Өлең, жыр, ақындар

Paint графикалық редакторы

   Сабақ 15

   Paint графикалық редакторы

«Социалистік Еңбек ері Құдыс Әбсәметов атындағы мектеп» МДШО бар орта мектеп

   Күні: 14.12.2012

Каланова Лаззат Нуруллаевна

   Сынып: 5 а

Қатысқандар саны:  11

Қатыспағандар саны:0

   Сабақ негізделген оқу мақсаты

 

Оқушыларға Paint графикалық редакторы туралы түсінік беру, іске қосу, графикалық редактордың жұмыс істеу мүмкіндіктерін үйрету.

Оқу нәтижелері

   Барлық оқушылар

   Редакторды іске қосуды, жұмыс жасауды үйренді.

Оқушылардың басым бөлігі

   Мүмкіндіктерін пайдалана білуді үйренді.

Кейбір оқушылар

   Күрделі суреттерді салуға болатынын және дайын суреттерді өзгертіп жұмыс істеуді үйрету.

Алдыңғы оқу

Бейнелеу өнері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған  жаттығулар

 

 

Басталуы

 

 

 

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Сабақ алдында бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Мен ақылдымын!
Мен бәрін білгім келеді!
Мен бәрін үйренгім келеді!
Түстерді таңдау арқылытопқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді қайталау. Жасырылған құрылғыларды 3 тілде айтулары керек.

Сөзжұмбақ

Сөзжұмбақ арқылы бүгінгі сабағымызды анықтау.

 

 

Ортасы

 

 

Жаңа сабақ

ДК –нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Paint графикалық редакторы дегеніміз не? Бұл редактор растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі түсті нүктелерден – пикселдерден тұратын)  жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі (өлшем). Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.

Paint бағдарламасын іске қосу Пуск=> Программы=>Стандартные=>Графический редактор Paint.

Редактор:

1. Құрал – саймандар мен бояуларды қодана отырады;
2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;
5. Схемаларды сызуға және т.б мүмкіндік береді.

№1 тапсырма І - топ

1. Берілген  фигуралардан  жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал.

Бір көзіңмен «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді

«Қарап ал маңайға» дейді (бағдаршам)

№1 тапсырма: ІІ-топ

1. Берілген  фигуралардан жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал.

Ұзынды-қысқа қос тіл

Он екі цифрмен дос бұл. (Сағат).

 

 

Аяқталуы

 

 

 

Кері байланыс   сұрақ – жауап (5 мин.)

Перфокартамен жұмыс.

Құралдардың аттарын жазып шығу.

Мозайка жинау.

Үйге тапсырма:

“Paint графиктік редакторы” тақырыптарын оқып, мазмұндау.

Таратылған карточкалар бойынша қандай сурет салатындарын ойластырып келу.

 

 

   Тексерген:


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер