Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі

Ата-аналар жиналысының жоспары

Мектеп: Жамбыл ауданы Айтуар негізгі мектебі

Сынып: 5-7 сынып ата-аналары

Мерзімі: 29 қыркүйек

Ата-аналар саны:____________

Мұғалім: Бокушева Айнаш Нуржановна

Ата-аналар жиналысының жоспары: Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі.

 

   Мақсаты: Жас ұрпақты тәрбиелеуде мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жүзеге асыру жолдарын түсіндіру.

   Міндеттері:

   – Ата-аналарға «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының маңыздылығын түсіндіру.

   –  Әр бір ата-аналарды  «Өзін–өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру Бағдарламасы негізінде өз баласының бойындағы құндылықтарды  жете түсінуге дағдыландыру.

   –  Әр ата-анаға бала тәрбиесінде өз міндеттерін жете түсініп әр балаға (қыздар тәрбиесі, ұлдар тәрбиесі) сүйіспеншілікпен дұрыс мінез-құлық қалыптасыру мақсатында мектеппен және сынып жетекшімен бірлесе қызмет атқаруы ұсынылады. 

Ресурстары(пайданылған материалдар көзі)

   Жоспар

   1. «Өзін–өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру

   Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері. (сана, сананың құрлымы, сана арқылы оқыту)

    2. «Өзін –өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының  аксиологиялық негіздері.

   3. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналар рөлі (қыздар тәрбиесі, ұлдар тәрбиесі)

Ата-аналармен жиналыс барысы Тыныштық сәт: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 

  1. «Өзін –өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру

бағдарламасында тұтас тәрбие мен білім беру үдерісінің  рухани негізін қалпына келтіру мақсатында  жүргізіледі. Қазіргі қоғамда адамзаттың дамуы үшін «руанилық» ұғымы материалдық шынайлықтан маңызы кем түспейді. Бұл білім мазмұнына оқушылардың жоғарғы рухани-адамгершілік болмысын ашуға және толық адам болып қалыптасуына ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы оларды белсенді оқу танымдылық әрекетке ынталандыруды және оны ұйымдастыруды, сол сияқты ойы, сөзі және ісі бір жерден шығатын  кемел мінезді адам тәрбиелеуді мақсат ететін педагогикалық үдеріс. Рухани – адамгершілік білім беруде оқушы, мұғалім, ата-ана өзара қарым – қатынасына негізделген, онда тек оқушы ғана емес, өзіндік рухани ізеніс субектісі ретінде мұғалім мен ата-ананың өзінеде өзгеріп жүру керек.

Адам санасының құрлымы. Бес сезім мүшесі арқылы түпкі санаға түсетін ақпараттық психоэмоционалды  реңге ие болуы.Қазіргі кезде оқушыларға ақпаратты қалай дұрыс қабылдау керек екендігі үйретілмейтіндігінде.Жағымды қабылдай білу.

Мысал ретінде ата-аналарға екі қағазды көрсету. Бірінші аппақ қағаз, екіншісінің ортасында қара нүкте көрсетілген.

Ата-аналардың ойын тыңдап, түсіндіру.

Жалпыадамзаттық құндылықтарға жалпылама шолу.

. Ата –ана үшін бірінші орында әрдайым бала тұру керек.  Бала  бойында адамгершілік құндылықты дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйісеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінген ата-ана, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды өз өмірлерінде сүйіспеншілікпен таратса, сол ата- аналарды нағыз білімді ата- аналар  деп атауға болады. Терезе ананың 10 өсиетін оқу

«Соқыр ана» фильмін көрсету. Қай құндылық терең көрсетілгені жайында сұраймын.

Топтық жұмыс. Ата-аналарды 2 топқа бөліп,

 І топқа материалдық құндылықтар туралы ойларына кластер жасау, ІІ топ рухани құндылықтар туралы ойларына кластер жасауға тапсырма берем.

  Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше. Бала

 тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. Бала үшін ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер- жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Қазақта ұл баламен қыз баланың тәртібіне, тәрбиесіне байланысты мынадай дана сөз бар «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген. Сондықтанда әке де, шеше де, балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшелерді жете білген жөн.

Януш Корчактың ата-аналарға арналған 10 өсиеті.

Үйге тапсырма: «Звездочка на земле» фильмін көру.

Жиналыстың қорытынды сәті.

 Топпен ән айту Р.Әлғожаның

Қос бәйтерегім 
Әкешім дана болған биік шыңым, 
Үйреткен мына өмірдің барлық сырын. 
Жер бетін кезгенменен, сендердің көздеріңнен, 
Төгілген жылылықты ешкімнен сезбедім мен. 2рет 


Анашым ақ сүт беріп мәпелеген, 
Кешірген көп кетсе де қате менен. 
Анамның алақаны, әкемнің қарағаны, 
Ұқтырды біз екенін бақытқа балағаны. 2рет 


Сендердің арқаларың жүргеніміз 
Алаңсыз бұл өмірде күлгеніміз 
Менің қос бәйтерегім сендерсіз қайтер едім 
Әрқашан бірге болсақ түгел ғой бар керегім.2рет 

Ата-аналардың жиналыстан алған әсерлерімен бөлісу.

Ата-аналар өз тілектерін білдіру үшін стикерге жазып  тақтада ілініп тұрған ағашқа іледі.

 

Мұғалім_________________________________

Директор______________________


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)

Пікірлер