

Балалар тапсырманы орындайды:

Менде кішкентай көк үшбұрыш бар...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сұрақтарға жауап береді:

Текшелер төменгі сол жақ бұрышта жатыр.

Кереует-ортада.

Доп кереуеттің астында жатыр.

 

 

 

 

 

Балалар заттарды бояйды.

 

 

Балалар жұмбақтың шешуі табады.

 

Қысты.

 

       Рефлексифті - коррекциялаушы

-Балалар сендердін сол жақтарында

 Не бар.?

-Ал оң жақтарында ше?

Педагог сабаққа белсенді қатысқаны үшін

Балаларды мақтайды.

Өзін-өзі бакылау және өзі атқарған

Жұмысқа баға беру.

Балалар сұраққа жауап

Береді.

Балалар өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады

Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: 5 цифрын қыс мезгілінің ерекшеліктерін біледі.

Игеру керек:  Заттын орналасқан орының сөзбен баяндауды сол жақта оң жақта ортада.

Меңгеру керек: 5 саны мен цифры туралы түсінікті меңгерді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)